Презентация по казахскому языку Киіз ?й


КИІЗ ҮЙ 1861 жылы Парижді та...қалдырып, д...ниежүзілік к...рмеде б...йгі алған қасиетті киіз үйді... қ...пиялары. КИІЗ ҮЙ КЕРЕГЕ УЫҚ ШАҢЫРАҚ КИІЗ КЕРЕГЕ Үйдің төменгі жағыКереге ағаштары бір-бірімен қайыс баулармен байланыстырыладыОлар тез жиналады, тез жазылады УЫҚ Уық немесе иілген ұзын ағаштар үйдің күмбезін құрайдыОлардың төменгі жағы керегеге бектіліп байланадыУықтың жоғарғы ұшталған жіңішке ұшы шаңырақтың бүйіріндегі тесіктерге кигізіледі ШАҢЫРАҚ Шаңырақ деп дөңгелек ағашты айтадыШаңырақ ошақта жағылған оттың түтіні шығуына және күндіз үйдің ішіне жарық түсіруге арналғанШаңырақ қажетті кезде арнаулы киізбен жабылады, ашылады КИІЗ Киіз үйдің ағаш қаңқаларының үстінен жабыладыКерегелерді төменгі жақтың киізін туырлық дейдіЖоғары жақты – уықты жабатын киізді үзік дейдіШаңыраққа жабылатын төртбұрыш киізді түндік деп атайды Туырлық пен керегенің арасына әр түрлі әдемі жіппен тоқылған ши ұстайды. Шидің қасиеті – көріктендіріп тұрады әрі бақа-шаян сияқты ұсақ жәндіктердің үйге кіріп кетуіне бөгет болады. Қазақтың үйі қандай өмірге бейімделген? Киіз үйдің құрылысы қандай? Киіз үйдің ағаш қаңқасы неше бөліктен тұрады? Үй қалай құрылады? Уық деген не? Шаңырақ деген не? Қазақ үйіне жабылатын киіздер қалай аталады? Қазақ үйіне ши не үшін қажет? Киіз үй туралы кім жазды? Шоқан Уалихановтың қандай еңбектері бар? Сөздердің антоним сыңарып тауып жазып, сөз тіркестерін жасаңдар: Отырықшы –Астынан- Жоғарғы – Баяу –Қысқа – Жуан – Түнде –Қараңғы – Ірі – Жабылады - Сөздердің антоним сыңарып тауып жазып, сөз тіркестерін жасаңдар: Отырықшы – көшпеліАстынан- үстіненЖоғарғы – төменгіБаяу – тезҚысқа – ұзынЖуан – жіңішкеТүнде – күндеҚараңғы – жарықІрі – шағынЖабылады ашылады- Синоним сөздерді аударыңдар: Жұмысы, ісіОңай, жеңілБуады, байлайдыҚастерлі, қасиеттіәсем, әдемітұрағы, мекенісарланады, боянады Төмендегі сөздерді сөз тұлғасына ажыратып жазыңдар: Әйелдердің, байланыстырады, уықтарды, киіздерді, керегелердің, сырықпен, жылқышылар, сырланады, ағаштары, жеріне Тыйым сөздер: Үйге сыртыңмен кірмеҮйді сабамаШаңыраққа қара Оқыңыздар: Киіз үйдің іші өте әдемі. Жерде түрлі-түсті киіздер, оюлы сырмақтар, тоқулы алашалар төселеді. Ағаш сандықтың үстінде құрақ көрпешелер, мақталы көрпелер, үлкен жастықтар жиналады. Керегеге тақыр кілемдер, әшекейлі бұйымдар, аспалы қоржын ілінеді. Сондай-ақ түлкінің сұлу терісі, үкілі домбыра, өрулі жіптерді де көруге болады. Мәтінді оқып, асты сызылған сөздерге сұрақ қойыңыздар Орда – салтанатты, жоғары мәртебелі адамдар бас қосатын, аса құрметті хан, би, сұлтандар отыратын үй. Мұның да бірнеше түрі бар. Алтын орда – 30 қанаттан тұратын ханның мәжіліс ордасы. Ақ ала орда – 8 қанатты дәулетті бай үйі. Ақ үй – 6 қанатты дәулетті адамдар тұратын үй. Боз үй, қоңыр үй, қараша үй – 4-5 қанатты киіз үй (қарапайым адамдар тұрады). Отау үй – жас жұбайлар үйі. Жолым үй, абылайша үй, жаппа – уақытша ғана отыратын шағын немесе жартылай тігілетін үй. Әбілқан Қастеев - художник Бата Шаңырағың биік болсын,Керегең кең болсың. Қазіргі заманда, ХХІ ғасырда, киіз үй құрылады ма? Қайда? Қай себеппен?Киіз үй сен үшін не? Үй тапсырмасы: үйленетін досыңызға хат жазу. Досыңызға оның үйі және іші қандай болу керек кеңес беріңіз.