Бейнелеу ?нері саба?ында о?ушыларды? шы?армашылы? ?абілеттерін дамыту


«Дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Мұхтар Арын атындағы №24 «Экономика және бизнес» арнаулы лицейі» КММ
Бейнелеу өнері сабағында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
Шығрмашылық -негізгі білім болғандықтан,оқушының білім деңгейіне сүйене отырып,олармен дайындық жұмыстарын жоспарлы түрде ұйымдастыру қажет.Білімге деген ынтасын,қызығушылығын тұрақтылығын қалыптастыру жолдарын әр түрлі тапсырмаларды орындау арқылы бақылап отырған абзал.
Оқушыныңбойындағы шығармашылыққабілетті дамытужалпы білім беретін пәедерді оқып үйрену кезінде және оқу еңбекпроцессінде алған білімдерінің негізінде жүзеге асырылады. Шығармашылыққабілетті дамыттудыңмаңызды шартыадамның табандылығы болып табылады.Табанды болмай тұрып,ізденістің болуы мүмкін емес. Білім сапасына қойылатын қазіргі заман талабының бастысы бұл баланың интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Шығармашыл адам-жасампаз тұлға. Ол өзін,айналасын, қоғамды жаңартып отырады. Тұлға іс-әрекеттті өзіне және айналасына қарым-қатынасы арқылы, шығармашылық қабілеттерін жүзеге асыру арқылы қалыптасады. Содықтан баланың табиғи бейімділігін дамытып, тұрқты,әлеуметтік құнды шығармашылық қабілеке айналдырудың, оы әрекетке педагогикалық басшылық етудің маңызы зор. Шығармашылық бағыттың дамуы адамның өзін тұлға сезінуімен айналасына өзіндік көзқарасы болуына байланысты. Шығармашылық бағыттың дамуына денсаулығы, пихологиялық қызметтің дамуы, негізгі шарты әлеуметттік даму жағдайы негіз болады.
Баланың шығармашылық қасиеті кішкентайынан көріне бастайды. Шығармашылық- бала дамуының қалыпты жағдайы. Алайда шығармашылыққа бейімділік бірте-бірте жоғала бастайды, ол балаға да, қоғамға да кері әсер етеді. Шығармашыл адам жаңашыл, ізденімпаз болады, өмірі қызық маақсаттарын жүзеге асыру барысында өз жолын ашып, кедергілерді жеңе алады, үздіксіз алдығажылжып отырады.
Шығармашыл тұлға шығармашылық іс-әрекетте болады, іс-әрекеттің барлық түрінде шығармашылықпен дамиды. Сонымен шығарашылық тұлға болу дегеніміз- дүниенің тану және жаңарту арқылы болмысқа қарасты тұлғаның айқындалуы. Ойы мен сезімін, дүниеге көзқарасынкөркем образдармен жаңаша сипатта,тың шешіммен жекізе алуы. Сондықтан шығармашылық қабілет үздіксіз ізденісі, қажырлы еңбекті талап етеді. Біз шәкірт бойындағы бейім мен қабілетті, икемді, дарын ұшқынынан, оның сол өнергедеген ынта-ықыласын сезген жағдайда оны қолдап, демеп отыруға тиіспіз.
Оқушының бейнелеу өнерінен білімін көтерудің ең басты шарты- оның пәнге деген қызығушылығын арттыру. Пәнге деген қызығушылығы болса ғана, бала оған көңіл қойып тыңдап, тереңдете үйрене бастайды. Мұғалім үнемі оқушының ойлау белсенділігін арттырып, білімге қызығушылығын тудырғанда ғана сабақ мақсатына жетеді, оқушы қызығушылығын тудырудың тәсілдері өте көп. Олар: сабақ барысында қолданылатын бұйымдармен (гуашь, акварель, пастел, көмір т.б.)жұмыс істеу, жақсы дайындықпен өткізілген күнделікті сабақтар. Дұрыс ұйымдастырылған сабақ оқушының ой-өрісін кеңейтеді. Оқушының пәнге қызығушылығы оның табысты да үбегейлі игерудің негізгі шарты. Егер оқушы пәнге қызықса, онда оны игеру барысындағы қиындықтарды жеңіп, рухани әсер алады.
Бейнелеу өнері бойынша: өнер мен мәдениеттің көркемдік шығармаларын (кескіндеме,графика,мүсін,сәулет өнері, дизайн, халық сәндік өнер) эстетикалық ұрғыанқабылайтын; көлемдік және жазықтықбетінебейнелеудіңәртүрліформадары (натураға қарап, еске түсірубойынша, ұғым бойынша, елестету бойынша сурет салу) сәндікжәнеқұрастыру жұмыстарында көркемдік іс әрекеттер дағдыларын меңгеретін; бастапқыкөркемдік ой-өріс, бейнелеу өнерінің түрлері, жанрлары, стильдерімен ойлардың белгілі өер шеберлерінің шығарма ерекшеліктері жайлы білімге ие болатын көркемдік және жас суретшілік компетентігіне ие болады
Оқушы өнер саласынан компетентті болу үшін әрдайым шығармашылықпен ізденуі, қоршаған орта мен бейнелеу құралдарын зерделенуі; шығармашылық, абстрактылы, ассоциативті ойлауы, сыныпта, топта еңбек етуі нұсқауды күтпей іске кірісуі қажет
Сурет салу аймағында оқушылар әртүрлі материалдармен жұмыс орындау техникасындағы дағдыларды меңгеру, жұмыс жоспарын жоспарлау, суретшішығармаларын бағалау, әртүрлі көркемдік материалдарды пайдалану,сурет салу, құрастыру, безендіру шығармашылық әрекеттерін іске асыру, өз бетімен анализ жасау, пікірін айту компетенттігіне ие болу.
Бейелеу өнеріндегі түрлі тәсілдерді қолданып, оқушыларды шығармашылыққа баулу қажет. Олар:
өсімдіктермен бастыру әдісі
«Көкөністер» бастырмасы
Саусақпен сурет салу
Нүктелер арқылы сурет салу
Акварельмен сурет салу
Үрлеу арқылы сурет салу
Көмірмен сурет салу
«Жіп» графикасы
Гуашпен сурет салу
Пастелмен сурет салу
Оқушылар бейнелеу өнеріндегі жұмыс үрлерінің кейбіреулеріне аса қызығушылық танытса, кейбір жұмыс түрлеріне аса қызықпайды, бірақ ол жұмыстармен көбірек жұмыс істей келе қызығушылықтары оянады.
Осы жұмыстардан күтілетін нәтиже мынандай:
Өзіне деген сенімділік пен сезімталдық және көркемдік- шығармашылық әрекет
Өтеріңкі көңіл күй туырады
Ұақ және дәл қимылдары дамиды
Балалар мен ересектер арасындағы байланыс
Балалардың қилының дамуына мол әсерін тигізеді
Шығармашылыққа баулу баланың бойындағы икемділік, ерекше ойлау, шексіз қиялдау және күтпеген ерекше шешімдер қабылдау сияқты қасиеттерді қалыптастырады.
Талықорған қалсы ДБААЛ №24
Бейелеу пәнінің мұғалімі Кенесбаева А.А.