Саба?: Мы? бір ма?ал, ж?з бір ж?мба?.


6- сынып қазақ әдебиеті
Брянова А.Е.
Сабақтың тақырыбы: Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: өткен тақырыптарды қаншалықты түсінгендерін тексеру, оқу жылдамдылықтыарын анықтау, білімдерін жүйелеу.
Дамытушылық: алған білімдерін жадында сақтау, ойлау қабілетін дамыту, тіл шеберлігін, білімге құштарлығын, дүниетанымдық көзқарасын арттыру.
Тәрбиелік: балаларды еңбекке, білімге, әдептілікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: сайыс түрінде
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: тапсырмалар.
 Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу
2. Дайындығын қадағалау
3. Назарын сабаққа аудару
ІІ. Тілек білдіру сәті:
ІІІ Үй тапсырмасын тексеру:
ІV.Жаңа сабақ
І топ
ІІ топ
1 бөлім- «Танысу»
2 бөлім- «Тапқырлық» (презентациядағы мақалды жалғастыру).
3 бөлім- «Шапшаңдық» (Кім көп жұмбақ шешеді?)
4 бөлім – «Кім шешен?» (көрсетілген суретке мақал ойлап табу)
5 бөлім – «Ойлан, тап!» (көбейту арқылы мақалды табу)
6 бөлім- «Сен білесің бе?»(мақалдың орысша баламасын табу)
2 бөлім «Тапқырлық» 5ұпай
Отан ............... ыстық
Туған жерге ......... тік
Туған жердің ....... де ыстық, ........ де ыстық.
Отан ........ басталады.
.......... өссе жердің көркі
......... өссе елдің көркі
........ ілім бұлағы
Білім ..... құдық қазғандай
...... баласы болма елдің баласы бол
Отансыз адам .......... бұлбұл
Өнер алды қызыл ....... .

3- бөлім «Шапшаңдық» Әр топқа 5 жұмбақ оқу (5 ұпай)
1. Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар (қой)
2.Ерте тұрады,
Бәрін оятады (тауық)
3. Ти десем тимейді,
Тиме десем тиеді. (ерін)
4. Бірі үлкен, бірі кіші,
Туысқан бес кісі (қол)
5.Қалың киім ұнатады,
Шешіндірсең, жылатады (пияз)
6. Төрт қырлы, өзі аппақ,
Тақтадағы ізі аппақ (бор)
7.Отқа жанбас, суға батпас (мұз)
8.Күндіз бәрі қашады,
Түнде аспанды басады (жұлдыз)
9. Аспандағы алып доп,
Жарқырайды жарық боп (күн)
10. Іші жұмсақ, сырты қатты,
Еті қызыл, сүті тәтті (қарбыз)
4-бөлім «Кім шешен?»



5- бөлім «Ойлан, тап!»
Бұл бөлімде көбейту кестесін дұрыс шешу арқылы, ұлағатты сөздерді табу керексіздер.1 топқа.Мектептің жүрегі – мұғалім.М – 100, і – 96, е – 64, л – 72, к – 81, а – 93, т – 78, п – 92, ғ – 76, ң – 74, ұ – 87, ж – 108, г – 160, ү – 130, р – 110.25 * 4 -------- 16 * 4 -------- 27 * 3 -------- 39 * 232 * 2 -------- 46 * 2 -------- 26 * 3 --------- 24 * 437 * 2 -------- 27 * 4 -------- 65 * 2 -------- 55 * 28 * 8 ---------- 32 * 5 -------- 48 * 2 --------- 20 * 529 * 3 -------- 38 * 2 -------- 31 * 3 --------- 24 * 332 * 3 -------- 10 * 102 – топқа.Мектеп – кеме, білім – теңіз.З – 100, м – 96, і – 64, л – 124, к – 72, ң – 81, т – 160, е – 128, п – 92, б – 135,32 * 3 ---------- 64 * 2 -------- 36 *280 * 2 ---------- 16 * 8 --------- 46 * 224 * 3 ---------- 32 * 4 --------- 48 * 2128 *1 ---------- 27 * 5 --------- 16 * 462 * 2 ----------- 32 * 2 --------- 24 * 440 * 4 ------------ 2 * 64 --------- 27 * 38 * 8 ------------- 25 * 4
V. 6 бөлім- «Сен білесің бе?»(топ басшылары бір –біріне сұра қойып жауа береді. Өткен тақырыптар бойынша)
VІ Қорытынды: Стикерге өз аттарын жазып өздерін бағалайды.
Логикалық жұмбақтар.
«Екі күшік отыр. Әр күшіктің қасында бір-бірден күшік отыр. Барлығы қанша күшік отыр? 2
«Үш қарға бар еді. Аңшы біреуін атып түсірді. Қанша қарға қалды? 1
VІІ. Үй тапсырмасын беру. Қайталау
VIІІ. Сабақтың аяқталуы. Бағалау. Қоштасу.