К?н б?лтпен ?она??а келеді ашы? саба?


«Күн бұлтпен қонаққа келеді». I кіші тобына арналған ертеңгіліктің сценариі.
«Күн бұлтпен қонаққа келеді» I кіші тобына арналған ертеңгіліктің сценариі.
(Балалар ән ырғағымен залға кіріп, шеңбер бойынша тұрады).
Жүргізуші: Береке бақ дарыған, Жомарт көңіл, жарқын жүз. Сары алтынға малынған, Жетті міне, алтын күз! – Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін біздің зал қандай әдемі, қаншама түрлі – түсті жапырақтарға толы. Балалар, бүгін бізде қандай мейрам? Балалар: Күз мейрамы!
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Күз мезгілінде ауа-райы қандай болады?
-Нелер піседі?
-Күз мезгілінде не жауады?
-Жаңбыр қалай жауады?
(Балалар отырады, тарсылдаған жаңбырдың дауысы естіледі)
Жүргізуші: Ой, балалар! Естіп тұрсыңдар ма? Жаңбыр жауайын деп шығар. (жаңбырдың даусымен залға бұлт кіреді)
Бұлт: Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе!
Бұлт: Күзгі көк бұлт мен болам Көтеріліп теңізден, Аспанға биік барамын Қаласам қазір сендерге Жаңбыр болып жауамын. (Балаларға жаңбыр шашады).
Жүргізуші: Жаңбыр, жаумай тоқтай тұр, Дабылыңды соқпай тұр. Саяғынды түгендеп, Үйіріңді соқпай тұр!
Ән: «Балақан»
Бұлт: Рахмет, балалар! Қандай әдемі ән! Сендер жаңбырдан қорықпайсыңдар ма?
Балалар: Жоқ! (жүргізуші білдірмей қолшатырды алады)
Бұлт: Аяқтарыңды сулаймыз деп қорықпайсыңдар ма?
Балалар: Жоқ!
Бұлт: Қалай сендер барлықтарың батылсыңдар?
Жүргізуші: Міне, біз қандай батылмыз! (қолшатырды жазып, балаларды астына тығылуға шакырады)
Бұлт: Сеңдердің ойнағыларын келеді ғой, мен сендерді тез ұстап аламын.
Ойын: «Қолшатыр» немесе «Жаңбырдан қорықпаймыз»
Жүргізуші балалармен: Жаңбыр, жаңбыр, жау, жаңбыр! Жаңбыр келіп жауады Тамшылары тамады.
(Әннің ырғағымен балалар жүгіріп ойнайды, Бұлт орындықта отырып ұйықтайды. Бұлт балалардың даусынан оянып, оларға су шашады, сол кезде балалар қолшатырдың астына тығылады. Екі – үш рет ойнағаннан кейін орыңдарына отырады).
Бұлт: Балалар, сендер барлығын жылдам және шапшаң екенсіңдер, мен сендерді ұстап алмадым.
Жүргізуші: Бұлт, сенімен өте көңілді. Балалар сенімен ойнады, күлді, бірақ бізге әлі де біреу жетіспейтін сияқты. Бізде күн жоқ екен. Қане, балалар, бәріміз мейрамызға күнді қонаққа шақырыйық (балалар орындарына отырып, қолдарың шапалақтап, аяқтарың тыпырлатып, күнді шақырады). Күн келеді.
Күн: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендер мені шақырдыңдар ма, достарым?
Балалар: Иә!
Күн: Мен жарқырап төбеде Нұрын төгіп тұрамын. Шуақ шашып бәріне Бала жанын ұғамын.
Бұлт: Күн, күн, тоқтай тұр! Сөзімен менің құлақ тұр. Ішім толы суға, Сусыз өмір бола ма? – Ендеше мен бәріне керекпін, мен мықтымын!
Күн: Жоқ, мен мықтымын! (Бұлт пен Күн дауласып, аяқтарын топылдайды)
Жүргізуші: Тынышталыңдар, дауласпандар! Балалар, Күн мен Бұлтты татуластыру үшін Күзді қонаққа шақырайық. Қолымызға жапырактарды алып билесек, күз бізді байқап, өзіңде келіп қалар.
Би: «Күзгі жапырақтар» Күз келеді.
Күз: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Ырысқа толы қоймалар, Сабан тойы тойланар. Берекелі күз болам, Байлыққа мұртың майланар. – Сендер мені шақырдыңдар ма?
Жүргізуші: Сәлеметсің бе, Алтын Күз! Сені шақырған біздің балалар. Алтын күз, сен бізге көмектесші. Бұлт пен Күн екеуі кім мықты, кім бірінші деп дауласып тұр.
Күз: Олар неге олай дауласады? Қане, балалар, Күн мен Бұлтты татуластырайық. Ол үшін ойын ойнайық.
Ойын: «Саңырауқұлақтар мен жапырақтар» (Кілемге үстінде тамшылар мен жапырақтар шашылып жатады. 2 – 4 бала шығып, бірінші себетке тамшыларды, екінші себетке жапырақтарды жинайды.)
Күз: Жарайсыңдар, балалар! Күн мен Бұлт тату болса Бәрі де көңілді. Орманда да әр жерден Саңырауқұлақтар көрінді.
Жүргізуші: Күн менен су бар жерде Бау – бақшада гүлденер. Ортаға шық, балалар, Кім көп теріп үлгерер...
Ән: «Күз келгенде»
(Ән айтылып жатқанда Күн мен Бұлт себеттегі тамшылар мен жапырақтарды алмалар мен айырбастап қояды).
Күз: Біздің достарымыз Күн мен Бұлт қайда кеткен?
Бұлт: Алтын күз, қарашы, біздің жапырақтарымыз бен тамшыларымыз сиқырлы екен!
Күн: Олар тәтті алмаларға айналып кетіпті.
(Бұлт пен Күн себеттегі алмаларды балаларға көрсетеді)
Күз: Ендеше ешқашанда дуласпаңдар, дос болыңдар!
Барлық кейіпкерлер (Күн, Бұлт, Күз): Ал, балалар, сау болыңдар!
Балалар: Сау болыңыздар!
Жүргізуші: Балалар, міне біздің мейрамымыз да аяқталды. Бірақ күз бізбен әлі қоштаспайды. Біз далаға серуенге шыққанда онымен кездесеміз.
Берекелі бақ – дәулет Арта түссін тойланып. Сау болайық бәріміз, Келгенше күз айналып!
(Балалар ән ырғағымен залдан шығады)