Видеоны ??ру ж?не ??деу бойынша программалары, программа интерфейсі.


Сыныбы: 9 «Ә»
Пәні: Информатика
Пән мұғалімі: Қылишаева Райхан Жарылғасынқызы
Күні: 20.04.2016
Уақыты: 9:45
Сабақтың тақырыбы: Видеоны құру және өңдеу бойынша программалары, программа интерфейсі.
Сабақтың мақсаты
Білімділік: Windows Movie Maker бағдарламасы, программа интерфейсімен таныстыру, қолданылатын файл типтері туралы толық мағлұмат беру.
Дамытушылық: оқушылардың дүниетанымын, логикалық ой-өрісін, білім-білік дағдысын, пәнге деген қызығушылығын, шығармашылық қабілеттерін арттыру және дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды компьютерлік және ақпараттық сауаттылыққа, ақпаратық мәдениетке, техникаға ұқыпты болуға тәрбиелеу.
Сабақ типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақ түрі: ашық сабақ
Оқыту әдісі: түсіндірмелідемонстрациялық, практикалық жұмыстар арқылы, АКТ, ойын, сұрақ-жауап, талдауСабақта қолданылатын құрал-жабдықтар мен көрнекіліктер: презентация, таратпа қағаздар, видео оқулық
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру
Оқушылармен сәлемдесу;
Оқушыларды түгендеу;
Сабаққа назарларын аудару;
Қатар бойынша 3 топқа бөлу

«Аудио» «Кескін» «Бейне»
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Видео талдау жасау:
Видео атауы: Жансая.movВидео программа: PotPlayerПрограмма нұсқасы: 1.5.38562
Видео уақыты: 00:53
Видео көлемі: 6,39МБ
Файл пішімі: .movВидео атауы: касип.mp4
Видео программа: PotPlayerПрограмма нұсқасы: 1.5.38562
Видео уақыты: 10:03
Видео көлемі: 248МБ
Файл пішімі: .mp4
Видео атауы: бокс.aviВидео программа: PotPlayerПрограмма нұсқасы: 1.5.38562
Видео уақыты: 01:02
Видео көлемі: 8,85МБ
Файл пішімі: .aviІІІ. Үй тапсырмасын бекіту
ІV. Жаңа сабаққа даярлық кезеңі

