Таби?атты аялайы? Саба?ты? ма?саты: 1.О?ушылар?а ту?ан ?лке, оны? байлы?ы, алуан т?рлі таби?аты туралы т?сінік беру. 2.О?ушыларды? ту?ан жерге деген с?йіспеншілігін арттыра отырып т?сіндіру. 3.Таби?атты ?ор?ай білуге, аялау?а ?йрету. К?р


Қостанай облысы Жангелдин ауданы Сужарған ауылы
Қ.Қойдосов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Қоянбаева Гүлжаухар Тұрсынбекқызы guilauhar.72@mail.ru
Сабақтың тақырыбы: Табиғатты аялайық
Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларға туған өлке, оның байлығы, алуан түрлі табиғаты туралы түсінік беру.
2.Оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыра отырып түсіндіру.
3.Табиғатты қорғай білуге, аялауға үйрету.
Көрнекілігі: Табиғат көрністерінен стенд.
Газет-журналдардан мақалдар, суреттер.
Табиғат туралы қанатты сөздер.

Барысы:
1.Кіріспе сөз.
Мұғалім:Туған жер, өскен ел,
Жүрекке жылы сөздердің бәрі де.
Табиғат деген таңғажайып ұғыммен бірігіп жатады. Қазақстанның табиғаты көз тартар аса көркем. Бар сұлулықты өн бойына жинап алған өлке. Табиғат адам баласына дүниеге келтіріп бойындағы бар махаббат
Мейірімін, күн шуағын жүрегімізге ұялатқан аяулы ана. Табиғаттың басты байлығы – Жер. «Күте білсең жер жомарт» деген халықтың даналығы бекер айтылмаған. Табиғат байлығының бір тобы жер бетінің сәулеті. Еліміздің дәулеті жасыл әлем. Орман, тоғай, жасыл шөп, түкті кілемдей көмкепген даласы бар, жайлауы бар біздің ел.
Әдеби монтаж.
1-оқушы: Қазақстан туған өлкем,
Жер көп пе сендей көркем?
Көрінсін деп күллі әлемге,
Жалауынджы желше желпіп өтем.
2-оқушы: Тасып жатқан өзендер жағасынын,
Сары белде сағымдар арасынан.
Тарайды дән жұпары бар әлемге,
Қазақтың қасиетті даласынан.
Мұғалім: Қазақстанның қойнауында пайдалы қазбалар өте көп. «Жер байдың –елі бай» деп тегін айтпаған болар, еліміз көмір, мыс, алтынның мол қорымен есептеледі.
3-оқушы: «Қазына қара жерде» дейді халық,
Күн көрген осы жерден біраз алып,
Жер анадан үзіліп кете алмаған,
Кемеңгер небір дана, небір алып.
4-оқушы: Кен айтады ел мен жұрттың өлшемін,
Кенде жатыр күн қуат пен мол сенім.
КЕнің бар ма? Жоқ болса егер жарылысың?
КЕнің болса келешегің зор сенің.
Мұғалім: Қазақстаның табиғаты алуан түрлі. Солтүстіктен бастасақ орманды дала, шөл мен шөлейт жерлермен қатар әдемі көрікті жерлер қаншама! Мысалы, Көкшетау, Балықтау, Алатау т.б.
5-оқушы: Сексен көл Көкшетаудың саясында,
Әрқайсысы алтын кесе аясында.
Ауасы дертке жауа, жұпар иісі,
Көкірек қанша жұтсаң тоясың ба?
Мұғалім: Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан өзінің табиғат байлықтарын тиімді пайдалану арқылы уақытша қиындықтарды жеңіп, қарқынды экономикалық даму сатысына көтерілуге қабілетті»
Елбасымыздың осы сөзі туралы ой қозғау, пікірлерін тыңдау.
- Табиғат байлықтары деп отырған не?
-Оны тиімді пайдалану дегенді қалай түсінесіңдер?
Сергіту сәті.
Жұмбақтар шешу.
1.Барма , жоқ па оны анық білмейсің,
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.
2.Жылт-жылт еткен, жылғадан өткен.
3.Өсіп тұрған бұл не?
Жаз болса жайнап,
Саясында ән салып,
Құстар жүрген сайрап.
4.Ақ шапанын үстінен алты ай бойы шешпейді,
Қара шапаны үстінен алты ай бойы түспейді.
Сұрақтар арқылы сабақты қорыту.
1.Пайдалы қазбалар дегеніміз не?
2.Кен орны дегеніміз не?
3.Пайдалы қазбалар мен өсімдіктер арасында байланыс бар ма?
4.Қазақстанды неге «пайдалы қазбалар қоймасы» деп атайды?
5.Өз облысың туралы не білесің?