?арапайым математикалы? т?сініктерін ?алыптастыру ?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекеті бойынша ашы? саба? 1 санымен таныстыру


20.10.2014 жыл Тәрбиеші: А.Ж.Катбаева
Технологиялық карта
Білім беру саласы: Таным
Тобы: ортаңғы топ
Бөлімі: ҚМТҚ
Тақырыбы: «1 - санымен таныстыру»
Мақсаты: 1-санымен таныстыру, көп-аз, оң жақ – сол жақ ұғымын ажырату, дидактикалық ойындар арқылы санау қабілеттерін арттыру, сурет бойынша әңгімелеу, 1-санына санамақ үйрету. Балаларды татулыққа тәрбиелеу.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: Жылулық шеңбер: «Армысың, алтын күн!»
Әдіс-тәсілдері: дидиактикалық ойын, таңғажайып сәт, санамақтар, сергіту сәті, топшамалар, логикалық есептер арқылы түсіндіру.
Көрнекіліктер: суреттер, 1-5 дейінгі сандар, қуыршақ, оқулық.
Қостілділік компонент: Бір – один, көп – много, аз – мало.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы 1. Сұрақ-жауап тәсілдері
-Жылдың қай мезгілі?
-Бір аптада неше күн?
-Бүгін аптаның қай күні? т.б. Күз мезгілі
Жеті
Бірінші күні – дүйсенбі.
Іздену ұйымдастырушы 2. Есік қағылып, математикалық ханшайым келеді. Қолында 1 – саны. Балалармен амандасады.
-Мен сендерге математика әлемінен келдім. Мынау менің ең кішкентай қызым – бір – один – one.
-Мына суретке қараңызшы, неше кісі отыр?
-Оның қолында не бар?
-Неше домбыра?
-Ал мына суретте не?
-Неше ағаштар?
Көп – много – lot.
-Топта қандай зат біреу?
3. Сергіту сәті.
Оңға қарай бір атта,
Бір, екі, үш.
Солға қарай бір атта,
Отырамыз тып-тыныш.
4.Үлестірмелі топшамалармен жұмыс.
Әр балаға 1-5 – дейінгі сандар жазылған топшамалар беру. Ондағы бір санын қоршау.
-Балалар кім бір саны туралы санамақ біледі?
5. Д.о.: «1-санын өз үйіне орналастыр»
Ойын шарты: сандардың ішінен бір санын тауып, бірінші қабатқа орналастыру.
6. Дәптермен жұмыс.
-Балаларға ауамен жаздырту, қолды жоғары көтеру, төмен түсіру.
-Тақтаға жазып көрсету;
-Өз беттерімен дәптерге жазу.
7. Математикалық ханшайым балалардың жұмыстарын, жауаптарын тыңдап, риза болып рахмет айтып кетеді.
8. Қорыту, мадақтау.
-Бізге қонаққа кім келді?
-Оның қолында қандай сан болды?
-Ол қандай елден келді? т.б. Балалар келген қонақпен амандасады, оны мұқият тыңдап, қатысып отырады.
Үш тілде жауап береді. (уан)
Бір кісі
Домбыра бар
Бір домбыра бар
Ағаштар
Көп ағаштар
(лот)
Тақта, теледидар, т.б.
Қимылмен сергіту сәтін жасайды.
Балалар өз беттерімен бір санын тауып, қоршайды.
2 бала санамақ айтады.
Балалар белсене қатысып, қызығушылықпен ойнап, санды өз орнына қояды.
Балалар қолдарын жоғары-төмен түсіреді.
Мұқият тыңдап, қарайды.
Өз беттерімен жазады.
Балалар ханшайымға риза болып, бір санымен танысып, оған рахмет айтып қоштасады.
Ханшайым келді.
Бір саны болды
Математикалық елден келді.
Рефлексивті коррекциялаушы Біз бір санымен таныстық.
Бір санында бір бірлік болады. Бір саны туралы толық айтып, өз беттерімен жаза біледі.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Бір саны туралы санамақтар айтады.
Үйренеді: Бір санымен танысу, жазу және бір санында бір бірлік барын үйрету.
Баланың жасай алуы: Бір санына байланысты сұрақтарға жауап береді.