Зайырлылы? ж?не дінтану негіздері ?аза?станда?ы ислам діні: Исламны? ?аза?станда таралуы


Пәннің аты
Зайырлылық және дінтану негіздері Уақыты: Кабинет: Мұғалім
Түгелбайқызы БСабақтың атауы Қазақстандағы ислам діні: Исламның Қазақстанда таралуы
Мақсаты
Күтілетін нәтиже 1.Оқушыларға діндер туралы мағлұмат беру. Ислам дінін басқа діннен айыра білуге білімдерін жетілдіру.2. Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын, ой-өрістерін дамыту;3. Діннің түпкі мақсаты адамзатты адамгершілікке, мәдениеттілікке, имандылыққа тәрбелеу екенін әңгімелей отырып түсіндіру.Әдісі: әңгімелесу, талқылау.Көрнекілік құралдары: интерактивті тақта, плакаттар, діни ағымдардың суреті, видеоролик.
Психологиялық ахуал Психологиялық дайындық
Оқушылар бір – біріне жақсы тілектер тілейді.
Ой толғаныс 1-кезең. Ой қозғау. Сұрақтар арқылы тақырыпты ашу.1Дін дегеніміз не?2.Зайырлылық дегенімізді қалай түсінеміз?
- Ислам діні Қазақстанға ҮІІІ ғасырдың басында тарай басады.766 жылы Қарлұқ ханы Қазақстанның Жетісу және Оңтүстік аймақтарын жаулап алып, мұсылман мәдениетін таратты. Х ғасырдың басында Қарахандықтар мемлекетін құрған Сатұқ Абд әл-Керим Боғра ханның баласы 960 жылы исламды мемлекеттік дін ретінде жариялады.
Ислам дінінің таралуы, дінге түсінік беретін видеоролик көрсетіледі. 2-кезең. Операциялық - орындаушылық кезең. (Дінді қалай түсінеміз деген сұраққа өз ойларын жазу, эссе жазу)Топтастыру стратегиясы.
1-топ
Қазақ халқының тарихында ұлттық-мемлекеттік идеология -дәрежесіне көтерілген біртұтас ілімдерді жасаған даңқты тұлғаларды еске түсіріп, топтасып бір-бірінің ойларын толықтырады.
2-топ
Ислам дінін қай елдер қабылдап отырғанын, қай кезден бастап сол туралы мәлімет береді.Блок тапсырма. «АС» картасы.
Қазақ мақал-мәтелдерді де тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні ретінде исламның негізгі қағидаларын тұрмыстық санаға лайықтап беріп отырды. «Алла деген ар болмас, Алланың жолы тар болмас», «Құдайға сенген құстай ұшар, адамға сенген мұрттай ұшар», «Жақсылық көрсем - құдайдан, Жамандық көрсем – өзімнен», «Сабыр түбі – сары алтын», «Кең болсаң, кем болмайсың», «Алтын алма, алғыс ал», «Ашу-дұшпан, ақыл-дос», «Малым –жанымның садағасы, жаным-арымның садақасы», «Өзіңе өзің берік бол, қоңсыңды ұры тұтпа», «Сабақты ине сәтімен», «Тәуекел түбі – жел, қайық, Мінесің де өтесің, Қайғының түбі-тұңғиық, Түсесің де кетесің».«Мақал – сөздің мәйегі». Оқушыларға тақтада жазылған бірнеше мақалдың ішінен бүгінгі сабақтың тақырыбын, мазмұнын, мағынасын айшықтайтын мақалды тауып, оқып беру тапсырылады.Ой түйіндеу. Бүгінгі өтілген тақырыптың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап алу.3-кезең. Рефлексиялық - бағалау кезеңі(Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, өздерін өзі немесе бір-бірін бағалайды.)
Үйге тапсырма Ислам діні туралы мәліметтер жинақтау. Күнделіктеріне жазып алады
Бағалау Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалауБағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады