Бастауыш сыныптар онк?ндігіне арнал?ан іс-шара жоспары Та?ырыбы: «Ж?мба?тар еліне саяхат»


Сабақтың тақырыбы:"Жұмбақтар еліне саяхат"Сабақтың мақсаты: Шағын драмалық көрініс көрсете отырып,оқу барысында алған білімдерін нығайту,сайысқа деген қызығушылықтарын арттырып, ойлау шапшаңдықтарын дамыту,Тәрбиелілігі:Ұжымшылдыққа, қамқор болуға тәрбиелеу .Көрнекілігі: Ханшайымдар киімдері, суреттер,дидактикалық материалдар т.б.Сабақтың барысы:Ұйымдастыру кезеңіУа, халайық, халайық!.Бәріне жар салайық.Бүгінгі кеш төріндеЖұмбақ шешіп жарысып,Шабыт тасып, шалқысып,Жұмбақ шеру жасайық,Көңілді кеш жасайық!Ханшайым:Балалар, менің бір затым жоғалды.Қалай тапсам екен? Менің сарайым сондай үлкен! Оны табу үшін бірнеше айлар керек болар!Құрметті оқушылар! Мен өзімді таныстырып өтейін. Мен-Жумбақтар елінің ханшайымымын. Менің елім, аты айтып тұрғандай,сан қилы жұмбақтарға толы.Бүгін мен өзіме өте қымбат бір затымды жоғалтып отырмын. Оны табуға көптеген білімді оқушылардың көмегі қажет.1-уәзір! . Дат, Ханшайым! Ханшайым.Датың болса, айт1-уәзір.Менің білімді жасағым бар.Олар сіздің кез келген заттарыңызды тауып бере алады.Ханшайым. Тамаша! Олай болса, ортаға шақыр.2-уәзір:О, құдіретті Ханшайым! Менің де жасағым кем түспейді.Ханшайым: Дұрыс-ақ.Бірігіп іздесек, нәтижелі болары хақ.2-уәзір. Ендеше, жасағымызды ортаға шақырайық.Топқа бөлу( қошақандар, ботақандар суреттері арқылы , кейін өздеріне эмблема болады)1-уәзір. «Қошақандар» тобын ортаға шақырайық.2-уәзір."Ботақандар" тобы ортаға шықсын!Ханшайым: Құрметті сайыскерлер.Менің ең қасиетті, ғажайып затымды іздеулеріңіз тапсырылады. Ал сайысты қортындылайтын менің ең қадірлі, ең ақылды ұстаздарым болады. (әділ қазы мүшелерін сайлау--------------------------Ендеше, сайыскерлерге «іске сәт» демекпін.1-тур.Әріптер жұмбағы.
Қос аяққа ұқсаған.
Тізесінен тұсаған  (А)
Қатар тұрған қос қазық ,
Қол ұстасқан достасып (Н)
Екі қолы таяқ бірМықынына таяп тұр (Ф)
Екі “К” көп күрестіАрқаларын тіресті (Ж)
Топ сақина секілдіОң бүиірі кетілді (С)
Жалғыз таяқ болып тұрТөбесінде доп тұр (І)
Ажырамас достай-ақҚолтықтасқан қос таяқ (Х)
Әріп десең бүйірі тоқ,
Сан десең салмағы жоқ(О)
2-тур.Қарлы ханшайым жұмбақтары 1-уәзір.О,құдіретті Ханшайым! Қар елінен Қарлы ханшайым сізге опасыздық жасауға келіп тұр. Қарлы ханшайыммен шайқасуға рұқсат етіңіз! Ханшайым. Менің адал уәзірім.Сіздің қызметіңізге шүбәм жоқ. Қарлы ханшайым бұл жолы қандай жұмбақ жасырып сынағалы тұр? Соны білейік. Қарлы ханшайым. Ха-ха-ха! Менің жұмбағымды ешкімде шеше алмайды. Бұл жолы мен жеңіске жетемін! Ханшайым.Қателесесің , Қарлы ханшайым. Бұл істі шешетін менің мықты жасақтарым бар. Ерікті соларға берелік. 
Өздері білетін жұмбақ (бір-біріне жасыру)
Кішкентай ғана бойы бар, Айналдыра киген тоны бар (Қой) Кезекті бір жануар, Үстінде екі тауы бар. (Түйе)Екі айнасы бар,Екі найзасы бар,Төрт жылтырмағысы бар, Бір шыбыртқысы бар. (Сиыр)Басында таяғы бар, Төрт аяғы бар. Сегіз құлағы бар, Иегінде сақалы бар. (Ешкі) Туа сап жүгіріп кеткен, Енесі қуып кеткен. (Құлын) Тікен-тікен тік пісте, Қысы-жазы бір түсті. (Шырша) Сөзі дана,үні жоқ Сөйлемейді тілі жоқ Қолыңа алсаң шешен, Ақылы асқан көсем. (Кітап) Бірі үлкен,бірі кіші, Туысқан бірге бес кісі. (Саусақтар) Тұмсығын балға етіп, Тоқ-тоқ соғады. (Тоқылдақ) Самағайды, Бірақ ізі қалмайды. (Бүркіт) Ұзын мұртты сарылар, Қойнында наны бар. (Бидай)
3-тур. Сандар жұмбағы.
Ала шапан киініп
Қарбыз жатыр үйіліп
Қарбыздарды шетінен
Санап шықтым екіденБесеу болды жұп саны
Нешеу болды түп саны (10)
Алдында үш балапанАртында үш балапанАқ тауық пен балапанАйтшы санын ,балақан (8)
Көлден ұшты жеті қазҚайтып қонды екі қазҚонбады оның нешеуіҚане ,кім тез шешеді(5)
Талдан ұшты топ торғайЕмес бірақ көп торғайАлдында оның бастаушыАртында төртеу қостаушыОйың жуйрік болса егерТорғай нешеу ,есепкер (5)
Жаңа ғана шалғындаАлты бұзау жүр едіӘлде шаршап қалды ма,
Жатып қапты біреуіНешеуі енді жайылыпЖүргенін айт ,айырып? (5)
Тал басындаТізіліпОн жапырақ тұр едіЖел соқты да
ҮзіліпҰшып кетті біреуіІзінше оныңЖұлыныпТүсті тағы бесеуіТұр әлі де ілініпЖапырақтың нешеуі (4)
Табақта бес алмаҚолымда 2 алмаҚосқанда барлығынБолады неше алма?
Бір алма атамаБір алма апамаНешеуін алады,
Нешеуі қалады? (5)
4-тур .Сөзжұмбақ шешу 
 
