Открытый урок по казахской литературе на тему М?хтар ?уезов «К?ксерек» 7 класс (на казахском языке)


Қазақ әдебиеті
7 сынып
Сабақтың тақырыбы : Мұхтар Әуезов «Көксерек»

Сабақтың мақсаты: а) білімділік
Әңгіменің идеясын жан – жақты талдай отырып ашу.Адамдар мен
көк бөрінің іс – әрекеттерін саралай отырып, адамзаттың табиғатпен
психологиялық тепе – теңдікті сақтау керектігіне көз жеткізу.
ә) дамытушылық
Өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру, іскерлік дағдыла -
рын қалыптастыру ,ойларын еркін жеткізуге баулу.
б) тәрбиелік
Табиғатты сүйіп , аялай білуге дағдыландыру.
Сабақтың әдісі: талдау, жинақтау,дәлелдеу
Сабақтың түрі: сыни тұрғысынан ойлау,игерілген білімді қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: сурет
Сабақ барысы:
1. Психологиялық даярлықты қамтамасыз ету.
2. Үй тапсырмасын пысықтау, жинақтау.

1 слайд
р/с Әңгіменің композициялық элементтері Композициялық
жоспар Әңгіменің
Көркемдік әдіс-тәсілдері
1 Оқиғаның басталуы Қараадыр табиғаты.Қасқырлар мекені. Суреттеу
2 Оқиғаның байланысуы Адамдар шабуылы.Көксеректі асырауы. Баяндау, диалог
3 Оқиғаның дамуы Көксеректің ауыл тірлігін жатсынуы. Баяндау, суреттеу
4 Оқиғаның шиеленісуі Көксеректің өз қандастарына қосылуы. Суреттеу
5 Оқиғаның шарықтау шегі Көксеректің жойқын күшке айналуы. Баяндау, суреттеу
6 Оқиғаның шешімі Құрмаштың қазасы. Диалог
2 .Композициялық жоспарға сүйене отырып , нақты дәлелдермен Көксерекке мінездеме беру.
3. Семантикалық карта.
3 слайд
Кейіпкер сөзі Ауыл адамдары Жұмаш Құрмаш әжесі Бейсембай
Қураған – ай,неңді алып ем? Не жазып ем?
+ Кәпір қырыс неме,кеудесін бермейді,жасымайды.
+ Мына кәпірдің екі көзі жап- жасыл болып кетіпті, тұқымын сезген екен,мұны өлтіріп,терісін алайық. + Қасқырың болса қайтейін , менің қара ала төбетім бір – ақ соғады. + Іздегендеріңнің өзі сол,бәрін істеп жүрген – сол.Енді, соны бір қолға берсе- ау. +
4. Кубизм . Оқушылар кубикті лақтырып, келген тапсырманы орындайды.
1. Көксеректің сыртқы кескін – келбетін суреттеңіз.
2. Салыстыр.Аққасқа мен Көксеректі салыстырыңыз.
3.Зертте. Көк бөрінің қадір – қасиеті туралы әңгімелеңіз.
4. Талда. Кейіпкердің тағдырын талқыға салыңыз.
5. Проблемалық сұрақтар.
1.Жазушының бұл әңгімені жазуына не себеп болды?
2.Адамдардың бөлтірікке жасаған іс – әрекетіне қалай қарайсың?
3. Әңгіменің идеясы не?
4. Көксерек Құрмашпен неге тіл табысты?
5. Құрмаштың өліміне не кінәлі?
Сабақты қорытындылау:
Ата – бабамыз қасқырды « Көк бөрі» деп, оның атын атамай, ұлыма, итқұс, жаманауыз деп атаған.Оны орман санитары деп те атайды. Әңгімедегі бейкүнә бала Құрмаштың өлімі – табиғаттың адамға берген жауабы секілді. Табиғаттың заңдылығын бұзуға болмайды.Табиғатты күшпен бағындыру мүмкін емес.
Үй тапсырмасы: Әңгімені оқу.