Біз к?зімізбен к?реміз,??ла?ымызбен естиміз,ая?ымызбен ж?реміз. Адамны? дене м?шелеріне -бас,мойын,?ол,сауса?,ая?,кеуде,?арын,иы? жатады.Адамны? басында шаш,бет, к?з,ауыз,??ла?,м?рын м?шелері орналас?ан.Біз ?олмен жазамыз,?иямыз,су ішеміз,бет жуамыз (?имы


Сабақтың ұзақтығы 1 сағ. 30 мин
Жұмағазы Аманали Нұрланұлы
Диагнозы: ГУО при болезни Дауна,сложный тип олигофренического деффекта.

Сабақтың тақырыбы: Дене мүшелері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Адамның дене мүшелерімен таныстыру. Дене мүшелерін таза ұстауды ойын арқылы түсіндіру.
Дамытушылық: Тапсырмаларды орындау дағдысын қалыптастыру,дене мүшелерін дұрыс көрсетуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Дене мүшелерін таза ұстауға,қолдарын жуа білуге,өзіне-өзі қызмет етуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: адамның дене мүшелері салынған сурет,
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1.Анасымен,баламен амандасу.Баланың көңіл-күйін,денсаулығын сұрау.
2.Қолын жуу,сабынды пайдалануын жәрдемдесу.Қол орамалды пайдалану.
3.Баланы психологиялық дайындау.
-Аманали бүгін бізге қонақтар келді.Қонақ апайларға жылы лебізімізді білдірейік. 
Үлкенге де «сіз»,
Кішіге де «сіз».
Баршаңызды құрметтеп,
Бас иеміз біз!
Далада күн суық болса да, біздің жүрегіміз жылы. Жылуымызды жан - жағымызға беріп, келген қонақтарымызбен амандасайық.
Қонақтармен амандасу.
4. Жұмыс үстеліне тақырыпқа байланысты керек құрал-жабдықтарды
дайындау.
5.Сергіту сәті:
Түн болды, Жаңбыр жауды,
Күн шықты, Жел соқты.
6.Артикуляциялық тыныс алу жаттығуларын жасату.
Қағаздан жасалған ұшақты үрлеп ұшырту,мақтаны үстел үстіне қойып үрлету.
Кіріспе
1.Тақырып бойынша сұхбат:
Біз көзімізбен көреміз,құлағымызбен естиміз,аяғымызбен жүреміз.
Адамның дене мүшелеріне -бас,мойын,қол,саусақ,аяқ,кеуде,қарын,иық жатады.Адамның басында шаш,бет, көз,ауыз,құлақ,мұрын мүшелері орналасқан.Біз қолмен жазамыз,қиямыз,су ішеміз,бет жуамыз (қимылмен көрсет).
-Міне,көрдің бе,қолымыз сансыз қызмет атқарады екен.Аяқтың да қызметі сол сияқты.Жүру,жүгіру,секіру,билеу,түрлі спорттық жаттығулар жасау-бұлардың бәрі аяқ болмаса орындалмас еді.Барлық дене мүшелерінің көмегімен біздің қолымыздан келмейтін іс жоқ,біз бәрін істей аламыз.

2.Суретпен жұмыс: "Дене мүшелері"
3.Ойын: «Біздің дене мүшеміз»
Мақсаты:Дене мүшелерін қайталап көрсетуге үйрету.
Жүргізілу барысы: Орнында тұрып ойын жүргізуші «құлақ» деп құлағын ұстайды,бала қайталап көрсетеді. «Бас» деп басын көрсетеді,бала қайталап көрсетеді.Әрбір дене мүшелерін атаған сайын бала қайталап көрсету керек.
4.Сергіту сәті
Тату – тәтті ойнаймыз (қолын ұстап сермеу)
Әлемдегі бар адамға (қолын жоғары көтеріп жаю)
Тек жақсылық ойлаймыз (қолды шапалақтау)
5.Ойын «Адамның денесін құрастыру»
Мақсаты:Адамның дене мүшелерінің орнын білу және дұрыс құрастыру.
Жүргізілу барысы: Бөліктерге бөлінген дене мүшелерін орнына дұрыс қойып шығу.
6.Жаттығу жасату:
Орнымыздан тұрамыз,
Қолымызды түсіріп,
Үлкен болып шығамыз.
Мойнымызды бұрамыз.
Алақанды соғамыз.
Қолымызды көтеріп,
Басты төмен саламыз,
Саусақты ашып-жұмамыз.
Жаттығу жасап осылай,
Орнымызға отырамыз
7.Саусақпен бірлесіп сурет салу.
Музыканы тыңдай отырып еріннің суретін саусақпен салып ,бояу.
-Суретті немен салдық?
-Ненің суретін салдық?
-Еріннің түсі қандай?
-Қане ернің қайсы?
-Салған суретімізді кептіру үшін оны жерге қойып желдетуіміз керек.Ол үшін суретті айналып билейік.
8.Ойын «Кім не киеді?»
Мақсаты:Қыз бала мен ұл баланың киімдерін ажырата білуге бейімдеу.
Жүргізілу барысы:Қыз бала мен ұл бала бейнеленген.Бала киімдерді дұрыс таңдап кигізу керек.


Қорытынды
1. - Аманали осымен сабағымыз аяқталды.Мен саған ризамын.Осы сабағымды қорытындылай келе «Бала мен ана қолы» деген психологиялық ойын ойнатқым келіп отыр.Бұл ойынға келген қонақтарымызда жұп болып ойнауға болады.
Ойын: «Бала мен ана»
Жүргізілу барысы:
Жұптар бір-бірлеріне қарама-қарсы тұрып және жүргізушінің айтқанын орындау ұсынылады.
а)Бір-бірлерімен сұқ саусақтарымен «Сәлемдесу»
ә)Шынтақтарымен бір-бірлерінің шынтақтарын сипалау.
б)Жұптардың біреуі алақанымен екінші қатысушының бармағын ұстап тұру қажет. Содан кейін орындарын ауыстыру
в)Бір-бірлерімен шынтақпен қоштасу.

2.Балаға үстелін жинату.Заттарды орнына салдыру.