Ата-аналар?а коучинг Ата-аналар білімге ?атысушылар ма ?лде ба?ылаушылар ма?


Ата-аналармен Коучинг-сессия жоспары

Тақырыбы:
Ата-аналар білімге қатысушылар ма әлде бақылаушылар ма?
Өткізілген уақыты: 03.11.2016ж
Сынып жетекші: Толегенева Райхан Баймухамбетовна
Жалпы мақсаты: Ата-ана мен мектеп арасындағы бала тәрбиесіне қатысты жауапкершілікті бірдей бөлу туралы түсінікті кеңейту
Міндеттері Ата-ана мен мұғалім арасында қатынасты жақсарту;
Бала тәрбиесіне қатысты ортақ мәселелерді анықтау
«Ұстаз-ата-ана» өзараәрекет құндылықтарын түсіну
Негізгі идеялары: Ата-ана мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты кеңейту
Нәтижелері Ата-ана бала тәрбиесіне отбасының маңызды рөл атқаратыны туралы түсінік алады.
Бала тәрбиесінде, білім алуында ата-ана қадағалаушы емес, қатысушы екенін түсінеді.
Ата-аналар оқу үрдісінде белсенді қатысуға мүмкіндік алады.
Қолданылатын рeсурстaр: Проектор, стикeрлер, маркерлер, слайдтар, видеоматериалдар.
Коучинг барысы:
Сабақтың кезеңдері Уақыты Коучтың іс-әрекеті Ата-аналардың іс-әрекеті
Психологиялық көңіл күй қалыптастыру 3 мин. «Комплимент» активити (тренинг) жасау арқылы қатысушылардың жақсы көңіл – күйлерін, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
Бір-бірімізге тілектер айтамыз
Топқа бөлу 2 мин. Топқа бөліну (қима қағаздар арқылы) «Мектеп», «Көше», «Ата-ана» деген топтарға бөліну
Қатысушылар қима қағаздарды алу арқылы топтарға бөлінеді
Белсендіру 10 мин. «Миға шабуыл»
Топтарға сұрақ: Тәрбие дегеніміз не? Өз ойларын, түйінді идеяларын айтады. Баланың жеке тұлғасын мектеп, ата-ана, көше қалыптастыратынын ұғындыру
Практикалық топтық жұмыс 15 мин. «Рөлдік ойын» Әр топ постер қ
Баяндама «Отбасы мен бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі» тақырыбында оқылады. Бала тәрбиесіндегі анамен қатар әкенің де тәрбиесі маңызы рөл атқаратыны айтылады. Әр топ постерге ата-ана, мектеп, көше тәрбиесінің жағымды, жағымсыз жақтарын түсіреді. Топ көшбасшылары қорғайды.
Сергіту 2 мин. Жез құмған-ай» бейнеклипін тамашалау Көңілдерін көтереді.
Түйінді таныстырылым 7 мин. «Барлық адамдар ханзада мен ханшайым болып дүниеге келеді» Ойланады,қорытынды жасайды.Әркім өз баласына сену керек.Қадағалаушы емес қатысушы болу керек деген шешім жасайды.
Таныстырылым 5 Бейнеролик «Төрт майшам туралы аңыз»
Баланың қорқынышы мен қиындықтарын ересектер баламен бірлесе шешуі керек.Күнделікті отбасындағы қарым-қатынас пен бала өміріндегі ата-ананың қатысы отбасына көптеген мәселелер мен түсініспеушіліктерді, шиеленістерді болдырмаудан құтқарады. Әр ата-ана таныстырылым бойынша түсінігін ортаға салады.
Кері байланыс
(рефлексия) 1 мин. Ата-аналарға кесінді сұрақтарды таңдап алып, соған жауап беру ұсынылады. 1.Өз балаңызды қандай болып көргіңіз келеді?
2.Мінез құлқы қандай болғанын қалайсыз?
Толтырады. Бүгінгі сабақтан алған әсерін сұрақтарға жауап беру арқылы білдіреді.