«Абай –дана,Абай-дара, ?аза?та» (100 кітап жобасы) (5 сынып)


«Абай –дана,Абай-дара, қазақта» (100 кітап жобасы)

Мақсаты: - Абай шығармашылығын жас ұрпақтың «жүрегіне терең бойлатып», Абайдың жұмбақ әлемінің тылсым сырларына үңілту;
- «Сөз патшасы - өлең» құдіретінің асыл сөз маржандарын бойларына сіңірту,
ой - қиялдарын поэзия әлеміне енгізу;
- Ғұлама Абай мұрасын, нақыл сөздерін, философиялық ой - толғауларын насихаттау
Өлеңді мәнерлеп оқу: Масхұтхан Ақмаржан«Өлең сөздің патшасы сөз сарасы»
1 - жүргізуші: Армысыздар, қадірменді ұстаздар, әдебиет сүйер қауым,
білім нәріне құмар оқушылар!
2 - жүргіуші: «100» кітап жобасы бойынша Қазақ халқының ұлы ақыны, әдеби тілінің негізін салушы, аудармашы, сазгер, дана, дара тұлға А. Құнанбаевтың шығармашылығына арналған
«Абай –дана,Абай-дара, қазақта» атты тағылымды кешке қош келдіңіздер!
«Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай біздің ұлттық ұранымыз болуға тиіс».
1 - жүргізуші: Абай мұрасы - қазақтың ең қасиетті, теңдесі жоқ, алтын қазынасы.
Заман ауысып, уақыт өткен сайын халқымыз ғұлама Абайдың рухани дүниесіне терең бойлап, оның ұлылығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға түседі. Абай өзінің туған халқымен мәңгі - бақи бірге жасайды, ғасырлар бойы қалың елін қазағын жаңа биіктерге, асқар асуларға шақыра береді.
2-жүргізуші:Ұлы Абайдың шығармашылығы бүгінгі заман талабына сай қайта түлеп, жыл өткен сайын жаңғырып ұрпақ тәрбиесінде өзіндік үлес қосып келеді.
1 - жүргізуші: Ақын шығармалары - оның қазақ әдебиеті тарихында ерекше орны бар классик ақын екендігін дәлелдейді.
М. Әуезов Абайды «Қазақтың классик әдебиетінің атасы, қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі» деп атауы да жайдан жай емес.
2 - жүргізуші:80 - жылдардың орта кезінен бастап Абай ақындық жолға біржола бет бұрады. Бұл кездегі өлеңдері - толысқан ой - сананың жемісі.
Мысалы «Дүние де өзі, мал да өзі,
Ғылымға көңіл бөлсеңіз»
Ғылым, білім туралы көзқарасы
- «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»
- «Интернатта оқып жүр»
- «Ғылым таппай мақтанба»тағы басқа өлеңдеріжазылған.
Ортаға бір топ оқушыларды шақырайық:
1. «Интернатта оқып жүр» Төлеуова Назерке 5 «а»сыныбы
2. «Ғылым таппай мақтанба» Сейтбек Дінмұхаммед 5 «в»сыныбы
3.«Әсемпаз болма әрнеге» Саржан Назерке 5 «в»сыныбы
4.«Сабырсыз,арсыз,еріншек» Әбдірей Оңдасын 5 «в»сыныбы
5.«Жасымда ғылым бар деп ескермедім» Ермекбай Айбар 5 «ә»сыныбы
6. «Құлақтан кіріп бойды алар» Қанат Томирис 5 «б»сыныбы
7. «Білімдіден шыққан сөз» Аманбек Сыйлар 5 «б»сыныбы
Музыкалық номер: Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әні.
1 - жүргізуші: Абай – озық мәдениетті насихаттаумен қатар, әлеуметтік - азаматтық санасы өскен, халықтың үлкен қайраткері.
Абай Құнанбаевтың өлеңдеріне кезек берейік:
8.«Өлсе өлер табиғат,адам өлмес»Айтбай Тоғжан 5 «а»сыныбы
9. «Сенбе жұртқа,тұрса да қанша мақтап» Балабиева Индира 5 «ә»сыныбы
10.«Заман ақыр жастары»Жақан Хамзе 5 «а»сыныбы
11.«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» Баянова Аяулым 5 «б»сыныбы
1 - жүргізуші: Абай – озық мәдениетті насихаттаумен қатар, әлеуметтік - азаматтық санасы өскен, халықтың үлкен қайраткері.
12.«Қалың елім, қазағым,Қайран жұртым»Асқар Аружан 5 «ә»сыныбы
13. Сабырсыз, арсыз, еріншек»Қуандық Азамат 5 «ә» сыныбы
14. «Адасқанның алды жөн, арты соқпақ»Қойшыбек Олжас 5 «ә»сыныбы
15.«Өлсем орным қара жер сыз болмай ма?»Дербес Оразалы 5 «а»сыныбы
16.«Біреудің кісісі өлсе, қаралы ел» Исатай Аяулым 5 «б»сыныбы
17. «Қансонарда бүркітші шығады аңға» Иманғали 5 «б»сыныбы
18. «Қараша,желтоқсан мен сол бір екі ай»Асамбеков Темирлан 5 «а» сыныбы
2 - оқушы: Абай жас ұрпаққа айтар ақылы да, уағызы да аз болмаған. Ол халық тәжірбиесін танытқан шындықты айта отырып, жастарды адамгершілік жолға, адал достыққа үгіттейді.
