Абай-бізді? ?лтты? ?ранымыз! Абай ??нанбай?лыны? ту?анына 170 жыл


Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: «Абай-біздің ұлттық ұранымыз!»Абай Құнанбайұлының туғанына 170-жыл
Мақсаты:
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев туралы тереңірек меңгеру, өмір жолы мен шығармашылығын, өлеңдерін, қара сөздерін таныту.
Абайдың даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттау, құрмет ету, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрініс: Домбыраның үні.(күй «Құрманғазының көңіл толқыны») Сахнада Абай өлең жазып отырады.Үстел үстінде ескі май шам және құс қауырсынынан жасалған қалам мен шыны құтыда сия. Абай сәлден соң орнынан тұрып өлең шумақтарын оқып, сахнадан шығып кетеді.
Нұртілеу
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың. Жақсы менен жаманды айырмадың, Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың.
Мұғалімнің сөзі:
-Құрметті қонақтар мен оқушылар! «Абай –біздің ұлттық ұранымыз!» атты сыныптан тыс тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Абай есімі - қазақ халқының ұлттық санасының оянуы мен рухани қайта жаңғыруының , қоғамның озық күштерінің өркениеттілікке ұмтылысы мен әлеуметтік әділдіктің символы. Абай Құнанбаевтың қалдырған өшпес әдеби мұрасы қашан да түн қойнауынан нұр сәулесін шашқандай халқына құрмет етуде.
Абай перзенті бар халық –бақытты халық.
-Өнегелі өнер дегенді айтқанда халқымыздың тарихының биік шыңына шыққан жалғыз дара тау ағашындай Абай есімі ауызға ілінеді. Абайдың мұрасы – қазақтың ең қасиетті қазынасы. Замандар ауысып, дүние дидары өзгерсе де, халқымыздың Абайға деген көңілі айнымайды, қайта уақыт өткен сайын оның ұлылығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға түседі. Абай өзінің туған халқымен мәңгі-бақи бірге жасайды, ғасырлар қалың елін, қазағын биіктерге, асқар асуларға шақыра береді.
1
Абай Құнанбайұлы Семей облысындағы Шыңғыс деген тауды жайлаған Тобықты руының ішінде 1845 жылы тамыз айының
10-жұлдызында дүниеге келіп, 1904 жылы шілденің
6 -жұлдызында дүниеден өтті. Абайдың әкесі Құнанбай өз кезеңінде беделді адам болған. Абайдың анасы Ұлжан –ақылды, мейірімді кісі екен. Абайды әжесі  Зере тәрбиелеген. Ол ИбраҺимді еркелетіп, «Абай» деп атаған. Абай әжесі Зере мен Ұлжандай аналарының тәрбиесінде болады. Олардың қызық әңгімелерін жалықпай тыңдайтын. Абай бала кезінде әкесі Құнанбай ел басқару жұмысымен  жүреді. Абайдың бойына әкесінің батылдығы, алғырлығы дарыған.
Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар
Содан қашық болу керек
Әуелі - надандық
Екіншісі - еріншектік
Үшіншісі - залымдық
Абай Құнанбайұлы
7-слайд Абай Құнанбайұлының дүниеге келуі 1-бөлім
«Көзімнің қарасы» әнін дауысын қосып көрсету
«Абай ауылына саяхат»
21-слайд «Абай қазақ даласының сұңқары»
22-слайд Абай өмірі мен шығармашылығы 2-бөлім
23-слайд Абай өмірі мен шығармашылығы 3-бөлім Әйгерімге үйленуі
Оқушылардың өлеңдері тыңдалады
1-оқушы Ернар: Егер сіз жақсылық пен жамандықты, әділдік пен қиянат туралы білгіңіз келсе, Абайды оқыңыз!
2-оқушы Нұрсұлтан: Адамгершілік пен арлылық , махаббат пен залымдық туралы білгіңіз келсе, Абайды оқыңыз!
3-оқушы Сымбат: Өлім мен өмір, адам жанының қалтарыстарын, қатпар - қатпар сырларын білгіңіз келсе, Абайды оқыңыз!
