С?ндік ?олданбалы б?йымдар: сыр?а, білезік


5-24
Сабақтың тақырыбы: Сәндік қолданбалы бұйымдар: сырға, білезікСабақтың мақсаты:Білімділігі: қазақ халқының сәндік қолданбалы өнері жайлы жалпы мағлұматтар беру, олардың түрлерімен таныстыру.Дамытушылығы: оқушыларға ұлттық бұйымдардың адам өміріндегі маңызын айту, олардың қабілеттерін ғылыми негізде дамыту.Тәрбиелігі: оқушыларды ұлттық салт-дәстүрге, отансүйгіштікке ұлттық өнер ерекшеліктерін сезінуге тәрбиелеу.Түрі: араласӘдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелеу, бейнелеу.Көрнекілігі: кітаптар, қолөнер бұйымдары, сөзжұмбақ, домбыраның құрылымы, оның суретін салу.Құрал - жабдықтар: түрлі-түсті қарындаштар, өшіргіш,  ұштағыш,қайшы,  сызғыш. т. б.Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі:а) оқушылармен сәлемдесуә) құрал - жабдығын тексеруб) назарларын сабаққа аударуІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.Сәндік- қолданбалы өнер деп тек қана тәжірибелік жағынан емес, эстетикалық мәні жағынан да маңызы көркем жасалған өндірістік немесе қолөнер арқылы өмірге келген көркем туындыны айтады. Қазіргі кездегідей бұрынғы өткен заманда да адамдар өз тұрмысын өздері әсемдеуге ұмтылған. Адам өмірінде сәндік қолданбалы өнер шығармалары үлкен орын алады. Қазақ жерінде ХV ғасырда қолөнер қолөнер ұлттық дәстүр тұрғысынан дамыған.Сәндік – қолданбалы өнерге: алаша, тоқыма бұйымдар, ағаштан жасалған бұйымдар, темірден түйілген бұйымдар, барлық адам қолынан шыққан қолөнер бұйымдарын жатқызамыз.
Зергерлік бұйымдар. Білезік- білекке салынатын сәнді зат. Сырға – әйелдердің құлаққа салынатын сәнді зат, алтын, күмістен, асыл тастардан жасалған.Алқа – алтын, күміс, маржанмен әшекейленген омырауша, өңір, өңірше.Демек қазақ халқының қолөнер бұйымдарының түрлері өте көп. Олардың шығу тарихы алуан түрлі. Міне осындай өнеріміз «Өнер-өмірдің өзіңдей мәңгілік» демекші ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып, өмірмен бірге ұштасып келедіІІ тур   Тәжірибелік кезең.
V. БекітуVI. Қорытындылау.- Қолөнер бұйымдарын жасаушылар неше топқа бөлінеді?- 4- Қандай?- Зергерлер, ұсталар, ісмерлер, ағаш шеберлері.VII. БағалауVIII. Үйге тапсырма:1. Сыныптағы тапсырмасын аяқтау.