«MS Excel ба?дарламасында ж?мыс жасау м?мкіндіктері» та?ырыбы бойынша о?ушыны? ж?мыс д?птері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі
ЖҰМЫС ДӘПТЕР
Пәні: Информатика
Тақырып: «MS Excel бағдарламасында жұмыс жасау мүмкіндіктері»
Ақтөбе-2016
Тақырыбы: «MS Excel бағдарламасында жұмыс жасау мүмкіндіктері»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:Excel - дегі берілген мәліметтермен жұмыс істеу, оларды сұрыптау, диаграммалар сызу туралы білімдерін қалыптастыру және алған білімдерін пысықтау.
Дамытушылық: кәсіптік қызығушылықты дамыту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыта білу, ойын нақты және жан – жақты жетілдіру.
Тәрбиелік-Құндылық: дұрыс әрекет. Қасиеттері:тәртіп, әдеп, дұрыс ой.
ІІ. «МИҒА ШАБУЫЛ» КЕЗЕҢІ. Оқушылардың білімін тексеру. (5 мин)
Word мәтіндік редакторы дегеніміз не?
Microsoft Word программасын іске қосу ретін түсіндір
Microsoft Word программасының терезелік құрылымын сипатта.
Форматтау панелінің қызметін түсіндір.
Microsoft Word редакторында жасалған жұмысты қалай сақтаймыз?
ІІІ. «ТЕХНИКАЛЫҚ» КЕЗЕҢ
Әр студент еркін тақырыпта MS Word мүмкіндіктерін қолданып, жұмыстарын қорғау.
«Ақпараттық диктант» таратылады
«Ақпараттық диктант»:
Word – бұл …........ редактор. Мәтінді теру ….... тұрған жерден басталады. Enter пернесін басып мәтінде ......… ашамыз. Мәтін бөлігін өзгерту үшін алдымен оны .....… аламыз да, сосын көшірмесі керек болса, стандартты панелден … батырмасын, ал орын ауыстыру қажет болса, ......… батырмасын басып, курсормен қоятын … белгілеп соңынан ........… батырмасын басу.
IV. «БІЛІМІҢДІ БАЙҚАП КӨР» КЕЗЕҢІ
Берілген командаларды тақтада орындап көрсету:
Мәтіндік редакторды ашыңыз.
Өрісті орнату:
Сол жағы:2,5 см
Оң жағы: 1,5 смЖоғарғы: 2,0 смТөменгі: 2,0 см
Қаріп: Times New Roman
Өлшемі: 14пт;
Мәнері: обычный
Үлгі бойынша кесте құрыңыз:
Менің достарым
Аты Телефон № Мекен жайы Жеке куәлігінің №
Гүлмира 286612 Солтүстік-Шығыс ш/а-15/2-216 456789123
Сандугаш 226016 6 ш/а-58-65 147852369
Акторгын 228010 Правдухина көшесі, 10 258789456
Венн диаграммасы арқылы MS Word пен MS Excel бағдарламаларының жұмыс аумағына талдау жасау.
895356350
Құндылыққа байланысты сұрақтар. (Анимациялық видео көрсетіледі)

