Ашы? саба? ?нші т?лдер. Жі?ішке дауысты дыбыстар


Сабақтың тақырыбы: «Әнші төлдер» Жіңішке дауысты дыбыстар.
Сабақтың мақсаты:
1. Әнші төлдер жайлы мағлұмат беру.Жіңішке дауысты дыбыстар жайлы білімдерін кеңейту.
2. Оқушылардың сөздік қорын, танымдық қабілетін, мәнерін жетілдіру, дамыту.
3. Ұйымшылдыққа, білімділікке үйрете отырып тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақта пайдаланатын көрнекі-құралдар: суреттер, жіңішке дауысты дыбыстар, матрица
ІІайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу. БжС технологиясының элементтері
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Сабаққа дайындау, оқу құралдарын алу.
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық достарым
Арайлап атқан күнге.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
«Төлдер» өлеңін жатқа айту.
төлдер сөзінде қандай дауысты дыбыстар бар?
Олар қандай дыбыстар?
жіңішке дауысты дыбыстарға қандай дыбыстар жатады?
36-жаттығу.
Жаңылтпаш
Қойымыз семіз,
Қозымыз егіз.
Өзіңіз келіп,
Көрсеңіз дейміз.
Жіңішке дауысты дыбыстардың астын сызу.
№2 дәптерлерін тарату.
Ш. Өткенді пысықтау.
Матрицамен сұрау.
1.Төрт түлік малға қандай малдар жатады?
2.Шопаната қай төлдің атасы?
3. Жылқы мен түйенің сүттері қалай аталады?
4. Шөлді жерде мекендейтін мал.
5.Ешкінің атасы кім?
6.Ешкінің төлін қалай шақырады?
7.Көлік ретінде қолданылатын мал.
8.Ешкінің төлі не?
9.Жылқының атасы кім?
10.Құлынды қалай шақырады?
11.Екі жылда бір төлдейтін ,төрт түлік малдың бірі.
12.Сиырдың атасын ата.
13.Сиыр төлін қалай шақырады?
14.көс,көс - деп қай төлді шақырады?
15.Ойсылқара қай төлдің атасы?
16.Тікенді шөпті ұнататын мал.

Қызығушылықтарын ояту.
- Балалар біз өткен сабақта қандай төлдер жайлы оқыдық? Бүгінгі өтетін тақырыбымыз қандай төлдер жайлы болмақ.?
- Қазір олардың дауыстарын есту арқылы ол қандай төлдер екенін табайық. Дауысын тыңдату.
Жаңа сабақ.
«Әнші төлдер»
Суретін көрсету
Оқушыларға өлеңді түсіндіре отырып оқып беру.
Өздеріне тізбектей оқыту.
«Зейінді бол» ойынын ойнау
Дауысты дыбыстардың ішінен жіңішке дауысты дыбыстарды естігенде шапалақ ұру.
Дәптермен жұмыс.
Күнді жазу.
көркем жазу минуты
37-жаттығу.
Қой,ешкі, серке, түйе, тоқты, теке, саулық.
Жіңішке дауысты дыбыстардың астын сызу.

Ү. Сабақты қорытындылау:
Сөз ойла,тез ойла.
Ә..., е....., ө....., і....., ү..... ....е, .....і
Бұл сөздер балалар қандай әріптерден басталған?
Олар қандай дыбыстар?
Жіңішке дауысты дыбыстар.
Тыйым сөздер жаттау / түсіндіру
Малды теппе,
Ақты төкпе.
Малды басынан ұрма.
Малды теріс мінбе.
ҮІ. Үйге тапсырма / түсіндіру
«Әнші төлдер» өлеңін оқу.
38-жаттығу.41-бет.

бағалау.