Урок по информатике на тему: Компьютерлік графика т?рлері. Векторлы? ж?не растрлы? графиктерді ??ру ж?не ??деу бойынша программмалары. Графикалы? файлдарды? пішімі.


Пәні: Информатика 7сыныпКүні: 02.02.2017 жылСабақтың тақырыбы:Компьютерлік графика түрлері. Векторлық және растрлық графиктерді құру және өңдеу бойынша программмалары. Графикалық файлдардың пішімі.
Сабақтың мақсаты:Білімділік: Оқушыларды компьютерлік графика ұғымыментаныстыра отырып, графиканың түрлері,редакторлары туралы білімдерін қалыптастыру;Дамытушылық: Оқушылардың компьютерлік графикамен жұмыс істеу үйрету арқылы теориялық білімін, ой-өрісін, шапшаң ойлау қабілетін дамыту;Тәрбиелік: Оқушыларды жан-жақты болуға, техникалық құрылғыларды пайдалану барысында жүйелілікке тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: ойын сабақ.Көрнекілік: Слайд, таратпа парақтар, тақта.Сабақтың жоспары:1.Ұйымдастыру2.Өткен сабақты   қайталау3.Жаңа сабақ.4. Қорытынды5. Бағалау.6. Үйге тапсырма беру.
Сабақ барысы:І. Ұйымдастыру: Оқушылармен амандасып.
Сайысқа екі топ қатысады. Оқушыларға компьютердің құрылғыларынан екі құрылғының суреттері таратылады. Соңы таңдау арқылы оқушылар өздерінің топтарының атын табады. Мысалы: (Пернетақта, Тінтуір). Сабақ 5 кезенең тұрады.
І Ұйымдастыру
ІІ Үй тапсырмасын тексеру  кезеңі «Бәйге»  – деп аталадыІІІ Жаңа сабақІҮ Сабақты бекіту кезеңі
«Жұмбақты әлем»«Құрал жабдықтар»
Ү Сабақты қорыту кезеңі  «Тіл өнері»
ҮІ Оқушыларды бағалау
ҮІІ Үйге тапсырма ІІ. Үй жұмысын тексеру:
«Бәйге кезеңі»
Сайысымыздың шарты бойынша  10 сұрақ қойылады.  Сұрақ слайд арқылы беріледі. Бір дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі. Қай  топ бірінші қолын көтереді  сол топ қатысушысы жауап береді.  Дұрыс жауап берме алмаса сұрақ келесі топқа көшеді. Ол топ жауап бере алмаса ешқайсына үпай берілмейді.
Ақпараттық процесдерді жүзеге асыратын  негізгі құрал (компьютер)
Адам мен компьютер арасындағы қарым –қатынас (интерфейс)
Бір байтта қанша бит бар (8бит)
Аты бар бірқатар байттар тізбегі (файл)
Компьютерде жұмыс жасаған кезде адам экраннан қанша қашықтықта отыру қажет? (60-70 см)
Дүниежүзілік компьютер желісі (интернет)
Компьютер ауруы (вирус)
Модель екі классқа бөлінеді  жаз……….(материалдық, ақпараттық).
Барлық құрылғылардың жұмысын басқаратын программа. (операциялық жүйе)
Ақпарат тасушының бір түрі. (флешка)
ІІІ. Жаңа сабақты баяндау:ІІІ. Жаңа сабақ: Компьютерлік графика (оқушылар тақырыпты өздері талқылайды)Компьютерлік графика – әр түрлі кескіндерді (суреттерді, сызбаларды, мультипликацияларды) компьютердің көмегімен алуды қарастыратын информатиканың маңызды саласы.Қазіргі компьютерлік графика қолданылу әдісі бойынша мынадай негізгі салаларға бөлінеді:
Ғылыми графика. Алғашқы компьютерлер тек ғылыми және өндірістік есептерді шығару үшін қолданылды. Есептерден шыққан нәтижелерді дұрыс түсіну үшін оларды графикалық тұрғыда өңдеп, графиктер, мен диаграммалар, сызбалар тұрғызған.
Іскерлік графика – қандай да бір мекеме жұмысының көрсеткіштерін көрнекі түрде ұсыну үшін қолданылатын компьютерлік графиканың маңызды саласы. Іскерлік графиканың көмегімен жоспар көрсеткіштерін, есеп құжаттарын, статистикалық есептерді және т.б. объектілерді көрнекі түрде ұсынуға болады. Іскерлік графиканың программалық жабдықтары электронды кестелердің құрамында болады.
Көркемдік графика немесе жарнамалық-графикалық кескін жасау және редакциялау үшін, мысалы, баспа өнімдерін, жарнама безендіру, фотосуреттерді бояу және өңдеу, мультфильмдер, бейне сабақтар, компьютерлік ойындар жасау үшін қолданыладыЖарнамалық графика (көркемдік графиканың бөлігі) – теледидар пайда болғаннан кейін танымал бола бастады. Қазір компьютердің көмегімен жарнамалық роликтер, мультфильмдер, компьютерлік ойындар, видеодәрістер мен видеопрезентациялар жасалады.Үшөлшемді объектілерден тұратын суреттерді салу, оларды бұру, жақындату, аластату, деформациялау үлкен көлемде математикалық есептеулерді қажет етеді.Компьютерлік анимация деп дисплей экранында қозғалатын кескіндерді жасау өнерін айтады. Суретші қозғалатын объектінің бастапқы және соңғы қалпын бейнелейтін суреттерді ғана салады, ал осы екі суреттің арасындағы барлық қозғалысты компьютер осы объектіні қозғалтуға қажетті алдын-ала белгіленген математикалық есептеулерді орындай отырып өзі суреттеп шығады. Белгілі бір жиілікпен бірінен кейін бірі пайда болатын осындай суреттердің жиынтығы экранда қозғалатын суреттерді бейнелеуге мүмкіндік береді.
Компьютерлік графиканың түрлеріКомпьютерлік графика – әр түрлі кескіндерді (суреттерді, сызбаларды, мультипликацияларды) компьютердің көмегімен алуды қарастыратын информатиканың маңызды саласы.Компьютерлік графика үш түрге: растрлық, векторлық және фракталдық болып бөлінеді..
Растрлық графикада кескіндер түрлі-түсті нүктелердің жиынтығынан тұрады.Графикалық ақпараттың осындай нүктелер жиыны немесе пиксельдер түрінде ұсынылуы растрлық түрдегі ұсынылу болып табылады. Растрлық кескінді құрайтын әрбір пиксельдің өз орны мен түсі болады және әр пиксельге компьютер жадында бір ұяшық қажет.Артықшылығы: растрлық кескінді түзетуге, әдемілей түсуге, яғни оның кез-келген бөлігін өзгертуге болады; нүктелерді қажет болмаса ішінара алып тастауға немесе қоюлатуға, сондай-ақ кескіннің әр нүктесін ақ-қара немесе басқа кез келген түске өзгертуге болады.Кемшілігі: растрлық кескін өлшемінің масштабын өзгерткенде (бір немесе бірнеше бағытта созу немесе сығу) кескіннің сапасын жоғалтатыны. Мысалы, кескінді үлкейткенде, оның көрінісі дөрекіленіп кетсе, кішірейткенде – кескін сапасы өте нашарлап кетеді (нүктелерін жоғалтқандықтан).Векторлық кескіндер, бұл – сызық, доға, шеңбер және тікбұрыш сияқты геометриялық объектілер жинағынан тұратын кескіндер. Бұл жерде вектор дегеніміз – осы объектілерді сипаттайтын мәліметтер жиынтығы.Векторлық графикамен жұмыс істеуге арналған программалық құралдар бірінші кезекте кескіндерді өңдеу үшін емес, оларды жаңадан салу үшін қолданылады
Фракталды графиканың жасалу әдісі сурет салуға немесе безендіруге емес,програмалауға негізделеді. Егер растрлық графикада растр (пиксель), ал векторлық графикада сызық базалық элемент болып табылса, фракталдық графикада математикалық формуланың өзі базалық элемент болып табылады, бұл компьютердің жадында ешқандай объект сақталмайды, кескін тек қана теңдік бойынша салынады деген сөз.
«Жұмбақты әлем»
Бұл кезеңнің шарты бойынша  жұмбақтар жасырылады. Әрбір жұмбақты дұрыс шешкен топқа 5  ұпайдан беріледі. Шеше алмаса келесі топ жауап береді. жауап берген топқа балл қосылады.
Компьютерге көмекпінЖануарға ұқсаймынКілемше үстінде тұрамынМен қосымша құралмын     (тышқан)
 