- Оқушылар бұл бағдарламаларды қандай мақсатта пайдаланамыз?
- Өздерің жеке жұмыс жасап көргендерің бар ма?
- Бүгінгі сабақта Windows Movie Maker бағдарламасымен танысып, жұмыс жасау жолдарын үйренеміз
V. Жаңа сабақ
Windows Movie Maker – дыбыс (аудио) және бейне (видео) материалдары арқылы фильм құруға арналған бағдарлама.
Windows Movie Maker бағдарламасында бейнекамераның, веб-камераның немесе басқа да бейне құрылғылардың көмегімен компьютерде аудио және бейне жазбалары арқылы фильм құруға болады.
Өзімізге қажетті фильм құру үшін дайын суреттерді, аудио және бейне материалдарды импорттау арқылы қолдануға болады. Қажетті аудио және бейне материалдарын таңдап алғаннан кейін белгілі бір тақырыпқа негізделген, бейнеауысым және эффектілерді қолданып дайын фильм құра аламыз.
Құрылған фильмді компьютерге немесе басқа да тасымалдау құрылғыларына сақтап, басқа қолданушыларға көрсетуге, электронды поштамен жіберуге және де Интернетке қосуға, егер компьютерде сандық бейнекамера қосылған болса, онда фильмді таспаға жазу арқылы оны телевизорда немесе сандық бейнекамерадан көруге болады.
Windows Movie Maker интерфейсінде «жинақ», «жоба», «фильм», «кадр», «клип», «монтаж» т.б. терминдерді кездестіреміз.
Жинақ. Windows Movie Maker бағдарламасының жинағы импортталған немесе жазылған аудиоклиптер, бейнеклиптер немесе кескіндерден (изображения) тұрады. Жинақ Windows Movie Maker бағдарламасының «Жинақ (Сборники)» панелінде орналасқан.
Жоба - раскадровкада және уақыт шкаласында қосылған аудио-бейнеклиптердің, бейнеауысым, бейнеэффект сол сияқты титрлардың орналасуы мен уақыты туралы мәліметтерден тұрады. Windows Movie Maker бағдарламасында сақталған жоба файлының типі .mswmm болып табылады. Сақталынған жоба файлына өзгеріс енгізу, толықтыру үшін соңғы сақталған жерде ашу керек.
Фильм – бұл фильмді сақтау шеберінің көмегімен сақталған дайын жоба. Бұл фильмді тасымалдау құрылғыларына жазып, қалаған уақытымызда қалаған жерде көруге болады.
Кадр - саны жағынан көп кескіндер жинағының бейне көрсетілімі.
Клип – үлкен көлемдегі бейнефайлдардың белгілі бір бөлігі.
Жоба файлы - ағымдағы импортталған немесе жазылған жоба және жүйеленген файлдар мен клиптер файлдарының құрылымы туралы мәлімет.
Шығыс файлы – бұл ағымдағы жобада импортталған мультимедиа (мысалы, аудио немесе бейнефайлдар) немесе кескін файлы. Windows Movie Maker бағдарламасындағы көрсетілетін дайын клип – бұл шығыс файлының көшірмесі емес көрсетілімі. Жоба дұрыс жұмыс жасау үшін жоба атын ауыстыру, өшіру немесе басқа орынға ауыстыру ұсынылмайды.
Windows Movie Maker бағдарламасында жоба монтаждалып біткеннен кейін оны фильм ретінде сақтауға болады.
Windows Movie Maker-де жазылғандар мазмұны Windows Media форматында сақталады.
Windows Movie Maker жобасында келесі типтегі файлдарды импорттап қолдануға болады:
Аудиофайлдар: AIF, AIFC, AIFF, ASF, AU, MP2, MP3, MPA, SND, WAV, WMA.
Кескін файлдары: BMP, DIB, EMF, GIF, JFIF, JPE, JPEG, JPG, PNG, TIF, TIFF, WMF.
Бейнефайлдар: ASF, AVI, M1V, MP2, MP2V, MPE, MPEG, MPG, MPV2, WM, WMV.
Windows Movie Maker бағдарламасының интерфейсі бірнеше элементтерден тұрады:
5334048260
Жоба аты көрсетілген тақырып жолы;
Меню жолы;
Құралдар тақтасы;
Фильмдермен жұмыс жасау панелі;
Жинақтар панелі;
Раскадровка немесе уақыт шкаласына арналған аймақ;
Монитор терезесі.
Меню жолы және құралдар тақтасы. Windows Movie Maker бағдарламасындағы меню командаларымен және құралдар тақтасымен орындалатын тапсырмалар туралы мәліметтердің құрамы.
Фильмдермен жұмыс жасау панелі. Фильм құру кезіндегі орындалатын әрекеттерден (бейне жазу, фильмді монтаждау, фильм құруды аяқтау, фильм құру туралы кеңестер) тұрады.
Жинақтар панелінде импортталған клип жинақтары (кескіндер, бейне және дыбыстар т.б.) көрсетіледі.
Раскадровка немесе уақыт шкаласына арналған аймақ. Раскадровка немесе уақыт шкаласында орындалатын әрекеттерді көрсетеді.
Уақыт шкаласы жоба клипіндегі уақыт параметрінің өзгерісін қарастырады. Уақыт шкаласында ағымдағы жобаға қосылған файл типтерін көрсете отырып келесі жолдар бейнеленген: бейне, ауысым, дыбыс, дыбыс немесе әуен, атау кірістіру.
Монитор терезесін жеке клиптерді және толық жобаны көру үшін қолдануға болады. Монитор терезесі фильмді сақтар алдында алдын ала көру үшін қолданылады.
Дәптермен жұмыс
Windows Movie Maker – дыбыс (аудио) және бейне (видео) материалдары арқылы фильм құруға арналған бағдарлама. Windows Movie Maker жобасында аудио, кескін, бейне файлдарды импорттап қолдануға боладыVI. Жаңа сабақты бекіту кезеңі
ТапсырмаларWindows Movie Maker бағдарламасында суреттерді пайдаланып видео дайындау.
«Табиғат көрінісі» тақырыбында 5 суреттен тұратын видео даярлау.


Сәйкесін тап «Паравоздар»
Аудиофайлдар: AIF, AIFC, AIFF, ASF, AU, MP2, MP3, MPA, SND, WAV, WMA.
Кескін файлдары: BMP, DIB, EMF, GIF, JFIF, JPE, JPEG, JPG, PNG, TIF, TIFF, WMF.
Бейнефайлдар: ASF, AVI, M1V, MP2, MP2V, MPE, MPEG, MPG, MPV2, WM, WMV.

VII. Қорытындылау және оқушылар білімін бағалау
«Тілек ағашы»
Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңді, ұсыныс-тілектеріңді жазып, «Тілек ағашына» іліп қояйық.
Оқушылар білімін бағалау
Оқушылардың сабаққа араласу белсенділігін, тапсырмаларды мұқият орындауын ескере отырып бағалау.
VIIІ. Үй тапсырмасы: «Видеоны құру және өңдеу бойынша программалары, программа интерфейсі» тақырыбында зерттеу жұмысын жазып келу.