Дене шыны?тыру п?нінен Акробатикалы? жатты?улар


Дене шынықтыру пәнінен сабақ жоспарыСабақ тақырыбы: Акробатикалық жаттығулаларды үйрету.
Алға артқа аунау, жауырынға тұру.
Сабақ мақсаты: а) Алға артқа аунау, жауырынға тұруды үйрету.
б) Оқушылардың денсаулығын нығайту.
в) С.Ө.С баулу. Тез шешім қабылдауға үйрету.
Өтілетін орны: Спорт зал.
Өтілетін күні:
Қолданылатын құрал-жабдықтар: Гимнастикалық төсеніш, ысқырық
Өтілетін сынып: 5
Дене шынықтыру мұғалімі: Мусралимов С.С.
Сабақ мазмұны
Қайталау саны
Әдістемелік нұсқаулар
Кіріспе бөлімі 15-18 минут
Жалпы сапқа тұру, кезекші мәліметі, сәлемдесу, тізім бойынша түгелдеу. Сабақ мазмұнын қысқаша түсіндіру.
Бір орындағы жаттығулар. «ОҢ-ҒА»!, «СОЛ-ҒА»!, «АЙ-НАЛ»!.
Жүру барысындағы жаттығулар.
а) аяқ ұшымен
б) өкшемен
в) жартылай отырыпг) толық отырыпд) саптық жүріс
Жүгіру барысындағы жаттығулар.
а) жай жүгіру
б) аяқты алға сермепв) тізені жоғары көтеріпг) өкшені жамбасқа лақтырып
д) оң жақ қапталға тіркемей адыме) сол жақ қапталға тіркемей адымж) арқамен жүгіру
з) жылдамдыққа
и) тынысты қалыпқа келтіруЖалпы денені жетілдіру жаттығулары
1.Бір қалыпты аяқ иық көлемінде, қол белде1-4 басты оң жаққа, 5-8 сол жаққа айналдыру.
2.Бір қалыпты аяқ иық көлемінде, қол белде1-басты оң жаққа, 2-сол жаққа, 3-артқа, 4-алға еңкейтеміз.
3.Бір қалыпты аяқ иық көлемінде қол иықта
1-4 иықты алдыға, 5-8 артқа айналдырамыз4.Бір қалыпты аяқ иық көлемінде оң қол жоғары, сол қол төменде
1-2оң қол артқа кереміз3-4 сол қолды артқа кереміз.
5.Бір қалыпты аяқ иық көлемінде, қол кеуде алдында бүгілу.
1-2 қолды кеуде алдында бүгіп кереміз3-4 қолды жазып кереміз.
6.Бір қалыпты аяқ иық көлемінде, оң қол жоғарыда, сол қол белде1-2 кеудені сол жақа еңкейтеміз
3-4 қолды ауыстырып еңкейтеміз
7.Бір қалыпты аяқ иық көлемінде, қол белде1- оң аяққа еңкейеміз
2- ортаға
3- сол4- Бір қалыпты
8.Бір қалыпты аяқ иық көлемінде қол төменде
1- қол жоғарыда
2- қол алға еңкейеміз
3- отырамыз4- Бір қалыпты
9.Бір қалыпты аяқ иық көлемінде қол белде1-2 оң аяққа
3-4 сол аяққа
5-8 қос аяқпен секіреміз3м



3-4 рет
3-4 рет4-5 рет4-5 рет
3-4 рет
3-4 рет4-5 рет3-4 рет4-5 ретСапқа тұрғызу, спорттық киіміне назар аудару.
Жаттығуды нақты және бірдей орындау.
екі қол жоғарыда
қол белдеқол тізедежаттығуды нақты және бірдей орындау.
бір қалыпты тыныс алуқол белдеқол белдің бойындаекі қол арттаекі қолды алдыға айналдыруекі қолды артқа айналдырусол иықпен қарау
барынша жүгіру
тыныс алу жаттығулары.
Жаттығуды орындау барысында көз бір нүктеге қарайды.
Жаттығу барысында көз ашық, бас толық енкейеді.
Жаттығу барысында, шынтақты толық айналдырамызЖаттығу барысында алақан жұмылу, шынтақ түзу.
Жаттығу барысында шынтақ иық көлемінде.
Жаттығу барысында кеудені оң жақ, сол жақа барынша еңкейтеміз.
Жаттығу барысында денені толық еңкейту.
Жаттығу барысында тізе бүгілмейді және санақ бойынша саналады.
Толық бірдей санақ бойынша орындалады.
Негізгі бөлім 20-22 минут
Жалпы оқушыларды сапқа тұрғызып жаңа сабақты түсіндіру.
Акробатикалык алға қарай тоңқалаң асу, денені жинақтап алып аударылып түсу. Оған керісінше, артқа қарай домалап, асып түсу, жаттығудың аяқ кезінде қолды тіреу арқылы денені аударып түсіру.
Алғада, артқада домалап түсуді орындау үшін жинақталу қажет. Жинақталуды үйренген соң, бастапқыда біреудің көмегі арқылы, алға қарай домалап түсуге көшу керек. Оқушы жүрелеп отырады, бас екі тізенің арасына қарай еңкейтіледі. Аяқты тіреп итерілу қарсаңында және домалап түсудің алдында басын төсенішке тигізбей екі тізесіне қарай жақындатады, сөйтіп, денені бірден аударып түсуге көмектеседі.
Артқа қарай домалап түсуде әуелі шалқалап жатып, қолды иықтан асыра тіреу арқылы артқа тербетілеуден бастаған жөн. Сосын жауырынға тұрған қалыптан артқа қарай аударылып, қолды иықтан асыра еденге тигізіп қайтадан жүрелеп отыру. Келесі кезек-жүрелеп отырудан артқа домалап түсу, қолды тіреп тізерлеп отыру; домалап асып түсіп, аяқты алшақ қойып тіреп тұру; артқа қарай домалап асып түсу.
Жүреден жартылай отырып, артқа тоңқалаң асу, аяқты түзу ұстап жауырынмен тұру, сосын алға тоңқалаң асу, соңында түзуленген аяқты жіберіп, алақанмен еденге тірелу, қайтадан қалпына келу. Дәл осылай, бірақ қолмен ешнәрсеге тірелмеу керек.
Берілген көрсетілген тапсырманы нақты
орындалуына назар аудару жеке-жекеорындалуына техникасына қатты мән беру.Кауіпсіздік ережесін сақтау.Гимнастикалық төсенішке отыруына , тұруына кадағалап, қателіктерін айтып көрсетіп жасату керек.
Жалпы акробатикалық жаттығуларды үйренушінің қасында қауіпсіздендіруші болғаны жөн.
Қорытынды бөлім 3-5 минут
Оқушыларды сапқа тұрғызу, сабақты қорытындылау, қателіктерін айту, үлгеріміне қарай жалпы немесе жекелей тапсырма беру.
Оқушылармен қоштасу
Бір сызық бойымен тұрғызу.
Қателіктерін айтып, үйге тапсырма беру.