Открытый урок Жануарлар ?леміне саяхат


Жануарлар әлеміне саяхат
Жарияланды 6-02-2014, 04:21 Категориясы: Бала-бақша
Тақырып: Тапсырмаларды орындау барысында психологиялық процесстерін тиянақтау. Жануарлар аралына саяхат
Мақсаты:
Білімділік: Өткен тақырыппен байланыстыра отырып жануарлар туралы оқушылардың білімдерін қалыптастыру.
Тәрбиелік: Адамгершілікке, тапқырлыққа, баланың рухани өсуіне басшылық жасап, дүниетанымын кеңейту.
Дамытушылық: Балалардың психологиялық процесстерін, яғни ақыл - ой, зейінін, есте сақтау қабілеттерін, жалпы хабардарлығын дамыту және нығайту.
Сабақтық типі: өткен сабақты тиянақтау
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, ой бөлісу.
Көрнекіліктер: Карта, сызбалар, тақырыпқа байланысты суреттер.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру
Сыныптың сабаққа деген дайындығын қадағалау
Оқушылардың құрал - жабдықтарын тексеру
2. Қызығушылығын ояту
– Балалар бүгін біздің сабағымыз өте ерекше болады. Бүгін біз сендермен саяхатқа шығамыз. Саяхат деген сөзді біз білеміз. Саяхат дегеніміз бір жерге қыдыруға шығу. Біз қай мемлекетте тұрамыз? (Қазақстан). Біздің қаламыз қалай аталады? (Өскемен).
Саяхатымызда біз бірнеше жағалауға шығып көптеген аңдармен танысымыз.
3. Психологиялық кіріспе.
- Бүгін сабақта біз сендермен өзіміздің білімдерімізді көрсетіп, жылдам - жылдам әр түрлі тапсырмаларды орындау керекпіз.
- Балалар аспанда бізге не жылу береді? (күн). Ал енді бәріміз шеңберге тұрып, жанымызда тұрған сыныптасымыздың қолынан ұстап, жылуды берейік күн секілді боп.
- Балалар, бір бірімізге бүгінгі сабаққа не тілейміз?
- Ал енді өз саяхатымызды бастаймыз.
- Жүзіп келе жатырмыз, келе жатырмыз, 1 жағалауға жеттік. Ол жағалауда Иттер тұрады екен.
- Балалар, иттер жабайы жануарлар ма, әлде үй жануарлары ма? Неге? ( үй жануарлары). Ол бізге осындай тапсырма дайындады екен:
Тапсырма 1. Берілген заттардың ішінде қай зат артық? (сурет 1)
Сурет 1. Берілген заттардың ішінде қай зат артық?
Тапсырма 2. Балалардың қолдарында не жетіспейді?(сурет2)
Сурет 2. Балалардың қолдарында не жетіспейді?
- Иттер сендердің оларға көмектесуіне қуанып, сендерді келесі жағалауға жол көрсетіп жібереді.
- Жүзіп келе жатырмыз, келе жатырмыз, келесі жағалау Шошқалардың жағалауы.
- Балалар, Шошқа жабайы жануар ма, әлде үй жануары ма? Неге?
- Балалар, Шошқаның бір баласы торай жылап тұр екен. Бүгін мектептен келе жатқанда, құлап қалыпты, анасына салған суреттері жыртылып қалыпты.
- Біз балалар торайға көмектесу керекпіз, тез етіп 2 топқа бөлініп, жыртылып қалған сүреттерін құрастырып берейік (сурет 3, сурет 4).
Сурет 3. Гүлдің суреті Сурет 4. Марғаудың суреті
- Шошқалардың тапсырмасын орындадық. Арғарай Жүзіп келе жатырмыз, келе жатырмыз, алдымызда Аюлардың жағалауы.
- Балалар, Аю жабайы жануар ма, әлде үй жануары ма? Неге?
Ол да бізге тапсырмалар дайындап қойыпты: Орманда не тығылып отыр? Тығылған жануарды тауып көрсет (сурет 5).
Сурет 5. Орманда не тығылып отыр? Тығылған жануарды тауып көрсет.
- Дұрыс! Аюлар бізге бір хат дайындап қойыпты. Сендерге оқып берейін:
"Балалар сендерді осы жағалауға жеткендеріңе құттықтаймын. Бізге көмектескендеріне көп рахмет! Сау болыңдар, келесі Аттардың жағалауы "
- Балалар, аттардың жағалауына жету үшін, біз сергіту жаттығуын жасауымыз
керек. Өйткені, аттар бізге өте қызықты, әрі сандармен байланысты тапсырма дайындап қойыпты.
Сергіту жаттығуы.
Шеңберге тұрып бірінің артына бірі тұрып сандарды жазады.
Бір, екі, үш
Ал қанеки ұш
Төрт, бес, алты, жеті
Мынау ауыл шеті
Сегіз, тоғыз, он
Ал қанеки қон!
Асықпайық, саспайық
Саяхатымызды бастайық.
- Арғарай саяхатымызды жалғастырамыз. Келесі жағалау Аттардың жағалауы.
- Балалар, Аттар жабайы жануарлар ма, әлде үй жануарлары ма? Неге? Олар бізге қызықты тапсырма дайындап қойыпты. Заттардың мөлшеріне сәйкес келетін сандарды көрсет (сурет 6).
Сурет 6. Заттардың мөлшеріне сәйкес келетін сандарды көрсет
- Аттардың тапсырмасын орындадық енді келесі жағалауға жүзіп барамыз.
Жүзіп келе жатырмыз, келе жатырмыз, алдымызда Қояндардың жағалауы. - Балалар, Қояндар жабайы ма, әлде үй жануарлары ма? Неге?
Қояндар айты: балалар, сендер үйлеріне орман арқылы өтіп жетесіңдер. Орманнан өту үшін, сендер бір тапсырманы орындауларын керек. Ол тапсырма мынандай: Берілген суретте қандай жануарлардың іздері бейнеленген? Әр жануардың өз іздерін тауып көрсет (сурет 7).
Сурет 7. Берілген суретте қандай жануарлардың іздері бейнеленген? Әр жануардың өз іздерін тауып көрсет
- Жарайсыңдар балалар! Тапсырманы дұрыс орындадыңдар.
4. Рефлексия.
- Балалар еген сендерге бүгінгі ашық сабағымыз ұнаса «күн», ұнамаса
« бұлт» бейнесін алып, картаның ортасына жабыстырайық.
- Балалар! Бүгін тапсырманы жақсы орындағандарын үшін, жануарлар сендерге рахметтерін айтып, сыйлықтар берді. Бұл - саяхатшылардың эмблемасы. (Бұл жерде балаларға сыйлықтар таратылады). Ал енді біз сендермен өз саяхатымызды аяқтадық. Үйге қайтайық. Келесі саяхатқа дейін кездескенше.