Поурочный план по географии на тему Д?ниеж?зілік су айналымы 10 класс


Х.Есенжанов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп

Тақырыбы:
Гидросфера және дүниежүзілік су ресурстары. Су айналымы
(ашық сабақ 10 «б» сыныбы)

Өткізген: Койшибаева Сара Кожесовна

2014-2015 оқу жылы
Беркітемін : /Ш.Қайырқұл/ 16.10.2014. География 10 сынып
Тақырыбы: Гидросфера және дүниежүзілік су ресурстары. Су айналымы.
Мақсаты: Білімділік: Дүниежүзілік су айналымы тақырыбын өткен курстармен байланыстыра
отырып алған білімдерін тереңдету
Дамытушылық: Жалпы географиялық заңдылықтарды өмірмен байланыстыра
отырып талдау, қорытындылау, нақтылау, логикалық ойлау қабілетін дамыту
Тәрбиелік: Оқушыларға гидросфераның маңызын түсіндіре отырып , экологиялық
тәрбие беру
Көрнекілігі: дүниежүзінің физикалық картасы, глобус, интерактивті тақта
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Әдісі : сұрақ – жауап , баяндау, өздік жұмыс
Әдебиеттер: журналдар: География, биология , экология орта мектепте №3, 2014 37 бет
География және табиғат №3, 2011 24 бет
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ. Өткенді тиянақтау
ІҮ. Жаңа сабақ
Ү.Сабақты бекіту
ҮІ. Қорытынды
ҮІІ. Үйге тапсырма
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау :
Климат дегеніміз не?
Климаттық аудандастыру негіздері
Жер шарының климаттық белдеулері
Климаттың өзгеруі
ІІІ. Өткенді тиянақтау:
Климатология ғылымы нені зерттейді?
Қай ғалым жер шарын 7 негізгі 6 өтпелі климаттық белдеуге жіктеді?
Климаттың өзгеруі неге байланысты?
ІҮ. Жаңа сабақ:
1. Қызығушылығын ояту
Су деген тіршіліктің нәрі емес пе,
Су деген табиғаттың жаны емес пе,
Су жоқ жерде өмір жоқ, ол ақиқат
Күміс су қара жердің сәні емес пе, деп ақын ағаларымыз жырлағандай, бүгінігі сабағымыз суға арналады.
2. Өткен материалдар бойынша сұрақ – жауап:
Гидросфера қандай қабық?
Су туралы білімдеріңді басқа пәндермен байланыстырып айт.
Су айналымы деген не? Ол табиғатқа қалай әсер етеді?
Су қабаты Жердің басқа қабатымен қалай байланысқан?
3. Жаңа сабақтың тақырыбымен жұмыс:
І. Гидросфера – Жер шарының су қабығы, ол ғаламшардағы химиялық қосылысқа түспеген судың барлығын сұйық, қатты, бу түрінде қамтиды.
а). Топтастыру стратегиясы. Гидросфераның құрамын анықтау:
Гидросфера

Гидросфера және оның құрамдас бөліктерін зерттейтін ғылымды гидрология деп атайды.
Гидрология екі салаға жіктеледі:
Дүниежізілік мұхит және оның Құрлықтағы суларды зерттейтін
бөліктерін зерттейтін мұхиттар құрлық гидрологиясы
ә) Өздік жұмыс: Судың қасиеттері оқулық пен картаны пайдаланып кестені толтыру:
№ Судың қасиеті Заңдылығы Табиғаттағы маңызы
1 Су қалыпты жағдайдың өзінде үш бірдей күйде бола алады Жылу жұмсалу: булану, қар, мұз еруі
Бөлініп шығу: конденсация, судың қатуы 1т суды буландыру үшін жұмсалатын жылу 1г мұзды ерітуге қажет жылудан 7 есе артық болады
2 Су қатақан кезде көлемі ұлғаяды Қатқан кезде көлемі күрт ар –тып, сұйық күйіндегі көлемін 10% жуық ұлғаяды Су айдынының бетін жапқан мұз судың төменгі қабаты –ның қатуына жол бермейді. Мұз жаз кезінде еріп үлгер мейтін еді. Ол қоршаған ор - таға кері әсер етеді
3 Су еріткіш болғандық –тан табиғатта таза күйінде кездеспейді (г/л), (‰) өлшенеді Тұздылық артқан сайын, қату температурасы төмендей береді. Мұхит жағдайында беткі тұзды су қату барысын -да біртіндеп тығыздығы артып төменге батады Сондықтан, мұхиттың неғұрлым төмен қабаттарына оттек жеткізіліп, ондағы тіршілікті қамтамасыз етеді
4 Су бяу жылынып, баяу суынады. Сол себепті жылу сиымдылығы өте жоғары 1 см3 суды 10 – қа салқындату барысында 3000 см3 ауаны
10 – қа жылытуға жетерлік жылу бөлінеді Дүние жүзілік мұхиттың ға -ламшардағы алып жылу жи -нақтағыш ролі мен кішігірім су айдынының маңында айрықша жұмсақ климаттың орнайтындығы осы заңды - лыққа байланысты
б) Табиғаттағы су айналымы: Өздік жұмыс: Интерактивті тақтадағы сызбанұсқаны пайдаланып, дүниежүзілік үлкен және кіші су айналымын еске түсіру
Экологиялық түйін: қазіргі кезде адамзат үшін судың тапшылығы емес, ластануы басты проблема.
Ү. Бекіту
І топ: «Сусыз тіршілік жоқ» дегенді түсіндір
ІІ топ: « Судың да сұрауы бар» дегенді түсіндір
1.Суға қатысты мақал мәтелдер айту:
Су жүрген жер – береке Бұлақты жер тұрақты жер
Ел жүрген жер мереке Бұлақ көрсең көзін аш
Сулы жер - нулы жер Дария басы бұлақ
Сасық суда бір, сараң да бір Су тілсіз жау
Сумен ойнама – батарсың, отпен ойнама – күйерсің
Судың жолын құм бөгер
2. Тиым сөздер:
Су ішкен құдығыңа түкірме.
Суға дәрет сындырма. Түнде суға барғанда , су атасы Сүлеймен су ала келдім деп айту керек.
ҮІ. Қорытынды:
Қорыта айтқанда, судың тазалығын сақтау бәріміздің азаматтық борышымыз. Су болмаса тірі ағза өледі. Адам тамақсыз 1 ай, сусыз 3 күн, ауасыз 1-2 минут өмір сүре алады екен. Адам денесінің 65% - ы, судың үлесіне тиеді. Ағзадағы су мөлшері 6 - 8 % - ға кемісе, адам есінен танады, 12% - ға кемісе өледі.
Судың қызметі алуан түрлі. Су теңдесі жоқ табиғи байлық, оны ұқыпты пайдалану қажет.
ҮІІ. Үйге тапсырма: § 11 – ді оқу. «Гидросфера» тақырыбына кроссворд құрастыру