?йымдастырыл?ан о?у іс ?рекеті 5саны мен цифры ашы? саба?


5 саны мен цифры(ашық сабақ)

Білім беру саласы:Таным,Денсаулық,Қатынас,Шығармашылық,Әлеуметтік орта
Оқу іс-әрекет түрі:Қарапайым математика
Тақырыбы: «5 саны мен цифры»
Мақсаты:-Балаларға шамамен 5-ке дейін санауды  және қатарда орналасқан
заттарды көрсете отырып,сандарды ретімен атауды үйрету.
— «5» санымен таныстыру.
-Өзіне қатысты заттарды орналастыруда алдында,артында,оң және
сол жағында ,жақында сөздермен белгілеуді үйрету.
Әдіс-тәсілдері:түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап,Мантесорий әдістері,ұлттық
ойындар
Көрнекілігі:Гүл шоғы,асықтар,қоржын,видеоролик,жарма
Биллингвистикалық копонент:бес-пять-fight

Әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы Психологиялық сәт:» Гүл шоғы »
-Сәлеметсіздер ме,балалар!
-Көңіл күйіміз қандай?
-Ендеше,осындай көтеріңкі көңіл-күймен менің қолымдағы әдемі гүлді «бүгінгі күніміз сәтті өтсін» деп сендерге ұсынбақшымын.Ал,сендер бір-бірлеріңе жылы тілектерінді арнай отырып, достарыңа ұсыныңдар.
 
-Осындай әдемі сәтте мен сендермен бірге ұлттық «Ханталапай» ойыны арқылы интеллектуалды жарыс ұйымдастырмақшымын.Ол үшін барлығымыз мына жерден қызыл және көк түсті белгісі бар қағаздарды аламыз.Қызылдар оң жақтағы  алғырлар тобына ,көктер сол жақтағы билгирлер тобына бөлінеді.
(балаларды топқа бөліп отырғызу)
 
Ойын шартымен таныстыру
Ойынымыз ұлттық ханталапай ойыны арқылы өтеді.Ойын барысында берілген тапсырмаларға дұрыс жауап берген топ қоржынына асық салып отырылады.Бир асық салынады.Ойын соңында қай топ көп асық жинаса сол топ жеңімпаз болады.
Жауаптардың дұрыс-бұрыстығын қазылар алқасы анықтап отырады.Қазылар алқасы
Фатима апай,Анар апай,Сарсен апай,Бибигул апай
 
Алғашқы жарысты бастайтын топты анықтау үшін екі топтың топ басшылары шығуы тиіс.Ол үшін топ басшыларын сайлайық.
Алғырлар тобына Айлин,
Билгирлер тобына — Ибраһим
 
Тапсырма:Ханталапай
Шарты:шашылған асықтарды кім көп жинаса сол жеңімпаз атанады.
  Іздену-ұйымдастырушы -Ал,балалар жарысты кім бастайтынын анықтадық,алғашқы тапсырмаға кірісейік.1-тапсырма:
«Кім жылдам ?»ким коп биледи?
 
 
Шарты:1минут ішінде оқылған сұрақтардың қаншасына дұрыс жауап берсе,қоржынына сонша ұпай түседі.
 
2-тапсырма:»Математикалык Жұмбақ есептер»
Шарты:жұмбақ түрінде жасырылған есептерді ойша жылдам есептеп шешімін табу.Қай топ қанша жұмбақ есепті шешсе,қоржынына сонша асық салынады.
 
3-тапсырма:»Теңге ілу»
Шарты:Теңге ілу ойыны арқылы танбалары түсіп қалған сандарды тауып артык 6кем танбаларын кою. орналастыру.Дұрыс орындаған ойыншы тобына 1асық беріледі.
 
