?аза? тілінен ?ыздар?а арнал?ан ?лтты? зергерлік б?йымдар та?ырыбына саба? жоспары. 7 сынып


12.01.17 7 сынып Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы:Қыздарға арналған ұлттық зергерлік бұйымдар
Сабақтың мақсаты:1 Қазақ халқының ұлттық мұраларын таныстыра отырып, зергерлік бұйымдар мұражайына саяхат жасау.
2.Оқушылардың өзіндік ой-пікірін, көзқарасын, таным-толғамын қалыптастыруға және жаңа сөздермен таныстырып, оларды ауызекі тілде қолдана білу дағдыларын. 3.Оқушыларды сабақ барысында алған білімдерін пайдаланып, қазақ қазақ халқының салт - дәстүрі, әдет-ғұрыптары негізінде ұлттық тәрбиені, мемлекеттік тілді құрметтеуге, әдептілікке, әдемілікке тәрбиелеу
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Өткен тақырыптарды қайталау:
ІІІ.Жаңа сабақ: Сабақтың мақсатын айту.
ІV. Сөздік жұмысы:
Зергерлік өнер – ювелирное искусство әшекей - украшение
қапсырма, ілгек – застежка для камзола түйме – пуговица
алқа – нагрудное украшение бұрым әшекейі – накосное укрошение
шекелік – височное украшение тұмарша - амулетница
көп жағдайда-в большинстве случаев
тастармен безендіріледі-украшались вставками из камней
сақиналар жіңішке шынжырмен жалғасады-кольца соединены узкими цепочками ойып алады—вырезают өреді- сплетают
а) Мұғалім мәнерлеп оқиды. ә) Оқушылар дауыстап қайталайды. б)жаңа сөздермен сөз тіркесін құрастырады.в)2 сөз тіркесімен сөйлем құрастырады
V. «Мәдени мұра» мұражайына саяхат:1.Қазақстанның зергерлік өнері
Алтыннан, күмістен, асыл тастардан, металдардан, жақұттардан зергерлер әйелдер үшін әшекейлер жасау, әр түрлі кеуде әшекейлері, өңіржиек, тұмарша, бұрым әшекейлері-шолпы, шашбау, білезіктер, сақина, жүзіктер, қапсырмалар, ілгектер жасалған.Әйелдердің әшекейлерін жасаған кезде түрлі техника қолданылды: құю, өрнек салу, нақыштау, т.б.
2.Слайд шоу а) баскиім әшекейлері (головные украшение)
ә) білезіктер,жүзіктер,сақиналар (браслеты,перстни, кольца)
б) дене әшекейлері (нательные украшение)
в) ілгектер және түймелер (застежки и пуговицы)
г) гигиеналық жинақтар (гигиенические наборы)
ҮІ. Қыздарға арналған ұлттық зергерлік бұйымдар
Мәтінмен жұмыс:
Анасын, әйелін, қызын ардақтаған қазақ халқы олардың ішкі жан дүниесінің мөлдірлігімен қатар сыртқы келбеті мен тұлғасының да сұлу болғанын қалаған. Зергерлік бұйымдардың көздеріне шеберлер ақық (агат), теңбіл тас (сланец), перуза (бирюза), маржан (коралл), лағыл (рубин), янтарь сияқты асыл тастарды пайдаланған. Әр зергердің өз қолтаңбасы болған «шебердің қолын» соған қарап таныған. Дәстүрлі қазақ тұрмысында тастарға деген оң көзқарас бүгінге дейін сақталып отыр. Інжу көзге түсетін катарактыны, янтарь зоб ауруын емдейді десе, маржан көз бен тіл тиюден сақтайды, қарғыстан қорғайды, перуза бақыт әкеледі дейді. Зейнет пен қуаныш тасы деп танылған ақық тас қай кезде де үлкен сұранысқа ие.
ҮІІ. «Жедел жауап аялдамасы»
1. Қазақ халқы қыздарын қандай болғанын қалаған?
