«Мені ?ызы?тыр?ан ?лем» атты информатика п?ні апталы?ыны? жабылу салтанаты



Маңғыстау облысы
Бейнеу ауданы
«Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжі»
Жоғары санатты информатика пәні оқытушысы
Аюпова Назым Байдуллаевна
«Мені қызықтырған әлем» атты информатика пәні апталығының жабылу салтанаты
Жүргізушілер: 1. Майланова Айгерім
2. Изтелиев Шынболат
1-жүргізуші:Айгерім, оқытушылар мен студенттеріміз жиналып қалыпты ғой,ендеше бүгінгі апталығымыздың жабылу салтанатын бастайық.
2-жүргізуші: Ия,Шынболат бастасақ бастайық.
Құрметті студенттер мен оқытушылар! Бүгінгі «Мені қызықтырған әлем!» тақырыбында өткен информатика пәні апталығының жабылу салтанатына қош келдіңіздер!
1-жүргізуші:Білім алушылардың қызығушылығын арттыру барысында пән апталықтарының орны ерекше. Бұл апталықты өткізудегі негізгі мақсатымыз – білім алушылар информатиканы тек сабақта ғана пайдаланып қоймай, басқа пәндермен де байланысты екенін түсіндіру. Сол мақсатта түрлі сайыстар мен іс - шаралар өткізелді. Сол іс - шаралар арқылы сіздердің пәнге деген қызығушылықтарыңыз бен құрметтеріңізді оятуға тырыстық.
2-жүргізуші:
Жетпесіңе жеткізген,
Қызықты уақыт өткізген.
Бар ғылымды сыйдырып,
Білетіні көп бізден.
Жаңалықтың жаршысы,
Жұртты елең еткізген
Информатикаға мың алғыс! – дей келе келесі кезекті әнге берейік.
Ән: « Менің қазағым» орындайтын:ИнБ-93 тобы студенттері:
Нурова Гаухар,Куашова Айгерім
1-жүргізуші:Рахмет,қыздар! Айгерім,менің есіме бірнеше информатика пәніне байланысты жұмбақтар түсіп тұр,сол жұмбақтарды көрермендермен бөліскім келіп тұрғаны.
2-жүргізуші:Ендеше айт,шешуін тауып көрейік.
1-жүргізуші:Жарайды бастайын.
Тетігін бассаң алаңсыз Жазады қалам қағазсыз. (компьютер)
Батырмасын басасың Қажет файлды ашасың. (тышқан)
Экранның беті оның тұрағы Қашан болса жыпылықтап тұрады. (курсор)
Ақпаратты қағазға шығарады, Бұл құрылым қалай деп аталады? (принтер)
2-жүргізуші:Жарайсыздар,рахмет!
Күні кеше топтар арасында информатика пәні оқытушысы Махмутова Асемгүл апайымыздың ұйымдастыруымен EXPO-2017 техникалық жобалар көрмесі өткен болатын.Сол көрмеден ең үздіктерін сіздердің назарларыңызға ұсынғымыз келіп отыр.Мұнда студенттеріміз өздері қолдан жасалған дүниелерімен таныстырып өтеді.Ортаға өнертапқыш студенттерімізді шақырамыз.
ТжБ-22 тобы студенті Айнашов Амандық-жедел қуат алатын генератор
ДтБ-63 тобы студенті Абылов Асылбек-субұлақ
ДтБ-62 тобы студенті Өтепов Аманғали – 3Д галограмма
ИнБ-84 тобы студенті Тұрғанбаев Нұрсултан-проектор
1-жүргізуші: Өте жақсы,сіздерге көп-көп рахмет. Келесі кезекті бір топ студенттерімізге берейік.
Компьютер туралы частушки
Эту мышку даже мама
Может смело в руки брать.
У неё на спинке кнопки,
Чтоб программы выбирать.
 
Раньше шкаф от толстых книжек
Рассыпался и трещал,
А теперь все эти книжки
Я на диск один «ужал».
 
От сестрёнки своей Оли
Все секреты «запаролил».
Пусть попробует теперь
Вскрыть в мои икс-файлы дверь!
 
У доски я всё сбиваюсь,
Не могу ответ найти.
Может, мне из класса выйти
И по новой в класс войти?
 
Петька, жадина, не дал
Откусить конфету!
Я ему за это дам...
С вирусом дискету!
 
Ах, зачем вам, Марь Иванна,
Бегать на уроки?!
Киньте курс ваш на компьютер –
Меньше всем мороки!
 
Не знакомлюсь во дворе я –
Следую совету,
Женихов всех завожу
Лишь по Интернету.
 
Ах, подруженьки мои,
Как же я любила!
На свиданья в Интернет
К милому ходила.
 
Помогите нашей Свете –
Заблудилась в Интернете!
Целый день уж там блуждает,
Ведь всего две буквы знает.
 
Делать Коля стенгазету
За компьютер сел с утра.
Но тотчас забыл про это:
Увлекла его игра.
 
Есть компьютер у Кравцова,
Он за ним весь день сидит.
А придёт Антон наш в школу –
И задачку не решит.
 
Диск попортился, ну что ж,
Вот топор, стамеска, нож.
Нет, подайте им DiskDoctor,
Ох, уж эта молодёжь!
1-жүргізуші:
Күй «Ерке сылқым » Орындайтын: Айтмуратова Маржан
2-жүргізуші:
Болам десең теңізші,
не ұшқыш қаласаң,
Дәрігерлікте жақсы ғой,
Қызметке жарасаң.
Ал сол үшін біздерге,
Информатика керек қой!
Сондықтан да, сондықтан
Сол ғылымның тілін біл-дей келе ИнБ-84 тобы дайындаған көрінісін тамашалайық.
2-жүргізуші:
Рахмет,жарайсыздар!
Ортаға барлық қатысушылар шығады.
Информатика болашаққа бастайды,
Келешекке білім қуған жастарды.
Қадам басып 21-ші ғасырға,
Барлық әлем жаңалығын тастайды –дей келе бүгінгі кешімізді аяқтаймыз. Сау саламатта болыңыздар!