Эссе жазу талаптары: теория ж?не практика коучинг.


Неткалиева Гульмира Бисеновна, №43 жалпы орта білім беретін мектеп
Коучинг сабақ жоспары
Тақырыбы: Эссе жазу талаптары: теория және практика.
Мақсаты: 1.Эссе жазудың талаптарын түсіндіру.
2.Эссенің құрылымы мен бағалау криттерийлерін талдау.
3.Талаптарына сәйкес эссе жазуға дағдыландыру.
Оқу нәтижесі Эссе жазудың талаптарын, құрылымын біледі, берілген тақырыпта эссені құрылымына сәйкес жаза алады. Эссе түрлері туралы түсінік алады.
Негізгі идеялар: Эссе жазу, оның түрлерін тәжірибеде қолдану.
Материалдар мен құрал -жабдықтар Эссе туралы презентациялар, флипчарттар, ресурстар, маркерлер, тірек сызбалары.
Өткізу барысы:
Этап Тапсырма Уақыт Коучтың іс-әрекеті Мұғалімнің іс-әрекеті
Топқа бөлу Шәмшінің әндері арқылы топқа бөліну әндерді сазымен , опера сазымен және рок сазымен орындау 5 мин Топтарға бөлініп, әнді топпен бірге орындайды. Әндердің жолдары бойынша топқа бірігеді және әнді орындайды.
Негізгі бөлім
(теориялық) «Эссе қалай жазылады? Тақырыбындағы презентация бойынша жұмыс 10 мин Презентацияны түсіндіріп, сұрақ-жауап арқылы мұғалімдердің пікірлерін біледі. Презентациядағы сұрақтарға жауап береді, презентация бойынша сұрақтар қояды.
Практикалық бөлім. Топтық жұмыс:
І топ: Эссенің құрылымына сәйкес « Білім сапасын қалай арттыруға болады?» тақырыбында эссе жазуға әзірлік жұмыстарын жүргізеді.
20 мин Эссенің құрылымын сақтауды түсіндіреді, тезистер дайындауға көмектеседі, ресурстар ұсынады. Құрамына сәйкес кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін ойластырады, тезистер мен дәлелдемелерді постерге жазады. (постер)
ІІ топ: Эссенің модификациялары бойынша жұмыс.
Күнделікті сабақтарда қолданылатын, эссе эссе түрлерін түсінуге көмектеседі, бағыт-бағдар береді. Эссенің түрлерін талдайды, қандай пәндерге тиімді екенін ақылдасады.
ІІІ топ: Эссені бағалаудың критерийлерін талдайды. Бағаланған эсселерді көрсетіп, бағалау критерийлерін түсіндіреді. Әдеби эссені , еркін тақырыптағы эссені бағалауды түсіндіреді, өз пікірлерін білдіреді.
Сергіту сәті «Жидек» қойылымы 5 мин Экспромт- театр ұйымдастыру. Рольдерде ойнайды.
Рефлексия Коучингтің өту барысы туралы кері байланыс парағын толтырады. 5 мин Кері байланыс парағындағы пікірлермен танысады. Пікірлерін оқиды.
Дереккөздер: Эссе туралы мәліметтер, топшамалар , ресурстар .