Егер компьютерде дұрыс отырмаса не болар еді.
Мүмкін ол өзіне ыңғайлы отырған болар.
Адам баласы қаншалықты білімді болғанымен, ол өз ісін жетік орындау үшін не жетіспейді?
Қателесі мүмкіндігін болдырмайтын ақиқатқа жетелейтін ой?
V. «КӘСІБИ» КЕЗЕҢ (30 мин) Жаңа сабақ.
Тірек сөйлем : «Алынбайтын асу жоқ»
Дәйексөз: «Маған айтып берсең ұмытып қаламын,
Көрсетсең есімде сақтармын,
өзіме жасатсаң үйренермін»
Конфуций
Дәйексөзді 2рет қыз балалар, 2 рет ер балалар қайталап оқиды.
Сұрақ: Бастаған іске бар ниетіңді арнап нәтижесінде жұмыстың сапасына жете білуіміз
қандай әрекетке жатады?
Жаңа тақырып «MS Excel бағдарламасында жұмыс жасау мүмкіндіктері»
Теорияны еске түсіру:
Microsoft Excel шығу тарихы
Microsoft Excel бағдарламасы қандай процессорға жатады?
Microsoft Excel-дің файлдары қалай аталады?
Баған мен жолдардың қиылысы қалай аталады?
Microsoft Excel қандай мүмкіндіктері бар?
Excel-де мәліметтердің қандай типтерін қолдануға болады?
1. Формула – бұл кестеде есептеулер өткізілетін арифметикалық немесе логикалық өрнек. Формулалар ұяшықтарға сілтемелерден, амалдар белгілерінен және функциялардан тұрады. Ms Excel - де кез келген формуланың «=» белгісінен басталатынын білеміз.
Енді MS Excel де мысал келтірейік. Мысалы, V=S/t формуласы бойынша жылдамдықты есептеуді Microsoft Excel кестесінде формуламен орындаймыз. (Кестені толтыру барысында ұяшықтармен жүргізілетін амалдар түсіндіріледі):
S 120 590
T 2 6
V 60 98,3333333
2. Күнделікті өмірде формула деп мақал – мәтелді айтқан болар едім. Мысалы, «Екі жақсы қосылса ай мен түндей жарасар, Екі жаман қосылса өлгенінше өш болар», «Жақсы әйел жаман еркекті төрге сүйрейді» яғни жақсыны плюс деп алсақ, жақсыны әрқашан біріңғайлап коса беруге болатындығын яғни плюс пен плюс әрқашанда плюс болатынын айтуға болады. Әл Хорезмидің «Минустың бәрін плюске аударуға тырыс деген ақылын арқау қылып. Кемшіліктің бәрін артықшылыққа аударуға тырыс, Жамандықтың бәрін, жақсы қыл деп түсінеміз.
Электронды кестеде қосу (СУММ) функциясы жиі қолданылады, сондықтан Стандартты аспаптар тақтасында белгісінін басса жеткілікті.  Мысалы, =В3+С3+D3 ұзын формуланың орнына Е3 ұяшығына = СУММ (В3:D3) формуласын енгізуге болады. Жалпы қосындыны білу үшін қосылатын ұяшықтардың аумағын белгілеп, Автоқосынды (Автосумма) батырмасын шертіңіз.
Абай атамыздың «Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе күнінде бір мәрте, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір өзіңнен өзің есеп ал!» деген сөзі бізге апталық шығынымызды есептеуге ой салады. Олай болса сіздің бір аптада жұмсаған шығыныңызды есептейік. Осы жерде (Кестені толтыру барысында ұяшық форматтары, оған енгізілетін деректер түрлері түсіндіріледі):
ПнВт Ср ЧтПтСбВсбарлығыЖол ақыТ110,0 Т110,0 Т110,0 Т110,0 Т110,0 Т110,0 Т110,0 Т770,0
асханаТ80,0 Т90,0 Т80,0 Т80,0 Т80,0 Т80,0 Т80,0 Т570,0
ұсақ - түйекТ100,0 Т250,0 Т23,0 Т15,0 Т14,0 Т0,0 Т0,0 Т402,0
Т290,0 Т450,0 Т213,0 Т205,0 Т204,0 Т190,0 Т190,0 Т1 742,0
MS Exсel-дің жақсы бір қасиеті сандық қатарлар мен бағаналар сандарынграфиктер мен диаграммаларға айналдыра алады.
Диаграмма дегеніміз не?
Диаграмма – кестедегі мәліметтердің графикалық түрде ұсынылуы.Диаграмма өзінің көрнекілігімен деректерді дұрыс бағалауға мүмкіндік береді,демек диаграмма деректерді графикалық түрде көруге арналған.
Мысалы біз өмірімізді 100 жылға теңестіріп оны кестедегідей бөліктерге болеміз.
Ал бір жылымыз төрт мезгілден құралған және барлығының бір мақсаты 100% көрсеткішке жету. Диаграммада сол сияқты салыстырмалы түрдегі көрсеткіш

Диаграмма салу үшін алдымен диаграмма салуға қажетті мәліметтержиынын анықтап алып, оны электронды кестеге енгізу қажет, Белгілеу әрекетіарқылы диаграммаға қажетті өлшемдерін белгілеп Мастер диаграмм батырмасыарқылы немесе жоғарғы мәзірден Вставка - Диаграмма қатарын таңдау қажет.
Мысалы,
LINK Excel.Sheet.12 "Книга1" "Лист1!R14C1:R16C2" \a \f 5 \h \* MERGEFORMAT
Үлгерім100%
Білім сапа 85%