   
   
   
   
   
   
 
       
             
             
         
             
 
1.Аяғы бар ,басы бар
Арқалаған тасы бар
Бұл не ?
(тасбақа)
2.Жапалақтап жауады
Жердің бетін  жауады
Бұл не аппақ мақтадай ?
Қанекей кім табады
(қар)
6.Табаныма байладым
Қосаяқпен айдадым.
(шаңғы)
4.Өзі айлакер ,өзі қу
Жүрген жері айқай да шу
(түлкі)
5.Сол аяқпен оң аяқ
Кезек оны тебеді
Ол тынымсыз домалапЗыр жүгіре береді.
(доп)
3.Ұрлап ішіпҮйде сүтті қоймайдыӨз құйрығын өзі қуып ойнайды.
(мысық)
 
5-тур Санамақ
2-уәзір.О,Ханшайым сізге ертегілер елінен Данышпан қарға келіп тұр.Ханшайым:Данышпан қарға бізге қандай жұмбақ әкелдіңіз?Данышпан қарға:Қымбатты балалар, мен сендерге әр түрлі санамақ айтайын .Сендер мұқият тыңдаңдар.
Кел ,санайық,санайық,санайық та табайық
Ойын бастаушы;Жаңа ойынды көрейік ,ойын аты санамақ
Санап талдап берейік,әрбір атты даралап.
Ал,санайық,санайық,ретіменен әдепкіҚұралдарды табайық,құрылысқа қажетті.
Балалар;
Балта,балға,бұрғы,егеу,күрек,сүргі,қашау,зембіл,ара,қайрақ,қалақ,қайла.
-Тоқта қайта сана
Жә,жә,жетті ,қанша болды бәрі?
Балалар;12 болды саны.
Ойын бастаушы;
Ойын шартын жаңалап,тағы ойнайық санамақЕнді аң мен құстарды ,түгендейік саралап.
-Бүркіт,елік,үкі,қарға,құлан,түлкі,барыс,бұғы,тартар,шымшық,бұлбұл,арқарБалалар;12 болды барлығы.
-Ал санайық,санайық мақсат мынау ондағыАғаштарды табайық,көпшілікке белгілі.
-Қарағай,қайың,шырша,үйеңкі,емен,арша,самырсын,терек,алма ағаш,долана,жиде,қарағаш,шие.
Балалар;13 болды бәрі.
Ал,санайық,санайық, сыныптағы қыздардыӘдемі, Асель, Айша,Алина ,Айым, Айнұр, Жансая, Жанелия,Сая,Динара,
Мадина, Самира, Гулжанат.
Балалар;13 болды барлығы.Ханшайым. Мінекей, менің шартымды орындап негізгі кезеңге де аяқ бастыңдар.Енді,мен сендерге бір жұмбақ жасырамын. Тапсырма.Жұмбақты шеш. Сандықты ашып көріп ем, Іші толған маржан екен. Маржандарын теріп ем, Білімді болып қалған екем. (Кітап) Ханшайым. Бәрекелді менің қадірлі сайыскерлерім. Мен жоғымды таптым, ол –Алтын кітап болатын. Ханшайым. Қадірлі қонақтар! Бүгін менің арманым орындалды. Жоғалған Алтын кітабымды тауып , қуанып отырмын.Оны табуға көмектескен жасақтарыма алғысым шексіз.Маған жасаған жақсылықтарыңызға көп-көп рахмет.Ендігі сөз кезегін менің ақылды әділ қазыларыма беремін. Қорыту. Жеңімпаздарды марапаттау.
Мағжан Жұмабаев ауданы
№4 Булаево орта мектебі

Бастауыш сыныптар онкүндігіне арналған іс-шара жоспары
Тақырыбы: «Жұмбақтар еліне саяхат»
1-сынып жетекшісі:
Габдулина З.Б.
Булаево қаласы