-Ал,балалар келесі тапсырманы орындамас бұрын бойымызды сергітіп алайық.
 Сергіту сәті: 1 дегенде тұрайық2, 3, 4 алақанды соғайықОң жаққа бұрылыпСол жаққа бұрылыпБіз шынығып алайық
4-тапсырма:»Орамал тастамақ»
Шарты:Алмаларды  тәрбиеші нұсқауына сәйкес себеттің оң жағына,сол жағына,үстіне,астына орналастыру керек.Дұрыс орындаған ойыншы тобына 1ұпай беріледі.
5-тапсырма:»Таңбалау»
Шарты:Жарма бетінде саусақ арқылы 5 санын таңбалау.Қай топта тапсырманы дұрыс орындаған көп бала болса,сол топ жеңімпаз болып тобына 1 асық ұпай салынады.Қазылар алқасы балалардың тапсырманы қалай орындағанын өздеріңіз тексеріп шығасыздар.
 
6-тапсырма: :»Тоғызқұмалақ »
Шарты:Ұяшықтар сыртындағы сандарға сәйкес ұяшық ішіне таяқшаларды салып,артық,кем екендігін тауып белгісін қою. Рефлексивті-түзетуші Бекіту.Ал,балалар бүгін біз қандай санды танып білдк?-5 санын үш тілде айтайықшы\
 Балалар: Қол ұстасып тұрайықШеңберді біз құрайық.Көріскенше күн жақсы,Сау саламат болайық!
 
Топтардың қоржынындағы жиналған асықтарды санап жеңімпаз топты анықтау,марапаттау.
    
-бес
Пять
файт
Күтілетін нәтиже
Нені білуі керек: «5″ санын танып, ажыратып,ретін анықтай білуі керек
Нені игерді:»5″ санын танып, ретін анықтай отырып,үстінде,астында,оң
жағында,сол жағында ұғымдарын меңгерді.
Меңгерген дағдылары мен іскерлігі:тапсырмаларды  дұрыс тиянақты
орындау барысында ,»5″ санын толық танып ,ретін анықтай білді.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
№ 1 технологиялық картасы
Тақырыбы: «Менің балабақшам»
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Қарапайым математика
Тақырыбы: «5 санымен цифыры».
Мақсаты: Балаларға шамамен 5-ке дейін санауды  және қатарда орналасқан заттарды көрсете отырыпсандарды ретімен атауды үйрету. «5» санымен таныстыру. Өзіне қатысты заттарды орналастыруда алдында,артында, оң және сол жағында ,жақында сөздермен белгілеуді үйрету.
Міндеттер: Бес көлемінде заттарды санауға дағдыла-рын бекіту. Сабақ мақсатын түсінуге және тапсырмаларды дербес орындауға үйрету.
Математикалық ұғымдарын түсіндіру, логи-калық қасиеттерін дамыта отыра шыдамды-лыққа тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: әртүрлі геометриялық пішіндер.
пішіндер бейнеленген суретте; санауға арналған таратпа ұсақ заттық суреттер
Қыркүйек

Іс-әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс -әрекеті Баланың іс-әрекеті
Мотивациялық -қозғаушы
Балалар бүгін мен балабақшаға келсем біздің топта мына бір қоропша тұр. Ашып қарасам онда қалай ойлайсыңдар не бар? Балалар шеңберде тұрып тәрбиешіні тыңдайды.
Ойланып жауап береді.
Ұйымдастыру іс-әрекеті

