Мені? с?йікті спортшым ?аза? тілінен саба? жоспары (4класс)


Сабақтың тақырыбы: Менің сүйікті спортшым
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: оқушыларды өткен тақырып бойынша игерілген білімдерін     еске түсіру, жинақтау ,пысықтау, жаңа білімді меңгерту.
2. Дамытушылық: оқушылардың сөздік қорын байыту,ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту,ой-өрісін кеңейту,шығармашылық қабілеттерін жетілдіру,пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
3.Тәрбиелік: спортқа,денсаулыққа байланысты қазақтың мақал-мәтелдерін пайдалана отырып, оқушыларды салауатты өмір сүруге, спортты сүюге, еліміздің әйгілі спортшыларын құрмет тұтуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, ойландыру, іздендіру, әңгімелеу, прблемалық сұрақ қою, ойын.
Сабақтың формасы: жеке жұмыс,жұппен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның танымал спортшыларына арналған буклет-кітап, сандық
Пәнаралық байланыс: әдебиет, орыс тілі, дене шынықтыру.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Сөйлесім.         а/ сәлемдесу.
ә/ оқушыларды психологиялық дайындау.
б/   қазақ тілі – бал тілім.
Өзің барда шалқыдым.
Тілімнен нәр табармын,
Тіліме кім тағар мін?  - деп , қазақ тілі сабағымызды бастайық.
- Ал, өздерің, бір-бірлеріңе не тілейсіңдер?
- Қайырлы таң достарым -  (1 оқушы)
- Қайырлы күн болсын! -    (2 оқушы)
- Аптаның әр күні,
Сәттілікке толсын !    -     (3 оқушы)
- Біздің алған бағамыз,
Кілең бестік болсын!  -    (бәрі).
 
II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі. Айтылым. Жазылым.
«Спорт» сөзіне байланысты тірек –сызбаны толтыру.
«Топтастыру»  стратегиясы.
- Балалар, «Спорт» деген сөзді естігенде көз алдарыңа не елестейді?
- Спорт сендерге не береді?, қандай болуға тәрбиелейді?, неге баулиды?
Оқушылар тақтаға шығып, жауаптарын тез жазуға тырысады: әнұран,жеңіс,денсаулық,жылдамдық,мемлекеттік ту,жақсы көңіл-күй, т.б 
III. Өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыру.
Сауалнама арқылы өткен сабақты еске түсіру1. Қазақстанда спорттың қандай түрлері дамыған?
(Жеңіл атлетика, волейбол, шаңғы спорты, қазақша күрес, футбол, бокс, гимнастика).
2. Әлемге танылған Қазақстанның спортшыларын білесіңдер ме?
(Серік Қонақбаев, Жақсылық Үшкемпіров, Дәулет Тұрлыханов, Бекзат Саттарханов)
 
IV. Жаңа білімді меңгерту кезеңі.
1. Ой шақыру.
- Балалар, мына суреттерге назар аударыңдаршы. Жаңағы өздерің атаған спортшылар мына суреттерде бр ма?
- Ал, бұл спортшылардың арасында өздерің жақсы көретін,сүйікті спортшыларың бар ма?
- Балалар, мен сендерге бұл сұрақты не үшін қойып отырмын?
- Олай болса ,бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болмақ?
2. Жаңа тақырыппен, мақсатымен танысу. Тыңдалым.
- Бүгінгі сабақта « сүйікті спортшыларымыз, спорт» туралы білімімізді ортаға саламыз. Біздің бүгінгі сабағымыз да, тақырыбымыз да өткен сабақтармен тығыз байланысты.
3. Проблемалық сұрақ қою.
- Не себепті өздерің атаған спортшылар сендердің сүйікті спортшыларың?
4. Сөздік жұмысы. Тыңдалым. Айтылым. Жазылым.
а/ сөздер мен сөз тіркестерінің дұрыс айтылуын тыңдау; айтып үйрену; сөздік дәптерге жазу.
ә/жаңа сөздермен сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастыру.
5. Мәтінмен жұмыс. Оқылым. Айтылым.
а/ мәтін оқылып,аударылады.
б/мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріледі.
 
Сергіту сәті.
Қолды белге қояйық,
Басты оңға бұрайық, 
2. Ойын. « кім тапқыр»
 Ойын шарты: 3-4 оқушы шығып, спорт түрлерін қимыл арқылы көрсетеді. Отырған оқушылар оның қай спорт түрлерін  көрсетіп тұрғанын табулары керек.
5. Жаттығулар орындау.
1 - жаттығу. Жазылым.
2 - жаттығу. Жазылым. Жақшаны ашып, сөйлемдерді аударып жаз.
1. Спортпен айналысқанды  люблю.
2. Два раза в неделю жаттығу залына барамын.
3. Жаттығу 5-6  часов өтеді.
V. Жаңа білімді бекіту кезеңі. Сөйлесім.
« Брейн-ринг» ойыны.
№1.Қазақтың қандай ұлттық спорт ойындарын білесің?
(Бәйге,көкпар,қыз қуу,аударыспақ,теңге алу).
№2. Қазақстанның белгілі спортшыларын ата.
(С.Қонақбаев, Б.Сәрсекбаев, Ә.Юсупова,Б.Саттарханов)
№3. Ойлауға үйрететін спорттың түрлерін ата.
(Шахмат,дойбы,тоғызқұмалақ)
VI. Сабақты қорытындылау.Айтылым.
1. Спорт,денсаулық туралы мақал-мәтелдер, өлеңдер айту.
(Сабақтың тәрбиелік мақсаты осы кезеңде жүзеге асырылады.)
VII. Оқушылар білімін бағалау.
VIII. Үйге тапсырма беру: сөздерді жаттау, «спорт» тақырыбына сурет салу.
 
.
-