4-оқушы Керей: Тіршіліктің мәңгілік сауалдарына жауап іздеп, ғаламның 18 мың құпиясын білгіңіз келсе, Абайды оқыңыз! 2
5-оқушы Ислам: 3-сынып
-Абай –ұлы ойшыл, Абай - дана, Абай –дара. Абай шығармашылығы дербес даралық шыңына жеткен, ұлттық сөз өнерінің дәстүрлерімен, дүниетанымдық және мәдени үрдістермен тығыз байланысты халық рухының көрінісі болып табылады. Абай ұлы ақын, өнердің бір туар иесі дегенге оның поэзиясына, бүкіл әдеби, музыкалық,шығармашылық мұрасына тән жаңашылдықты айтамыз
6-оқушы Ақерке: « Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,Жоқ –барды, ертегіні термек үшін.Көкірегі сезімді, тілі орамды,Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар,Көңілінің көзі ашық, сергек үшін.7-оқушы Нұрахмет : «Күз» өлеңі
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан. Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,Жапырағынан айрылған ағаш, қурай
8-оқушы Аягөз: «Шегіртке мен құмырсқа» мысал
Шырылдауық шегіртке
Ыршып жүріп ән салған
Көгалды қуып гөлайттап
Қызықтап жүріп жазды алған
9-оқушы Меруерт: «Желсіз түнде жарық ай» өлеңі
Желсіз түнде  жарық, ай,Сәулесі суда дірілдеп.Ауылдың жаны терең сай,Тасыған өзен күрілдеп.3
10-оқушы Нұркәрім : «Қараша, желтоқсан мен ол бір екі ай» өлеңі
Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай,Қыстың басы бірі ерте, біреуі жәй.Ерте барсам жерімді жеп қоям деп,Ықтырмамен күзеуде отырар бай. Кедейдің өзі жүрер малды бағып,Отыруға отын жоқ үзбей жағып.Тоңған үйін жылытып, тонын илеп,Шекпен тігер қатыны бүрсең қағып.
11-оқушы Аягөз :« Жаз» өлеңі                                                
Жаздыгүн шілде болғанда,Көкорай шалғын, бәйшешек,Ұзарып өсіп толғанда;Күркіреп жатқан өзенге,Көшіп ауыл қонғанда;Шұрқырап жатқан жылқыныңШалғыннан жоны қылтылдап,Ат, айғырлар, биелерБүйірі шығып, ыңқылдап,Суда тұрып шыбындап,Құйрығымен шылпылдап,
Арасында құлын-тайАйнала шауып бұлтылдап.Жоғары-төмен үйрек, қазҰшып тұрса сымпылдап.Қыз-келіншек үй тігер,Бұрала басып былқылдап,Ақ білегін сыбанып,Әзілдесіп сыңқылдап.
12-оқушы Маржангүл : «Қыс» өлеңі»
Ақкиімді, денелі, ақсақалды,Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,Басқан жері сықырлап, келіп қалды.Дем алысы — үскірік, аяз бен қар,Кәрі құдаң — қыс келіп, әлек салды.Ұшпадай HYPERLINK "http://mtdi.kz/" \l "_ftn2" \o "title"   бөркін киген оқшырайтып,Аязбенен қызарып ажарланды.Бұлттай қасы жауып екі көзін, 4 Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,Алты қанат ақ орда үй шайқалды
13-оқушы Сайын : «Адам болам десеңіз» өлеңі
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба.
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ
Еріншек, бекер мал шашпақ-
Бес дұшпаның білсеңіз
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой-
Бес асыл іс көнсеңіз.
14-оқушы Серікгүл : «Білімдіден шыққан сөз» өлеңі
Білімдіден шыққан сөзТалаптыға болсын кез.Нұрын, сырын көругеКөкірегінде болсын көз.Жүрегі - айна, көңілі - ояу,Сөз тыңдамас ол баяу.Өз өнері тұр таяу,Ұқпасын ба сөзді
15-оқушы Гүлназ : «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңі
Әсемпаз болма әрнеге
Өнерпаз болсаң,арқалан
Сен де –бір кірпіш дүниеге
Кетігін тап та, бар,қалан!
Қайрат пен ақыл жол табар
Қашқанға да қуғанға
Әділет, шапқат кімде бар,
Сол жарасар туғанға
5
16-оқушы Айсұлу : «Құлақтан кіріп бойды алар» өлеңі
Құлақтан кіріп бойды алар
Әсем ән мен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй
Дүние ойдан шығады,
Өзімді өзім ұмытып
Көңілім әнді ұғады
Жүрегім бойды жылытып
17-оқушы Ауған : «Өлең сөздің –патшасы» өлеңі
Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы
Қиыннан қиыстырар ер данасы
Тілге жеңіл,жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы
Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,
Ол- ақынның білімсіз бишарасы
Айтушы мен тыңдаушысы көбі –надан,
Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы
18-оқушы: Аягөз өзі шығарған өлеңі
19-оқушы Нұртілеу өздері шығарған өлеңдері
Ән: 2-сынып «Көзімнің қарасы»
26-слайд Абай өмірі мен шығармашылығы 4-бөлім Абайдың қара сөздері
Мұғалімнің сөзі
Абайдың 45 қара сөзі бар. Абайдың қара сөздерінің стилі, оларға тән ой ұтқырлығы, шешендік мәселеге зер салсақ, мұндағы шешендік дегеніміз, әйтеуір, сөзді қалай сұлулап, көрікті етіп өрнектеп айтуға ұмтылу емес, ойдың тереңдігімен, астасып келетін шешендік  тәсілдер қолдана білу екенін айқын аңғарамыз.