Ақпаратты қағаздан мен аламынБірақ оны компьютерге саламын       (сканер)
 
Компютерде түрамын Оны емдеуші құралмын (вирусты емдитін бағдарламма)
 
Төртбұрышты әйнекТұнып тұрған әлек    (монитор)
 
Ұзынтұра ЖалқаубекТұрмай ылғи жатадыҚозғала қалса артынанЕшбір белгі қалмайды     (бос орын пернесі)
 
Тетігін бассаң алаңсызЖазады қағаз қаламсыз.  (пернетақта)
Батырмасын басасыңҚажетті файлды ашасың  (тышқан)
 
«Құрал жабдықтар кезеңі»
Құрал жабдықтар суреті экранда көрсетіледі әр топ көрсетілген суреттерді Paint бағдарламаларда суреттерін салады.
 
ІҮ. Сабақты қорыту  кезеңі «Тіл өнері»
Демек келесі сайысымыз «Тіл өнері» сайысымыз. «Тіл өнері» сендерге жұмбақталып 9 жасырын сөз  оқылады. Сол сөзді тауып,  қазақ, орыс, ағылшын тілінде айтқан командаға 10 ұпай, ал екі тілде айтса 5 ұпай, беріледі. Сұрақты мұқият тыңдаңыздар.
Ақпараттың қайнар көзі (табиғат, природа, nature)
Ас адамның арқауы ал компютердің асы… (ток, ток, currend)
Программадағы немесе мәтіндегі кемшілік (қате, ошибка, error/mistare)
Қоршаған орта және онда жүріп жатқан мәліметтер (ақпарат, информация, information)
Жіпке ілдім мен өзін, кіп кішкентай күн көзін (шам, лампа, lamp)
Компьютерде жұмыс жасауды жеңілдететін қосымша құрылғы (тышқан, мышка, mouse)
Логикалық көбейтудің атауы (және, и, and)
Сөйлем ненің патшасы? (сөз, слово, word)
Кітап ненің бұлағы? (білім, знание, knowledgeҮІ Оқушыларды бағалауVIІ . Үйге тапсырма. Графика түрлері. Шығу тарихы. Реферат