Геометриялы? пішіндер.


Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: математика.
Пәнаралық байланыс: Құрастыру, математика
Тақырыбы: Геометриялық пішіндер.
Мақсаты: Балалардың геометриялық пішіндер туралы білімдерін қалыптастыра
отырып,қарапайым математикалық ұғымдарын бекіту.Пішіндер жайлы
білім деңгейін анықтау,зейіндерін,ойлау қабілеттерін дамыту.
Есте сақтау қабілетін ойын арқылы дамыту,қызығушылығын арттыру. Өз ойларын жеткізе білуге үйрету,ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Қажетті құрал жабдықтар: Геометриялық пішіндер, суреттер.
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап. Жаңа технология бойынша.
Оқу іс-әрекет
кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-
әрекеті
Мотивациялық
қозғаушылық.
Ұйымдастырушылық
-ізденістік

«Өнер» орталығы.
«Үстел-үсті» ойындар.
Рефлексиялық- түзетушілік
Балаларды шаттық шеңберге шақырады.
Таңғажайып сәт:
Осы кезде есік қағылады.Буратино кіріп келеді.
Балаларға Буратиноның қонаққа келгенін айтады. Оның қолында дорбасы бар,оны жолдан тауып алыпты. Дорбаның ішіндегі пішіндерді білмейді екен!?
Сендерден көмек сұрап келіпті, қандай пішіндер екенін?
Көмектесеміз бе?
Балалар қолындағы дорбасына көңіл аударады.
Дорбаның ішінен геометриялық пішіндерді алып көрсетеді де осы пішіндер туралы тақпақ айтады.
Шуақ шашқан күнге ұқсаймын көбірек,
Менің атым-дөңгелек.
Барлық шатыр ұқсайда тек өзіме,
Бірден білер құлақ асқан сөзіме. (ұшбұрыш)
Теледидар таныс екен баршаға,
Ал,пішіні ұқсайды ғой (шаршыға)
Тәрбиеші дорбаның ішінен шыққан әртүрлі геометриялық пішіндердің түстері де,көлемдері әртүрлі екенін айтады.
Тақтамен жұмыс:
Тәрбиеші тақтаға геометриялық пішіндерді қойып шығады,ал балалар кезекпе-кезек шығып пішіндерді жалғастырады.
Балалар мен сендермен ойын ойнағым келіп тұр «Кім шапшаң» ойыны.
Шарты: Ұшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек, шаршы пішіндер болады, мен пішіндердің атын атағанда сол пішінге тез жиналу керек.
Ал,балалар енді мына геометриялық пішіндерден әртүрлі заттар құрастыруға болады,біз сол геометриялық пішіндерді пайдаланып,өзімізге ұнаған заттарды құрастырамыз.
Балалар,бүгін біз орталықтарға бөлініп жұмыс жасаймыз.
Бүгін бізде екі орталық жұмыс істейді,қалған орталықтар жабық тұр. (кезекші текшелерді таратады)
Мақсаты: Балалардың ойлау қабілетін,шығармашылығын дамыту, геометриялық пішіндер арқылы суреттерді құрастыруға деген қызығушылығын арттыру.
«Өз орнын тап!»
Мақсаты: Балалар геометриялық пішіндерді өз орындарына тауып салады. Балалардың ой-қиялы мен жан - жақты ойлау қабілетін танымдық процестерін дамыту.
Тәрбиеші орталықтағы балаларды бақылап жүреді.
Балалар мен сендерді бақылап,байқап тұрдым.
Сендер ақылды,зерек,тапқыр екенсіңдер, жарайсыңдар!
Буратино сен бәрін көріп үйренген боларсың?
Буратино: Ия ,мен балалардан көп нәрселер үйрендім,енді мен сендермен қоштасамын.
Балалар біз Буратиномен қоштасайық.
Музыка терапиясы.
Балаларды ортаға сылдырмақпен шақырады.
Балалар біз бүгін қандай орталықтарда жұмыс істедік?
«Өнер» орталығында ненің суретін құрастырдыңдар?
«үстел-үсті» орталығында қандай жұмыс жасадыңдар?
Бізге қонаққа кім келді?
Осымен ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіміз аяқталды. Сендерге көп рақмет! Балалар шаттық шеңберге тұрады.
Балалар сәлемдеседі.

Ия,көмектесеміз!
Балалар қонақ келгенін естіп қызығушылық танытады.
Балалар текшелерді ретімен қояды.
Ойынды қызыға
ойнайды.
Балалар өздері
Қалаған орталықтарға
бөлінеді.
Сауболыңыз!
-мен үй құрастырдым,
Мен мысық құрастырдым т.б

Балалар өз ойларын айтады.
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Әр түрлі пішіндерден заттар құрастыруды,заттардың ішінен түстерді
табуды;
Қалыптасқан әдет: Геометриялық пішіндердің түсін,көлемін ажырату
Істей білуі: Геометриялық пішіндерді біледі, әртүрлі пішіндер құрай алады.