VI. Ой қорыту.
Міндетті деңгей
Төмендегі y=x 2  функцияға график типін таңдап диаграмма тұрғыз.
х у
2 4 6 8 10 12 Лайықты деңгей
Тауар Саны Бағасы Жалпы сомасы
Тоқаш 130 10 Самса 130 10 Шырын 140 10 Тақтайша 50 50 Орындық 15 100 Жоғарғы деңгей
Кестелік процессордың көмегімен фирма қызметкерлерінің айлық жалақысын есептеу есебін қарастырайық: 8% табыс салығы, 2% зейнетақы қорын есептегендегі қолына тиетін ақша көлемін анықтау.
Жаңа жұмыс кітабын дайындаймыз.
2.А2:Е2 ұяшықтарын белгілеп, біріктіру және орналастыру командасын береміз. Ашылған орынға қызметкерлер тізімі тақырыбын енгіземіз.
3.А4 ұяшығына 1 саны, А5 ұяшығына 2 санын жазып толтыру әрекетін орындаймыз.
4.В3:І9 блогының ұяшықтарына келтірілген берілгендерді көшіріп шығамыз. Төмендегі кестені толтырамыз.
5.G4 ұяшығына =F4*0,08 формасын жазамыз. Қалған төмендегі ұяшықтарды автотолтыру әдісімен толтырамыз. G5:G9 ұяшықтарын толтырамыз.
6.H4 ұяшығына=F4*0,02 формасын жазып, жоғарыдағыдай(6) әрекетті орындағаннан кейін H5:H9 ұяшығындағы нәтижелерді көреміз.
7.Қызметкерлердің қолына тиетін айлық жалақысының көлемін І4 ұяшығына = F4- G4-H4 формасын енгізу және автотолтыру арқылы енгізе аламыз.
А В С Д Е А G H I
1 2 Қызметкерлер тізімі3 № Бөлімі Лауазымы Аты-жөні Таб.№ Айлығы Т/ салығы Пенс. Қолына
4 1 Жабдықтау Бастық Әзімов А 25 56000 5 2 Жабдықтау Менджер Көмеков А 23 45000 6 3 Бақылау Аудитор Дастанова Р 69 43000 7 4 Бақылау Хатшы Тастанова К 41 23000 8 5 Шару. Бөлімі Еден жуушы Қадірова А 52 16200 9 6 Шару. Бөлімі Қарауыл Каримов А 89 17300 VII. «ЖЕТІСТІК» КЕЗЕҢІ Жаңа сабақты бекіту. (10 мин)
Тест сұрақтарына жауап беру (тест программасымен орындалады 10 сұрақ беріледі)
VIІI. ҚОРЫТЫНДЫ (5 мин)
ҚҰНДЫЛЫҚҚА БАЙЛАНЫСТЫ СҰРАҚТАР:
Марат үнемі ДК мен жұмыс соңында компьютеріндегі жұмыс терезелерін жаппайды және ДК-ді өшіру үшін тоқтан ажырата салады. Ол сол үшін оқытушыдан ескерту алады. Бұл жағдайда Маратқа не жетіспейді? (дұрыс ой, )
Екі адамның арасындағы татулықтың басты ұйытқысы? (әдеп, тәртіп)
Үйге тапсырма: Электронды журнал дайындау. Орташа бал есептеу. Еңбекке байланысты мақал-мәтел.
Бағалау
Өзін өзі бағалау парағы
Аты жөніңіз:
Сабақ барысыІ кезең "Ойлан тап" 2 кезең Біліміңді байқап көр! 4 кезең Шығармашылық кезең5 кезең
Ой қорыту. ҚортындыСұрақтарға жауап беру Үйден құрып келген жобаларын қорғау. 1 2 3 тест сұрақтарына жауап беру  
         
Хор. Тақырыпқа сәйкес ән айту.

Рефлексия.
Бүгінгі сабағымыз сіздерге ұнады ма?
Қиын және жеңіл жерлері болды ма?
Сіздердің ойларыңызша сабақты не жеңілдетер еді?
Көңіл-күйлеріңіз қандай болды?
Ұсыныстарыңыз бар ма?
Осы сұрақтарға байланысты сабақ туралы ойларыңызды стикердің бір жағына жазып беруіңізді сұраймын!
Сабақтағы оқушылардың көңіл күйі смайлик арқылы көрсетіледі.
1499235120650
Әдебиеттер:
«HTML негіздері» оқу әдістемелік құрал 2012 ж
Полонская Е.П. «Самоучитель HTML»
Мержевич В. «Создание Web страниц»
«HTML в примерах. Как создать свой Web-сайт: Самоучитель» Дригалкин В. В. 2004.