Акробатикалы? жатты?улар. Ал?а, арт?а, домалау, жауырынмен т?ру, бас?а ?олды? к?мегімен ?ш б?рыш жасап т?р, ?олмен т?ру. А?аш аттан секіру.


Күні: 27.12.16
Тобы: Тжб-31
Тақырыбы: Акробатикалық жаттығулар. Алға, артқа, домалау, жауырынмен тұру, басқа қолдың көмегімен үш бұрыш жасап тұр, қолмен тұру. Ағаш аттан секіру.
Мақсаты: Акробатикалық жаттығулар жөнінде білім беру. Ептіліктерін, секіру, аяқ қол бұлшық еттерін дамыту. Икемділікке, ептілікке, шеберлікке тәрбиелеу.
Білімділігі: Қимылдың ептілігі мен дағдысын меңгеру және шынықтыру көлемінде арнайы білім беру.
Дамытушылық: Дене тәрбиесі жаттығулары көмегімен денсаулықты күшейту.
Тәрбиелік: Адамгершілік, жігерлік қасиеттерді қалыптастыру, өнегелік көркемдік танымдарды үйрету.
Әдісі: Түсіндіру, ескерту, топпен жұмыс.
Керекті құралдар: Ысқырғыш, секундомер, гимнастикалық төсеніштер, ағаш ат, серіппелі тұғыр.
Өтетін орны: Спорт зал.
№ Сабақ мазмұны уақыты Әдістемелік нұсқаулар
І Кіріспе бөлімі 15’ 1 Сапқа тұрғызу 30’’ Спорттық формаларына мән беру
2 сәлемдесу 15’’ Денсаулықтарна, көңіл күйлеріне мән беру
3 спорт секторының рапортын қабылдау 2’ Студенттердің қатардағ тұрыстарын қадағалау
4 сабақтың мақсатын, тақырыбын түсіндіру 1’15’’ 5 Саптағы жаттығулар 5’ Баяу жүру;
аяқ ұшында, өкшеде, сырт жағында, іш жағында.
Жеңіл жүгіруге ауыстыру, жүгіріп жүріп қыздыру жаттығуларын жасау.
Оң қапталмен, сол қапталмен, артқа қарай, алдымн жүгіру.
Қолдар алға, тізелерді секіріп кезектеп тигізіп жүру.
Жүгіруді жүруге ауыстыру.
Отырып жүру; алға секіріп журу, оң қапталмен, сол қапталмен. Қауіпсіздік ережелерін есте сақтауды Студенттердің сабаққа қатысын тексеру, сапта тұру тәртібіне
6 Жалпы дамыту жаттығулары 6’ Қолдар белде, аяқ иық деңгейінде, бойды тік ұстау.
Басты оң иыққа тигізу, сол иыққа тигізу, артқа шалқайту, алға иілу.
Қол иықта, алға 4 рет, артқа 4 рет айналдыру.
Екі қолды алға, артқа айналдыру.
Қол белде, аяқты кеңірек ашу, белді оңға 4 рет, солға 4 рет айналдыру.
Екі қолды қосып «1» оң аяққа, «2» ортаға, «3» сол аяққа, «4» қолдар белде.
Қолдар тізеге, тізені ішке 4 рет, сыртқа 4 рет айналдыру. Жай жүру, жеңіл жүгіру
Жаттығулардың дұрыс орындалуын бақылау
Қолдарын толық көтеру
Арақашықтықты сақтауларын қадағалау
Жаттығуларын дұрыс орындалуын бақылау
Белді дұрыс айналдыру
Тізе бүгілмейді, қолды аяққа, еденге толық тигізу
ІІ Негізгі бөлім 25’ Алға домалау жаттығу жасаушы оқушы жиырылып отырады, бас екі тізенің арасына қарай еңкейтіледі. Қауіпсіздендіруші көмекші бала бір қолының алақанын оның желкесіне қояды. Аяқты тіреп итерілу қарсаңында және домалап түсудің алдында қауіпсіздендіруші қолымн жаттығушының желкесіне басып, басын төсенішке тигізбей, екі тізесіне қарай жақындатады, сөйтіп,денені бірден аударып түсіруге көмектеседі. Алға қарай домалап түсуді өз бетінше көмекшінің көмегінсіз жасап үйрену. Артқа қарай домалап түсуді үйренгенде жүйелілік барынша сақталған жөн. Артқа домалап түсуде әуелі шалқалап жатып, қолды иықтан асыра тіреу арқылы артқа тербетілу әдісімен басталады. Келесі кезен-жиырылып отырудан артқа домалап түсу, қолды тіреп тізерлеп отыру; домалап асып түсіп, аяқты алшақ қойып тіреп тұру; артқа қарай домалап асып түсу арқылы қолды тіреп отырғаннан кейін, жоғары секіру, аяқты бірге ұстап артқа қарай домалап асып түсу.Жауырынға тұру бүгіліп отырған қалыптан артқа домалау және жауырынға тұру акробатикалық құрама жаттығуын орындау техникасы. Домалап түсу жаттығуын орындай отырып, бүгіліп отыру жағдайына тез келуге тырысу керек . Ол үшін жауырынға домалап түсу кезінде жамбастың еденнен жеңіл көтерілуіне көмек беру мақсатында қолды белсенді қимылға көшіру керек; жауырынға тұруға әрекет ету кезінде жауырынды гимнастикалық төсенішке қатты ұрып алудан сақтана отырып, арқаны дөнгелете бүгіп барып, иыққа тұра қою қажет. Оқушылардың қауіпсіздік шараларын қатаң ескеру



ІІІ Қорытынды бөлім 5’ 1 Сапқа тұру. 30’’ Оқушылардын денсаулығын бакылау.
2 Сабақ барысында белсенділік танытқан оқушыларды бағалау. 2’30’’ 6-7 оқушыны бағалау
3 Үйге тапсырма: 2’ Алға, артқа домалау және жауырынға тұру жаттығуларын қайталап орындау