Саба? жоспары та?ырыбы: Абай ??нанбаев ?ыс


Пәні: Әдебиеттік оқу
Сыныбы: 3 «Г»
Сабақтың тақырыбы: А. Құнанбаев «Қыс»Сабақтың мақсаты: Оқушыларды қазақ халқының ұлы ақыны Абай шығармаларын оқып үйренуге баулу. Бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырып, кеңейтуге көмектесу.Дамытушылығы. Оқушыларға бағыт - бағдар бере отырып, өздіктерінен жұмыс істеу, іздену, білім, іскерлік дағдыларын қалыптастыру, ой - өрісін, сөздік қорын, тіл байлығын дамыту.Тәрбиелілігі. Туған жер табиғатын сүюге және қорғауға, ұқыптылыққа, тапқырлық пен ізденімпаздыққа тәрбиелеу.Көрнекілігі. Абай суреті. Қыс суреті, ребус, сабаққа қатысты сызба, оқулық,слайд,АКТ.Сабақтың түрі: Дамытушылық, жаңа білім беру.Сабақтың әдістері: баяндау, сұрақ - жауап, тіл дамыту, шығармашылық жұмыс, ой қозғау.Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды 3 топқа бөліп отырғызу.Құрал – жабдықтарын түгендеп сабаққа әзірліктерін байқау.--- Балалар,бізде қазір не сабақ? Адамға мол тәлімің
Ақыл ойдың бәрісің
Әдеп тәртіп үйреткен
Әдебиет пәнісің
ІІ. Психологиялық дайындық.Барлығымыз көзімізді жұмып:Мен сабақта мектептемінМенің зейінім тұрақтыМен жақсы ойлап отырмын - дейміз.ІІІ. Үй тапсырмасын сұрауӨтілген тарау бойынша оқушы білімін пысықтау. «Ойлы болсаң озып көр» ойыны. Жаңа сабақ.ІV. «Ой қозғау» стратегиясы.Сөзжұмбақ шешу.1. Қыста ғана болады Ұстасаң, қолың тоңады. (Қар)2. Мұрны жоқ шымшық мұз тесер. (Тамшы)3. Жылт – жылт еткен, Жырадан өткен. (Су)Балалар, бүгін қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы, дана, кемеңгер, ұлы ақынымыз Абай Құнанбаевтың табиғат жайында жазған «Қыс» атты өлеңімен танысамыз.V. Кіріспе. 1. Ақынның өмірбаяны. 2. Өлеңнің шығу тарихы. 3. Лирика сөзіне түсініктеме беріледі.
VІ. Поэзия минуты.1. Мұғалімнің өлеңді жатқа айтуы.
2. Бейне таспа арқылы тыңдату.
YI. Оқулықпен жұмыс
Әр топ бір – бір шумақтан оқиды.
YII. Сөздік жұмысСоқыр - мылқау - түк көрмейтін.Оқшырайтып – бір шекесіне сәндеп қию.Шидем – жұқа тоқылған сырт киім.Ұлпа – жеңіл, жұқа қар.Бұрқ - сарқ - қатты дауыл, боран.Алты қанат ақ орда - алты керегелі үлкен үйҮІІI. Сергіту сәті.Мынау менің - жүрегім,Бәрі осыдан басталған.Мынау – басым ақылды,Бәрін осы басқарғанМынау менің - оң қолым.Мынау менің - сол қолымБарлық істі атқарған.ІХ. Өлеңнің ішкі мәнін сұрақ - жауап арқылы ашу.1. Автор қысты кімге теңеп тұр? (Қысты адамға, кәрі шалға)2. Шалдың киімдері қандай? (Ақ киімді, үстін ақ қырау басқан)3. Киім деп отырғаны не? (Ол жауған қар, қатқан мұз)4. Автор суреттеп отырған шалды кімге ұқсатуға болады? (Аяз атаға)5. Өлеңдегі шалдың мінезі қандай? (Ол қатал, соқыр, мылқау адам сияқты)6. Соқыр мылқау дейтін себебі не? (Ол ештеңені көрмейді, аямайды, бәрін тоңдырады)7. Түрі, түсі қандай? (Түсі ақ қырау сияқты, түсі суық болады)8. Түсі суық дегенді қалай түсінесіңдер? (Қатал, ашулы адамның түсі суық болады).Толықтыру.Ақын қысты жанды адам бейнесіндей суреттеген. Бұл Абайдың жаңалығы, себебі Абайға дейін ешбір ақын табиғатты жанды нәрсеге теңемеген. Абай атамыз қыстың қатты болатынын, үскірік аязды қорқыныш әкелген қатал бейнеде көрсеткен. Мал баққан қазақ даласының тіршілігі мен бейнесін суреттеген.Х. Шығармашылық жұмыс.1 - топ. «Қыс қызығы» тақырыбына әңгіме жазу2 - топ. Қыс мезгіліне байланысты мақал - мәтелдер, таным - сенімдер айту.3 - топ. Өлеңді аяқтап жазу................................ даламыз............................... баламыз............................... шанамыз............................... боламыз.ХI. «Топтастыру» стратегиясы.Абай --------→ Ақын, ойшыл, данышпан, сазгер, сыншы, табиғат суретшісі, аудармашыАбай---------→ кемеңгер, әкесі Құнанбай, анасы Ұлжан, әжесі Зере, азан шақырып қойған аты ИбраһимХII. Қорытынды. Олай болса , балалар, біз Абай атамыз туралы білетінімізді байқадық . Абай атамызды бүкіл әлемге танытқан жазушы М.Әуезов.Ол өзінің «Абай жолы» романы арқылы танытты. Сабағымның соңында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен аяқтағым келеді.ХIІІ. Үйге тапсырма. Күнделікті енді ашайық Үй тапсырмасын жазайық
Бүгінгі алған білімді
Ұмытпай , есте сақтайық
«Қыс» өлеңін жаттау (115 – бет)
«Қысқы көрініс» тақырыбына сурет салу.
XІҮ.Бағалау.
--