Жұмбақтар жасырады:
Мақұлық бар екен даусы зор,
Адамға ұқсап бойында аяқ пен қол,
Мекені тас бұлақтың төңірегінде,
Мынаны тапқан жанның ақылы мол.
/аю/
Әңгелейді, дөңгелейді,
Ұшқан құстай,
Құс десем, төрт аяғы бар,
Елек-селек, екі құлағы бар.
/Қоян/.
Бір жануар домаланған екі көзді,
Адамның ықпалымен жүреді өзі.
Сияды ішіне оның төрт-бес кісі,
Жарқырап түнде жортса екі көзі.
/машина/
балалар шешуін айтады, тәрбиеші қоропшадан ойыншықтарды шығарады.
Балалар қонаққа нелер келді?
Оларды бір ортақ сөзбен қалай айтамыз?
Ойыншықтар не үшін керек?
Біздің қонақтар сеңдерге сыйлық әкелді.
Ендеше бізде қонақтарға сыйлық жасап берейік
Әдеттегідей екі орталыққа өз қалауымен бөлінеді. Бірінші топ шығармашылық орталығына барып суреттегі ойыншықтарды бояйды. Ал екінші топ танымдылық орталығына барады.
Кәне қараңдар қандай сыйлықтар әкеліпті,
сыйлықтарды қоя отыра балаларды санатуға үйретеді.
Сұрақта:
Қонжық неше шырша әкелді?
Машина неше құыршақ әкелді?
Ал қоян ше неше сәбіз әкелді?
Тәрбиеші балаларға тапсырма береді:
Қонжықта неше шырша бар?
Үстел үстінде неше шырша тұр?
Шыршанын жанында неше құыршақ тұр?
Машинада неше құыршақ қалды?
Қонжықта неше сәбіз бар, қоянда ше неше сәбіз қалды?
Тәрбиеші қайтадан балаларға ұсақ ойыншықтарды алуға талап етеді.
Сұрақтар:
Сеңде неше шырша (сәбіз, құыршақ?) бар
Қонжықта (қоянда, машинада неше ойыншық қалды?
Үстел үстінде неше ойыншық бар?
Тәрбиеші қайтадан балаларға ойыншықтарды қонжықтын, қояннын, машинаға қоюға талап етеді.
Дидактикалық ойын «Қай қолымда көп»
Мақсаты: аз және көп заттарды ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру; ойлау қабілеттерін дамыту.
Шарты: ортаға бір баланы шақырып, оң және сол қолына көп және аз заттарды ұстатады. Бала алдымен көз мөлшерімен қай қолда зат көп, қай қолында аз зат бар екенін анықтайы. Одан кейін заттарды қатарымен қойып, қай қатарда көп, қай қатарда аз зат тұрғанын салыстырады
Құрал-жабдықтары: әртүрлі ұсақ заттар–моншақтар, түймелер
Сергіту
1, 2, 3
Дем аламыз жинап күш.
«5»- тік баға аламыз
Қуанып үйге барамыз.
Дидактикалық жаттығу
Үстел басында әр балаға 5 ұсақ ойыншықтар және тақтайша таратылады.
Балаларға тапсырма:
Тақтайшаның бір жағына 1 ойыншықты қойындар
Ал тақтайшаның басқа жағына қалған ойыншықтарды қойындар
"Көп" "Аз" ұғымдарын қайталап бекітеді.
Тақтайшанын қай жағында ойыншық көп?
Тақтайшанын қай жағында ойыншық аз?
Тәрбиеші балаларға дөңгелекте салынған күн көзін сүретін көрсетеді.
Мынау не деп сұрақ қоя отыра дөңгелек геометриялық пішінін естеріне түсіріп білімдерін бекітеді.
Кәне балалар ауда дөңгелекті сызып көрейік деп талар етеді.
Фланелегафта түрлі-түсті геометриялық пішіндер(шаршы, үшбұрыш, дөңгелек тіктөртбұрыш, сопақша) орналасқан.
Тәрбиеші балалардың назарын фланелеграфтағы пішіндерге аударады.
Балалар сеңдер не көріп тұрсыңдар?
Оларды қалай ортақ сөзбен айтамыз?
Дөңгелек пішінін тауып көрсетіндер деп талап етеді
Дөңгелектін түсі қандай?
Жұмбақ жасырады
Бірінің ізін бірі басады,
Біріне жеткізбей, бірі қашады. (Дөңгелектер)
