?рнектерді т?рлендіруде негізгі тригонометриялы? тепе — те?діктерді ?олдану?а есептер шы?ару (9 сынып)


Сынып: 9
Тақырыбы: Өрнектерді түрлендіруде негізгі тригонометриялық тепе - теңдіктерді қолдануға есептер шығаруМақсаты: Тригонометриялық өрнектерді түрлендіру жайлы алған білімдері мен біліктерін жүйелеп жалпылау.
Міндеті:1) Білімділік: Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді есеп шығару барысында дұрыс қолдана білу.2) Дамытушылық: Есептеу дағдыларын, стандарттан тыс ойлау қабілеттерін, шығармашылық белсенділіктерін дамыту.3) Тәрбиелік: Пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, өзіндік және өзара бақылау дағдыларын қалыптастыру.Типі: Жалпылау сабағыСабақ түрі: жаттықтыру - практикумКөрнекі құрал: интерактивті тақта, слайдтар, формулалар
Сабақтың құрылымы:І. Ұйымдастыру кезеңі ІІ.Үй тапсырмасы
ІІІ. Есеп шығару кезеңі
IV. Сабақты бекіту
V. Бағалау
VI. Үйге тапсырма
VІІ. Сабақты қорытындылау және үй жұмысына нұсқау беру .Сабақтың барысыІ. Ұйымдастыру кезеңі:
«Мен саған тілеймін» тренинг арқылы сыныпта психологиялық ахуалды қалыптастыруды ұйымдастыру. Орнымыздан тұрып « шеңбер құрып» бір-бірімізге қарап жылы тілек айту «Мен саған тілеймін... Жылы атмосфера орнауы.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру:
а) Практикалық бөлім:
№316 /ә/, №320 / б; в/. (есептің жауабы интерактивті тақтада көрсетіледі, оқушылар бір – бірімен дәптерлерін алмастырыу арқылы үй жұмысын тексереді)
ә) Теориялық бөлім: ( өткенді шолу, еске түсіру)
«Тригонометриялық лото»
Тышқанның көмегімен берілген жауаптарды дұрыс тауып орналастыру керекЖауап: ;; ; ; 1;.
ІІІ. Есеп шығару кезеңі:
Мұғалім : Балалар есеп шығарғанда жиі қолданатын радианмен (градуспен) берілетін α бұрышына байланысты тригонометриялық функциялардың мәндерін кестемен берілетінін білеміз, бірақ есептеулер кезінде жиі ұмытып қала береміз, сондықтан кестедегі мәндерді есте сақтау үшін өзіміздің алақанымызды пайдалансақ болады.

Синусты табу ережесін қарастырайық. – Үлкен бармақ пен ең кіші саусақтың қиылысуында Ай ортасы бар. Саусақтарды кеңірек айқара ашу керек. . Егер саусақтарды Ай ортасы шығатын сәулелер десек, онда кішкентай саусақтың бағыты 00 береді.
№0 мен №1 арасы 300 , №0 мен №2 арасы 450 , №0 мен №3 арасы 600, №0 мен №4 арасы 900
Мына формуланы есте сақтау керек: , мұндағы n- саусақ нөмірі.
Саусақтарды нөмірлесек,
Саусақ № α бұрышының мәні
№0 кішкентай саусақ (шынашақ) сәйкесінше 00

№1 Аты жоқ саусақ (шылдыр шүмек) сәйкесінше 300
№2 ортаңғы саусақ (ортаң терек) сәйкесінше 450

№3 сұқ саусақ (балаң үйрек) сәйкесінше 600
№4 Бас бармақ сәйкесінше 900

Косинуста керсінше қарастырамыз. / бұл кестені оқушылардың өздеріңе толтыртамын/
Саусақ № α бұрышының мәні
№4 Бас бармақ сәйкесінше 00
№3 сұқ саусақ (балаң үйрек) сәйкесінше 300
№2 ортаңғы саусақ (ортаң терек) сәйкесінше 450
№1 Аты жоқ саусақ (шылдыр шүмек) сәйкесінше 600
№0 кішкентай саусақ (шынашақ) сәйкесінше 900




Енді осы үйренгенімізді есеп шығаруда қолданып көрелік.
ІІІ. Есеп шығару кезеңі:
«Кім жылдам» ойыны
(Интерактивтік тақта арқылы деңгейлік тапсырмалар орындау. Жылдам орындаған оқушы тақтаға шығады)
А
№1. өрнегі ықшамдап, а) α=300, ә) α=600 –ғы мәнін табыңдар
Шешуі:

а) ә)
В
№2. өрнегін ықшамдап , а) α=450, ә) α=900 –ғы мәнін табыңдар
Шешуі:

ә)

С
№3.Тепе – теңдікті дәлелдендер:

Шешуі:

Шығармашылық жұмыс: Емтихан есептер жинағы
№4 есептендер.
Шешуі:

IV. Сабақты бекіту
МАБ тест тапсырмалары:
1.Өрнекті ықшамдаңдар:


cosα B) sinα C) tgα D) sin 2 α E) cos 2 α
2. Өрнекті ықшамдаңдар: sin2800+cos2800
0 B) -1 C) 2 D) 1 E) -2
3.Егер болса, cos2α табыңыдар:
0 B) 1 C) 2 D) -1 E) √2
4.Өрнекті ықшамдаңдар: (sinα-cosα)2+2sinαcosα1 B) -1 C) cosα D) sinα E) 2 sinα
5.Өрнекті ықшамдаңдар:
B) 1 C) D) E)
(тест жауабы интерактивті тақтада көрсетіледі, оқушылар бір – бірімен дәптерлерін алмастырыу арқылы тесттерін тексереді)
V. Бағалау
(Оқушылар бағалау парағы арқылы өзің-өзі бағалайды.)
Оқушының өзін–өзі бағалау парағы
Оқушының аты жөні:
Күні:
№ критерийлер Бағалау түрлері
Толық
2 Жартылай
1 Мүлдем жоқ
0
1 Үй тапсырмасын орындадым 2 Сабақтағы белсенділігім 3 Тапсырманы түсініп, талдай алдым 4 Тест тапсырмасын орындай алдым 5 Тақырыпты меңгеруім Оқушының өзіндік есебі
№ критерийлер Бағалау түрлері
Себебі
1 Үй тапсырмасын орындамау себебім 2 Сыныптағы белсенділігімнің төмендігі 3 Тапсырманы түсініп, талдай алмауым 4 Тест тапсырмасын орындай алмауым 5 Тақырыпты меңгермеу себебім Бүгінгі сабақтағы өзіме қойған бағам:
Кемшілігімді қалай түзетем:
VІ. Үйге тапсырма №321, №322
VІІ. Сабақты қорытындылау және үй жұмысына нұсқау беру .