Конспект урока по географии на тему : Материк жа?алауында?ы м?хиттар мен те?іздер. Зерттелу тарихы.


Сабақтың тақырыбы: Материк жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер. Зерттелу тарихы.
Сабақтың мақсаты:Білімділігі – Африка материгінің физикалық - географиялық орнын, жағалауындағы мұхиттар мен теңіздерін, зерттелу тарихын білу. Әр түрлі білім көздерімен оқушылардың білімдерін тереңдету;Дамытушылығы - оқушының тез қабылдауына жол ашу, ой қиялына ерік бере отырып, өз пікірін айтуға, қорытынды шығаруға төселдіру, теориялық білімін, зейінін дамыту;Тәрбиелігі - логикалық ойлау мәдениетін қалыптастыру, даралық қабілетін сезіндіру, руханилыққа тәрбиелеу.Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгеру.Сабақтың түрі: Іздену сабағы.Сабақтың әдістері: дамыта оқыту, сұрақ - жауап, ойын элементтері, шығармашылық әдіс, талдау.Пән аралық байланыс: тарих, биология, музыка.Сабақтың көрнекілігі: Дүниежүзінің физикалық картасы, Африка материгінің физикалық картасы, глобус, оқулық, атлас, кескін карта, интерактивті тақта, үлестірмелі материалдар, бағалау қағазы, бейнематериал.Сабақтың барысы.I. Ұйымдастыру кезеңіII. Ой шақыру кезеңіIII. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңіIV. Сергіту кезеңіV. Жаңа білімді бекітуVI. Сабақты қорытындылауVII. Үйге тапсырмаVIII. БағалауIX. РефлексияI. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлеметсіздер ме балалар!II. Ой шақыру кезеңі. Ежелгі материк Пангея туралы сұрау. Оның Африка материгіне қатысын түсіндіру.III. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі:1. Оқушылардың Африка жөніндегі білімін анықтау. Олардың теледидардан көріп, кітаптардан оқығаны мен білгендерін сұрастыру.2. Африканың физикалық картасымен таныстыру.3. Материктің географиялық орнын анықтау.4. Африкаға ұласатын мұхиттар мен теңіздер.5. Түбектер мен аралдар.6. Жағалауындағы ағыстар.7. Зерттелу тарихы.IV. Сергіту кезеңі. Африкадағы ұлттық парк туралы бейнематериал көру.V. Жаңа білімді бекіту.1 - тапсырма. «Мылқау карта» ойыны.2 - тапсырма. «Сандар не дейді?» ойыны.6617 км7 млн км кв1933 ж +58 градус7, 5 т5895 м- 153 м590 000 км кв68 000 км кв1470 м933 мVI. Қорытындылау кезеңі. Оқушылар «Африка материгінің құжаты», «Ең, ең, ең...» тапсырмаларын орындау арқылы сабақты түйіндейді.VII. Үйге тапсырма:- §44 оқу- кескін картамен жұмысты аяқтау- тақырып соңындағы сұрақтарға жазбаша жауап беруVIII. Бағалау. Қорытынды кезеңде орындалған тапсырмаларды оқушылар бір бірін тексеру арқылы бағалайды. Мұғалім тақтада ілулі тұрған бағалау парағына қарап, тиесілі бағаларын қояды.IX. Рефлексия. Мұғалім таратқан күлшелер арқылы оқушылар сабақ туралы өздерінің пікірлерін білдіреді.