Слайд: «Кемді күн қырық дәурен тату өткіз,
Жетпесе біріңдікін бірін жеткіз»
Махаббат, достық лирикасы
• «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат»
• «Есіңде бар ма жас күнің»
• «Ұяламын дегені көңіл үшін»
1 - оқушы: Абай өзінің поэзиясымен қазақтың көркем әдебиетін өлшеусіз биікке көтерді, әдеби тілді дамытып, қалыптастыруда аса үлкен еңбек сіңірді.
«Көркем сөздің асылы - поэзия» деп жоғары бағалай отырып, ақын мен ақындықтың мұрат - мақсаты жайлы жаңа көзқарасын білдіреді.
2 - оқушы: Абай - сазгер. Оның көп өлеңдері өз әнімен тараған 30 - дан астам әні бар, 3 күйі бар. Бүгінгі таңда нотаға түскен, орындалып жүрген классикалық туындылар.
Слайд: Абай – сазгер.
«Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әнді сүйсең, менше сүй»
Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әні
2 - оқушы: Табиғат лирикасы – Абайдың дүниежүзілік озық поэзиядан алған бір үлгісі.
Ақын неғұрлым данышпан болса, соғұрлым табиғатпен терең араласып, оның құшағына тұтас қамтып алады. Табиғатты адаммен, ортамен барынша байланыстыра көрсетеді.
«Табиғат лирикасы»
19.«Жаз» (1886 ж) Жәлел Болашақ 5в сыныбы
20.«Қыс» (1888 ж) Дуйсенбеков Айбек 5в сыныбы
21.«Күз» Шахмардан Бауыржан 5в сыныбы
22.«Жазғытұрым» Шарападинова Аружан 5в сыныбы
1 - оқушы: Абай – данышпан, Абай – кемеңгер. Ол орыс әдебиеті классиктерінің, Европаның бірталай ақындары мен ғалымдарының, ежелгі заман даналарының туындыларымен танысады. Солар арқылы әдеби білімін, дүниетанымын кеңейте түседі.
2 - оқушы: Абай – әдебиеттегі шебер аударма жасаудың үлгісін көрсетті. 70 - 80 шақты аудармалары өзге тілден дәл, нақ аударылған.
Слайд: Ұлылар үндестігі
• А. С. Пушкин және Абай. «Евгений Онегиннен» 8 өлең аударған, көбі – Онегин мен Татьяна хаттары.
• М. Ю. Лермонтов пен Абай.
• Крылов және Абай.
«Татьянаның хаты» өлеңі
Ортада:Аудармалары23.Бердиханова Жансая 5әсыныбы
24.Орзанбай Жангүлім 5ә сыныбы
25.Өмірғалиева Жанерке 5в сыныбы
1 - оқушы: Абайдың поэмалары: «Масғұт», «Ескендір», «Әзім әңгімесі».
Бұл поэмалары қазақ өмірінің шындығын суреттеуге құрылмаған. Шығыстық оқиғалар сарынында жазылған. Идеясы – ұстаздық, тәрбиелік ой - мақсаттарға бейімдеп, көпке үлгі көрсету.
Мысалы«Масғұт» поэмасында – достықты қадір тұтады, ер мен әйел теңдігін жақтайды.
2 - оқушы: Абайға дейін қазақ әдебиетінде болмаған үлгі – ол Абайдың қара сөздері.
Абайдың қара сөздері – көркем шығарма түрінде емес, ақынның өмір сабақтары туралы ойларын, содан туындайтын даналық, философиялық түйіндерді жинақтаған публицистикалық үлгіде жазылған ақыл - өнеге, өсиет, ғибрат сөздер. Жалпы қара сөздер саны 46. Оның 46 - сы аяқталмаған. Абайдың қара сөздері өз кезі үшін де, бүгін де бағасы зор.
Абайдың қара сөздеріне кезек берейік . 26.ӨмірғалиеваЖанерке 5в сыныбы
27.Жақан Ақбота 5әсыныбы
28.Конабаев Диас 5әсыныбы
Әнге кезек: Дербес Оразалының орындауында «Көзімнің қарасы»
1 - оқушы: Абайдың шығармашылығын аса жоғары бағалаған А. Байтұрсынов: «Абай – қазақтың бас ақыны. Онан асқан бұрын - соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ» деп жазды.
2 - оқушы: Парасатты болып туған,
Шыңғыстаудың Абайы.
Ән мен жырын мұра қылған,
Сарыарқаның Абайы.
Нақылымен сана құйған,
Қазағымның Абайы.
Ақылымен дана болған,
Бүкіл әлем Абайы!
1 - оқушы: Құрметті, әдебиет сүйер қауым! Абайдың шығармашылығына арналған тағылымды кеш соңына жетті. Поэзия әлемінде келесі кездескенше қош, сау болыңыздар!
«100 кітап жобасынан»