Поурочный планирование на тему Мен елімні? азаматымын (4 класс)


Бекітемін:
Оқу ісі жөнінде директор орынбасары:
Өзін-өзі тану сабағының жоспары
Мектеп: Жаңатұрмыс негізгі мектебі
Мерзiмі: 24.10.2015 жыл
Сабақтың №: 8 сабақ
Тақырып: Мен елімнің азаматымын
Құндылығы: сүйіспеншілік
Қасиеттері: Дұрыс әрекет, қиянат жасамау
Мұғалiм: Айбасова Сая Ертустиковна
Сынып: 4 Оқушылар саны:
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың «Отан», «ел», «махаббат» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Сабақтың міндеттері:
Туған ел,өскен ортаның адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
Елге,Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру;
Елжандыққа тәрбиелеу. Ресурстар:
оқулық, дәптер, үнтаспа,
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгелдеу.
Тыныштық сәті: Нұрға бөлену Баяу әуен
Үй тапсырмасын тексеру: 7 сабақтағы «Мен елімді сүйемін»
1.«Туған жерсіз адамның күні жоқ» дегенде нені түсінесіңдер? 2.Сендерге өз елің несімен ыстық? 3.Сендер өз еліңді сүйетіндеріңді қалай дәлелдей аласыңдар? Әңгімелесу.
Осы әнді айтқанда қандай сезімде болдыңдар?
«Жерім деп менің,соғады мәңгі жүрегім»,-дегенде нені түсінесіңдер?
Әнде айтылғандай,сендер өздеріңді ел «тірегімін»деп ойлайсыңдар ма?
Әр адам үшін туған ел, туған жер барлық уақытта да қымбат. Өйткені сен туған өлке саған алтын бесік – атамекен болып саналады. Туған елді әңгіме еткенде оған деген сүйіспеншіліктен жүрегіміз лүпілдейді. Оқиға немесе әңгіме айту: «Туған жер»
Туған жер – алтын бесігім, Туған жер – алтын мекенім
Тербеттің мені төсіңде. Бақытым сенсің аңсаған.
Жүреді сенің есімің Мәңгі де бақи өтемін
Мәңгі де бақи есіңде Қарыздар болып мен саған Дәйексөз: «Ел іші-алтын бесік» Халық мақалы
Мағынасын қалай түсінесіңдер?
Қандай ой түйдіңдер? Жаңа ақпарат.
-Туған ел, туған жер деген сөздер жүрекке жылы әсер етеді.Туған тілін,өскен жерін сүю- әрбір ұрпақтың парызы.Сондықтан да әрбір адам туып-өскен жерін аялайды,қастерлейді,қорғайды, мақтан тұтады.Өйткені Отан-алтын бесігіміз,ата-анамыз! Сахналау.
Оқушылардың туғын ел туралы түсініктерін кеңейту мақсатында сахналау ұйымдастырылады. Слайд : Қазақстан Шығармашылық жұмыс. Оқушылардың сабақтан түйген ойларын байқау мақсатында берілген тақырыптарға әңгіме жазу ұйымдастырылады. Тапсырма Сұраққа жауап беру:
Өз туған жерлеріңнің қандай артықшылығын білесіңдер?
Ата-бабаларыңның туған жері туралы не білесіңдер? Дәптермен жұмыс.
Тапсырма: Берілген өлең жолын жалғастырып,өз ойларымен жазу. Топпен ән айту. «Атамекен» Музыкасы
Үй тапсырмасы: 9 сабақтағы «Сыпайы қоян» Соңғы тыныштық сәті. Оқушылар, бүгінгі сабақтан қандай ой түйдік, бір сәт ойланайық, осы түйгендерімізді жүрегімізге сақтап алайық.