Д?ниетанудан : М?дени-тарихи м?ралар—адам а?ыл-ойы мен сезім тал?амыны? жемісі. М?дени –тарихи м?раларды ?ор?ау


. Тақырыбы: Мәдени-тарихи мұралар—адам ақыл-ойы мен сезім талғамының жемісі. Мәдени –тарихи мұраларды қорғау.
Мақсаты: Мәдени-тарихи мұралар туралы, оларды қорғау жөнінде түсінік беру.
Оқушылардың ой-өрісін ,тіл байлығын, әлемнің жеті кереметі туралы түсінігін, өз ойын толық жеткізе білу дағдысын дамыту.
Тарихи мұраларды қорғауға, оларды мақтан тұтып жүруге тәрбиелеу.
Сабақ типі: аралас сабақ . Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Көрнекілігі: «Әлемнің жеті кереметі»кітабы, суреттер, үлестірмелер (тест сұрағымен), карта.(тарихи)
Барысы: І .Ұйымдастыру кезеңі:
Сабаққа әзірліктерін тексеру.Зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
-Балалар, өткен сабақта қандай тақырыппен танысып едік?
-Адам ойлай білу қабілеті арқылы қандай жетістіктерге жетті?
- Ғимараттар мен техниканың пайда болуында адам үшін табиғаттың берері болды ма?
Оқушылардан мазмұнын сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақ. Д.М.1. Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. «Мәдени-тарихи мұралар—адам ақыл-ойы мен сезім-талғамының жемісі.Мәдени –тарихи мұраларды қорғау»
Д.М.2. Жаңа сабақты түсіндіру. Кіріспе:
-Мәдени-тарихи мұралар деген не? Мұра сөзін қалай түсінеміз?
-Тарих дегенді қалай түсінеміз? (қысқаша түсінік беру)
Адамның ақыл-ойының ұшқырлығынан туған қандай құрылыстарды білеміз?
(өзінің үйі, алып ғимараттар, көп қабатты үйлер,т.б.)
Адамның ақыл –ойы дами түсті. Тіршілігіне ,өміріне қажетті жағдайлар еңбек арқылы жасалды. Адам жан-жағындағы құбылыстарға қарап қуанды. Өзіне қауіптілерден қорқу сезімі туындады. Тарихтан белгілі Ұлы дала тұрғындары көшпелі өмір кешкен. Ғалымдар бұларды біздің халқымыздың ататегі деген болжам айтады. Көші –қонға қолайлы қой,ешкі,сиыр,жылқы қолға үйретіліп, мал шаруашылығы пайда болды.Көшпелі өмір—табиғи ортаға бейімделіп, тіршілік ету қажеттілігінен туындаған. Ұшы-қиыры жоқ Ұлы далада сұлулықты, табиғатпен тамаша үйлесімділікті бойына сіңіре білген. Адам мәдениет пен өнердің тамаша үлгілерін жасады. «Алтын адам», «Ахмет Йассауи кесенесі» көне дәуір мұраларына дәлел бола алады.
Тарихи мұраларға әлемнің жеті кереметі де жатады.
Грекиядағы тарихшылар әлемнің жеті кереметі деп Александр Македонский билік құрған аймақтарға жақын орналасқан құрылыстарды атады.
Гизадағы Хеопстың ұлы пирамидасы
Олимпиядағы Зевстің статуясы
Галикарнастағы мазар(мавзолейі)
Вавилондағы Семирамиданың аспалы бақтары
Колосс Родосскийдің алып мүсіні
Александрия маягы (манары)
Эфестегі Артемида ғибадатханасы
Міне ,адам ақыл-ой еңбегі мен сұлулық-әсемдікті сезінуінің рухани жемісі – өнердің ең биік шыңы деуге болатын тарихи дүниелер осылар.
Әлемнің жаңа жеті кереметі туралы естігендерің бар ма?
Бұл да тарихта қалатын мәдени –мұра жемісі болмақ.
Данияның Данфос Университетінде орналасқан «Кулумбус»көрме залы.
Лондондағы «Уэмбли» стадионы,1 мезетте 90 мың жанкүйер сыйып кетеді.
Нью-Йорктегі Манхэттеннің төменгі жағалауында бой көтерген « Қазіргі заманғы өнер мұражайы».
Ұзындығы 300 метрлік болаттан салынған орындықтары бар Қытайдағы Танчже саябағындағы «Қызыл бау».
Дубайда орналасқан биіктігі 518 метрлік көп қабатты үй.
Қиыршық әйнектерден тұрғызылған Вашингтондағы Смитсонов институтының ауласы.
Онтариондағы тұрқы бөлек Король мұражайының «Хрусталь» жаңа көрме залы.
Осындай мәдени –тарихи мұраларды болашақ ұрпақ білуі үшін біз оларды қорғауға тиіспіз. Мұндай өнер туындысы өнер адамдарының еңбегі мен ой-сезімінің жемісі.Оларды жасауға қаншама адам қол еңбегімен көмектескенін ұмытпау керек.
Кейінгі ұрпақ қаншама уақыт өтсе де ,сол шеберлердің өнері мен еңбегіне сүйсініп, тамашалауда.Мұндай тарихи ескерткіштер бүкіл халықтың ,ұлттың рухани –мәдени ,ақыл-ойы деңгейін көрсететін өлшемге айналды. Біздің жеріміздегі «Алтын адам», «Ахмет Йассауи кесенесі»т.б. тарихи-мәдени ескерткіштер ЮНЕСКО –ның есебіне алынып, адамзат мәдениетінің озық үлгілері ретінде әлемге әйгілі болды.1953 жылдан бері елімізде тарихи құрылыс ескерткіштері мен өнер мұралары есепке алынып келеді.
Олардың көбі күрделі жөндеуден өтіп,қалпына келтірілді.
Д.М.3 Оқулықпен жұмыс Дауыстап тізбектей оқыту Мәтінде аталған ескерткіштерді теріп оқу
Д.М.4 Дәптермен жұмыс
Күн ретін, ауа райын жазу.
ӨЗ еліміздегі көрікті құрылыс туындыларын жаздырту.
Әлемнің жеті кереметі орналасқан орындарды картадан табу( мұғалімнің көмегімен)
ІҮ. Қорыту
Оқулықта берілген тестік тапсырмамен жұмыс. (әр оқушыға жеке үлестірме ретінде тапсырылады.) Қосымша сұрақтар :
Елімізде тарихи құрылыс ескерткіштер қай жылдан бастап есепке алына бастады?
Еліміздегі қандай тарихи ескерткіштер жөндеуден өткізілді? «Қазақ елі »монументінің авторы кім? Оның биіктігі қанша метр?
Ү. Үйге тапсырма
15,16,17,18,19 беттерді оқу,мазмұны және дәптерге әлемнің жеті кереметін жазып келу. Әлемнің жаңа жеті кереметі туралы мәлімет жинау.
ҮІ . Бағалау Оқушыларды бағалап , қатар бойынша қорытындысын шығару.