2. Зергерлер қандай асыл тастарды шебер пайдаланған?
3. Асыл тастардың адам ағзасына немесе өміріне тигізер пайдасы бар ма?
4. Зейнет пен қуаныш тасы деп қандай тасты атаған?
ҮІІІ «Зергерлік бұйым дүкені» аялдамасы.
Зергерлік бұйым дүкенінен өзіңе ұнаған әшекей сатып алу үшін орындалатын тапсырма:
I деңгей
1. Болжалдық сан есімдерді тауып, құрмына қарай талда.
Қыздарға арналған он шақты зергерлік әшекей бұйымдар табылды.
Қазақ зергерлері көбінесе қыз-келіншектердің ажарын ашу мақсатында бес- алты ою өрнектерді қолданады. Жетілердегі қыз бала құлағына сырға тағады.
2. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойыңыз.
Керекті сөздер:
бұйымдарды, үкілі сәукеле, білезік, белдік,шолпы, бас киім, Бөкей ордасында, 2000 сомға, тіршіліктің күші, шашбау;
Қымбат әшекей ... – сырға мен жүзік, сақина мен білезік, алқа, диадема мен шолпыларды қалай тағудың өзіндік қатаң қағидалары болған.
Қазақ аруларының басына ... ... киіп, құлағына алтын сырға тағып, білегіне ... киюі, беліне ... буынып, шашына ... қадауы олардың парасатының биіктігі мен эстетикалық талғамының жоғары болғанын куәлайды.
Әйел киімінің басты элементінің бірі - ... . Аса көркем әшекейленген қымбат сәукелелер кездескен бір түрінің құны ... күміс ақшамен 1000 сомға бағаланса, Семей төңірегінде ... жеткен көрінеді.
Қазақ халқы әйел шашының ұшында ... бар деп есептеген. Сондықтан шашты қимай, бұрым етіп өріп, шолпы немесе ... байланған.
II деңгей
1. Сөйлемдегі сөздерді бос орынға дұрыс орналастыр.
Шолпы таққан бойжеткендер денені тік ұстауы керек.Тиындар кісі алдынан өткенде сылдырласа, ол үлкен әдепсіздік деп есептелген.
Әр шебер өз өнерін балаларына ғана үйретіп отырған. Ұста - зергерлердің жұмыс істейтін орны ертеректе дүкен деп аталған.
2. «Алтын» зергерлік дүкеніне саяхат (диалог құру)
- Елдана, зергерлік бұйымдар дүкенінде болдың ба?
- Не сатып алдыңдар?
- - Қандай білезік?
- - Тағы не бар екен?
- Сен не сатып алар едің?
III деңгей Шығармашылық деңгей 1-тапсырма. Қазақ тіліндегі сөздерді орыс тіліндегі аудармасымен сәйкестендіру
2-тапсырма Жаңа сөздерді мағынасына қарай берілген сөйлемдерге орналастырып, сөйлемдерді аяқтау.
Білезіктер ______________________________________ безендіріледі.
Сақиналы білезіктерге сақиналар _________________
______________ жалғасады.
Білезіктерді күміс сымдардан __________ те жасайтын болған.
Сабақты бекіту:
«Келісемін/келіспеймін» әдісі
1.Сақинаны дәрігер жасайды. Келісесің бе?
2.Сақинаны құлаққа тағады. Келісесің бе?
3.Білезікті ұл балалар тағады. Солай ма?
4.Әшекей бұйымдарды зергер жасайды. Келісесің бе?
5.Сырғаны қолға тағады. Келісесің бе?
6.Зергерлік бұйымдардың денсаулыққа да пайдасы бар. Келісесің бе?
Сабақты бағалау.
Үй тапсырмасы: Суретін салып, әңгімелеу. Әр оқушы өз қалауы бойынша төменде ұсынылған тақырыптар негізінде эссе жазу немесе әшекей жасау. «Егер мен зергер болсам ... » Әшекей жасап келу.