Дидактикалық ойын «Вагондарға дөңгелек таңдау»
Тақтада ұйымдастырылыналы.
Мақсаты: геометриялық пішіндерді ажыратуға, үлкен, кіші дөңгелектерді тауып, қасиеттерін білуге жаттықтыру, ойлау қабілетін дамыту.
Ойынның құрал-жабдықтары: қағазға салынған вагондар, әртүрлі геометриялық пішіндер.
Шарты: Балалар вагондарға лайық дөңгелектерді әртүрлі пішіндердің ішінен тауып алу керек.
Дидактикалық ойын: «Таныс пішіндер доминосы»
Үстел басында әр бала жеке түрде орындайды.
Мақсаты: геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту; көп заттың ішінен біреуін таңдауға жаттықтыру.
Ойынның құрал-жабдықтары: пішіндер бейнеленген суреттер.
Шарты: Балаларға суреттерді таратып беру. Жүргізуші бірінші суретті үстелдің ортасына қояды, қалған балалар сурет сәйкес өзінің суретін қояды, суретте бейнеленген пішінді атайды. Ойын осылай жалғаса береді.
Дәптермен жұмыс
Шығармашылық орталығындағы балалардың жұмысын пысықтайдыр. Аю, машина, қоян
Аю, машина, қоян
Ойыншықтар
Ойнауға
Балалар орталықтарға барып оқу іс әрекетәне қатысады.
Бір шырша әкелді
Көп құыршақ әкелді
Аз әкелді
Бір бала бір шыршаны алып үстел үстіне қояды
Қонжықта шырша жоқ
Үстел үстінде бір шырша тұр
Келесі балалар құыршақтарды алып шыршанын жанына қояды.
Келесі бала сәбізді алып қонжықтын жанына қояды.
Біреу
Бір де ойыншық қалған жоқ.
Балалар тапсырманы орындайды.
Балалар ойында белсенді қатысып отыру керек.
Тәрбиешімен қайталайды.
Балалар үстел басына жақындайды
Балалар тапсырманы орындайды.
Ойланып жауап береді
Балалар тәрбиешімен бірге дөңгелекті ауада сызады.
Балалар ойланып пайымдап жауап береді
Үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш
Тақтаға бір екі бала шығып басқа геометриялық пішіндер арасынан үлкен кіші дөңгелектерді тауап алу керек.
Әр бала жеке түрде тапсырманы орындап игеруі қажет
Балалар орындаған жұмыстарын түсіндіреді
Балалар дәптердегі тапсырмаларды орындайды.
Балалар жасаған жұмыстарын түсіндіреді.
Рефлексивті-түзетуші Қандай сабақ болды?
Сабақтын басында не боды?
Қандай қонақтар келді?
Не жасадық?
Қандай ойын ойнадық?
Ойын ойнағанда не түсіндік? Математика сабағы болды
Жұмбақ шештік
Аю, машина, қоян.
Санадық
Балалар жауап береді.
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: : Көп аз ұғымдарын түсініп үйреніп білу керек. Заттардың санына қарай салыстыруға білу керек
Нені игереді: Дөңгелек геометриялық пішінін басқа геометриялық пішіндер арасынан тауып алуға және олардың көлемі әр-түрлі болатынын игереді.
Нені біледі: Жаңа математикалық ұғымдарын түсініп менгеріп білуі қажет.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы
Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Қарапайым математика
Тақырыбы:
«1-ден 5-ке дейін сандарды қайталау»
Мақсаты: Балаларға шамамен 5-ке дейін санауды  және қатарда орналасқан заттарды көрсете отырыпсандарды ретімен атауды үйрету. «5» санымен таныстыру. Өзіне қатысты заттарды орналастыруда алдында,артында, оң және сол жағында ,жақында сөздермен белгілеуді үйрету.
