Внедрение семи модулей в процесс урока


7 модуль 1.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.2.Сыни тұрғысынан ойлау.3.Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.4.Оқытуда АКТ пайдалану.5.Талантты және дарынды балаларды оқыту.6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.7.Оқытудағы басқару және көшбасшылық. жарапра Жеті модульдердің барлығында қарастырылатын идеялар мен оқыту мен оқудың жаға тәсілдері деп санауға болатынына қарамастан, біз жаңа әдістер ретінде Диалог арқылы*оқыту “мен қалай оқу керектігін үйренуді” ғана қарастырамыз, себебі олар әлеуметтік-сындарлылық көзқарасымен тығыз байланысты. Диалог негізінде оқыту мен оқу оқушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы арасындағы диалогтің шәкірттердің өзіндік ой-пікірін жүйелеу мен дамытуына көмектесетін амал екенін меңзейді. 2. Сыни тұрғыдан ойлау. *СТО бағдарламаның өн бойында екі мағынада қарастырылады: оқушылардың СТО дамыту және мұғалімдердің СТО дамыту. Мұғалімдердің СТО өзінің жұмыс тәжірибесінде жаңа тәсілдерді қолдану және бағалау әрекеттерін сыни тұрғыдан бағалауды қамтиды. 3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. Оқудың тиімді бағасын және оқыту үшін тиімді бағаны түсіну мен оқудағы барлық жаңа тәсілдермен тығыз байланысты.Мұғалімдер мен балалар үшін олардың қай мақсаттарға жеткісі келетінін білу маңызды, ал ол мақсатқа жету өлшемдерін түсінуді талап етеді. Сондықтан бағдарлама сыни бағалау тәсілдерін де қарастырады. 4.Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану *АКТ-ның дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін де уақтылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты оқытуда қолданылатын әдіс-тәсәлдер, әдістемелер, технологиялар жаңартылып отырады. АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып отыр. 5. Талантты және дарынды балаларды оқыту. * Қазақстанның көркеюі үшін оқушылардың таланты мен қабілетін ашып, оларды оқыту барысында дамыту өте маңызды. Қазіргі уақытта білім беру саласында жоғары жетістіктерді анықтайтын және ынталандыратын бірқатар өңірлік, ұлттық, халықаралық сайыстар мен бағдарламалар жүргізіледі. Алайда мұндай сайыстық құрылымдыр талант пен қабілетті өрістетудің, барлық балалар әлеуетін дамытудың жалғыз тәсілі болып табылмайтыны туралы пікірлер баршылық. Осы бағдарлама аясында талантты және дарынды балаларды оқытуды дамыту үшін анағұрлым инклюзивті тәсіл пайдаланатын болады. 6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу *Түрлі жастағы балаларда байқалатын метасана деңгейіне, балалардың жас шамасына бейімделген сындарлы диалогты ынталандыру стратегиясы да әр жастағы балалар мүмкіндігіне сай беріледі. Сондай-ақ басқада модульдермен байланысы да айқын, мысалы, әртүрлі жас шамасында өз-өзін бағалауға жауапкершілікті зерделеуді жүзеге асыратын “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау” модулі. 7.Оқытудағы басқару және көшбасшылық * Бағдарламаның негізігі идеясы сыни тұрғыдан бағалау, өзгерту және тәжірибе мен білім саясатын қайта бағалау нәтижесінде мұғалімдер бастамасымен барлық деңгейлерде өзгерістердің жүзеге асырылатынына негізделеді. Көшбасшылық бағдарламаның өн бойында мұғалім енгізетін өзгерістер тарапынан қарастырылады.