О?ушылар арасында?ы ???ы? б?зушылы?ты? алдын алу та?ырыбында?ы коучинг сессиясыны? жоспары


№ Коучинг Мазмұны
1
2
3
4
5
6
7Коучингтің тақырыбы:
Жалпы мақсаты:
Күтілетін нәтиже:
Түйінді идеялар:
Сессияда қолданылатын материал:
Оқыту әдісі:
Дерек көздері: Оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу
Оқушыларда құқықтық мәдениет пен құқықтық әрекет-қылық қалыптастырып, оларды құқықтық заңдылық талаптарын түсінуге әрі мойындауға ата-ана, мектеп болып баулу. Оқушылар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуда мектеп пен отбасы арасындығы серіктестікті дамыту.
Ата-ананың баласына жауапкершілігі артады. Бала тәрбиесіндегі көзқарасы өзгереді.
Ата-аналардың құқықтық сауаттылығын арттыру.
ИТ, плакат, кестелер, маркерлер.
Топтық жұмыс, АКТ
Интернет материалдары.
Коучинг бойынша коуч пен ата-аналардың іс-әрекеті
Мазмұны Коучтің іс-әрекеті Ата-аналардың іс-әрекеті
1.Топқа бөлу.
«Атомдар мен молекулалар»
ИТ әуен қойып қояды да «екіден», «үштен», «төрттен» деген команда береді. Ата-аналар әуенге билеп жүреді де коучтің командасына қарай бірігеді. Соңғы рет төрттен бірігіп , 3 топқа бөлінеді.
2. Танысу «Мені бәрі біледі...» Коуч өзінен бастап таныстырып, қалай таныстыру керек екенін көрсетеді. Ата- аналар өздерін таныстырады.
3. Бейнеролик көрсету Бейнероликті ИТ көрсетеді. Ата-аналар бейнероликті көріп отырып, ой қорытады.
4. «Ой-толғаныс» Бейнероликтен көргендері бойынша ойларын қағазға түсіруге тапсырма береді. Көргендері бойынша эссе жазу. Әр топтан жақсы жазылған бір эссені оқыту.
5. Топтық жұмыстың тапсырмалары.
Жағдаяттарды талқылау.
Жағдаят№1 Балаңыз күнде таңертең сабаққа тұрғысы келмей, бармай-ақ қояйыншы, ертең барам ғой деп қайта ұйықтап қалды. Сіз осыны қалай жөнге келтіресіз? Жағдаяттан шығу жолын топпен ақылдасып шешеді.
Әр топ өз шешімін шығарып, оқиды.
6. Топтық жұмыстың тапсырмалары.
Жағдаяттарды талқылау.
Жағдаят№2 Нұрлан 5-сыныпта оқиды.Нұрланның білім алуға талабы жақсы.Оқыса, жақсы оқитын оқушылар қатарынан орын аларлық қабілеті бар. Бірақ ата – анасының тәрбиесі баланы дұрыс жолдан тайдырады.Баланы сабақтан себепсіз жиі қалдырады, тіпті кейде апталап қалдыратын кездері де болды. Мектепте, сыныпта ата – аналарға байланысты өтетін жиындарға мүлдем келмейді. Сынып жетекшісі осы жағдайға байланысты Нұрланның үйіне барып, ата – анамен бірнеше рет әңгіме жүргізгенмен еш нәтиже щықпайды. Ата – анасы құр уәде беріп, шығарып салады. 1 Нұрланның ата-анасының қылығын қалай бағалайсыздар?
2.Сынып жетекшісінің орнында не істер едіңіз?
3.Ата- ананың бала алдындағы міндеті қандай?
4.Осы жағдайға байланысты қандай шара қолдану керек деп ойлайсыз? Деген сұрақтарға жауап береді.
7. Сергіту сәті.
Сұрақтарға қимыл қозғалыс арқылы жауап беру
Нұсқаумен таныстырады. 1.Иә десеңіздер- қолдарыңызды шапалақтаңыздар.
Жоқ десеңіздер-аяқтарыңызды тарсылдатыңыздар. 2.Егер жанұя десеңіздер жымиып, айналамыз. Егер қоршаған орта, қоғам десеңіздер қолды алдымызға соғамыз. 3. Егер әке десеңіздер қолды алдымызға соғамыз. Егер ана десеңіздер, жымиыңыз. Егер екеуі десеңіздер, қолды жоғары қөтеріп шапалақтаңыз 1.Газет бетіндегі мақалалардан, теледидардағы бағдарламалардан тәрбиеге байланысты сұрақтарды тыңдап, қарап жүресіздер ме?
2.Баланы тәрбиелеуге не нәрсе ықпал жасайды? Жанұя, қоршаған орта, қоғам. 3. Бала тәрбиелеу жауапкершілігі кімде деп ойлайсыздар?
8. «Егер мен ата-ана болсам...
Ата-анаға ой тастау. 11- сынып оқушысы Тажибаева Маралдан алынған интервьюді көрсетеді. Интервьюді тыңдап , әр ата-ана өзі қандай ата-ана екеніне ой жүгіртеді.
9. Рефлексия «Соңғы сөзді мен айтайын»... Стикер таратады. Стикерге жиналыстан түйген ойларын жазады.