Міндеті: Көлеміне қарай таныс заттарды (ұзын, қысқа) салыстыру дағдыларын бекіту.
Сопақша геометриялық пішіні туралы білімдерін бекіту (басқа геометриялық пішіндер арасынан тауып алуға және олардың көлемі әр-түрлі болатынын) ұғымдарын қалыптастыру. Балалардың логикалық ойлауын, зейінін, тіл байлығын дамыту.
Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: әртүрлі ретте орналасқан (үлкен, кішірек, ең кішкентай) геометриялық пішіндердің суреттері.
Кез-келген ойыншықтар немесе суреттер.
жануарлардың, құстардың ойыншығы; санауға арналған таратпа ұсақ заттық суреттер.
Іс-әрекет кезеңі Тәрбиешінің іс -әрекеті Баланың іс-әрекеті
Мотивациялық -қозғаушы
Ұйымдастыру іс-әрекеті
Шаттық шеңбері:
Күн шаттан алақай,
Қуанатын күн келді,
Күліп шықты күн бүгін,
Бәріміз күдей жарқырайық,
Бәріміз тату болайық.
Сонымен балалар бүгінбіз сендермен 1-ден бастап 5-ке дейінгі сандарды қайталаймыз
Кәне ең алдымен есімізге түсі-ріп санап көрейікші. Содан кейін ауада жазайық.Көршісін табайық екі жағында қандай сандар тұрғанын атаңдар.
«Мынау қай пішін?»
Мақсаты: Геометриялық пішінді сипалап анықтау арқылы айта білу.
Көрнекілік: Картоннан жасалған геометриялық пішіндер 5–түрі.
Шарты: Бала топқа қарап тұрып, қолын артқа ұстайды. Тәрбиеші оның қолына геометриялық пішінді ұстатады. Бала оны сипап байқап, балаларға көрсетпей атын атайды.
Дидактикалық ойын: « Жұбын тап»
Мақсаты: геометриялық пішіндерді ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру; білімдерін бекіту, ойлау қабілеттерін дамыту.
Құрал-жабдықтары: әртүрлі ретте орналасқан (үлкен, кішірек, ең кішкентай) геометриялық пішіндердің суреттері.
Шарты: Балаларға геометриялық пішіндер орналасқан суреттерді тарату. Үлгі ретінде бір суретті көрсетіп, дәл осындай суреттін жұбын табуды ұсыну. Суреттердің дұрыстығын тексеру үшін оларды салыстыру.
Дидактикалық ойын:
«Қалтадағы жемістерді шатаспай сана»
Мақсаты:мына үйшіктің қалтасындағы жемістерді атап санау бес көлемінде заттарды санауға дағдыларын бекіту.
Дидақтикалық жаттығу: "Тез ойланып жауап бер"
Үйшіктің неше қалтасы бар екен және де түсін ата.
Балалар шаттық шеңберін жасайды. Сөздерді тәрбиешімен қайталайды.
Балалар 1-ден 5-ке дейін санайды.Ауа да жазып, көршісін атайды.
Балалар геометриалық пішіндерді атайды.
Ойынға қызығушылық танытады.
Қалтадағы жемістерді санап, түсін дәмін айтты.
Үйшіктің қалталарын санап, түстерін атады.
Рефлексивті-түзетуші
Ал енді мына кубиктарға назар аударайық :
Неше бұрышы бар екен, түс терін атайықшы.
Сергіту сәті: 1 дегенде тұрайық2, 3, 4 алақанды соғайықОң жаққа бұрылыпСол жаққа бұрылыпБіз шынығып алайық
Бекіту.Ал,балалар бүгін біз қандай сандарды қайталадық? -5 санын үш тілде айтайықшы\
Балалар: Қол ұстасып тұрайықШеңберді біз құрайық.Көріскенше күн жақсы,Сау саламат болайық.
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: Сан мен сан таңбасын сәйкестендіруге білу керек.
Нені игереді: Сопақша геометриялық пішінін басқа геометриялық пішіндер арасынан тауып алуға игереді.
Нені біледі: Жан-жануарлаға қамқоршы болуға үйреніп біледі.