Оқушылардың қара сөздерін тыңдау
Диана, Аружан, Әлиайдар, Дана
(Үнтаспадан жетінші, отыз алтыншы қара сөздері тыңдалады.)
Жетінші, отыз алтыншы сөздері
6
Көрініс 4-сынып оқушылары Ауған, Айсұлу, Нұртілеу, Аягөз
Он жетінші қара сөз
Автор: Өзім оқимын Қайрат , ақыл, жүрек үшеуі таласып келіп, ғылымға жүгініпті.
*Қайрат айтыпты:
-Ей, ғылым дүниеде еш нәрсе менсіз кәмелетке жетпейді. Әуелі өзіңді білуге, ерінбей , жалықпай үйрену керек, ол –менің ісім. Дүние, абыройды еңбексіз табуға болмайды. Орынсыз, болымсыз нәрсеге үйір қылмай , бойды таза сақтайтұғын мен емес пе? Осы екеуі маған қалай таласады? –депті.
*Ақыл айтыпты:
-Не пайдалы, не зиянды болса, білетұғын –мен. Менсіз пайданы іздей алмайды екен, залалдан қаша алмайды екен; ғылымды үйрене алмайды екен. Осы екеуі маған қалай таласады? Менсіз өздері неге жарайды? –депті.
*Онан соң жүрек айтыпты:
•   Мен адам денесінің патшасымын, қан менен тарайды, жан менде мекен қылады. Менсіз тіршілік жоқ. Ұят сақтап, рақым қылдыратын – мен, әділет, нысан, ұят, рақым, мейірбаншылық менен шығады.Менсіз осылардың көрген күні не? Осы екеуі маған қалай таласады?-депті.
Сонда ғылым бұл үшеуініңсөзін тыңдап болып, айтыпты:
•   Ғылым айтыпты :   -Үшеуің басыңды қос. Бәрін жүрекке билет. Осы үшеуінің бір кісідей табылсаңдар – қасиетті адам сол.
4-сынып оқушысы Серікжан Нұртілеу «Желсіз түнде жарық ай» әнін орындайды.
Қорытынды сөз:
7
Қорытынды сөз
Абай –халқымыздың мақтанышы ғана емес, біздің ұлттық ұранымыз, ұлттық идеологиямыз, оның өлмес мұрасын алдымен өзіміз танып, сосын әлемге таныту –біздің ғұмырлық парызымыз.
Абайдың туғанына 170 жыл уақыт өтсе де, оның еңбектері халық жадында сайрап, оған нұрлы өмірге жол көрсетіп тұр.
Абай есімі мәңгі ұмытылмайды.
Абай сепкен ұрық, өскен дәндер бір ғасырдан аса уақыт бойы өсіп –өніп, ұлттық әдебиетімізді, мәдениетімізді, бүкіл рухани өмірімізді көркейтуде. Абайдың тамаша ақындық дәстүрлері қазір жаңа мазмұнға ие болып, кейінгі толқын жазушылардың өнеге етіп, ілгері дамытуы арқылы толысып келеді.
Құрметті ұстаздар, оқушылар, бүгінгі дара да, дана тұлға Абай Құнанбаевтың туғанына 170 жыл толуына байланысты, ақын шығармашылығын ұмытпай, дәріптеп оны құрмет ету мақсатында ұйымдастырылған шағын іс-шарамыз аяқталды. Орыстар үшін –Пушкин, ағылшындар үшін –Шекспир, грузиндер үшін – Руставели  қандай ұлы құбылыс болса, Абай да қазақтар үшін сондай теңдессіз құбылыс.
Олай болса, сөздің соңын  «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс» -деп елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың айтқан сөзімен аяқтап, аман- сау болыңыздар демекпін.
Назар қойып тыңдағандарынызға рахмет!
8