?аза? тілі п?нінен Таби?аты ?ажап ?аза?стан атты саба? жоспары (10 сынып)


Тақырыбы Табиғаты ғажап Қазақстан
Мақсаты Оқушылардың ойлау қабілетін, тапқырлығын, жылдамдығын, таным белсенділігін арттыру. Қазақстанның ғажап табиғатын сатылай кешенді талдау технологиясын (Блум) қолдана отырып оқушылардың білімдерін толықтыру.
Жалпы мақсат Тақырыпты түсініп оқи білуге баулу. Тілін, сөздік қорларын дамыту арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттыру
Күтілетін нәтиже Оқушылардың ойлау және тілдік қабілеттерін, қарым- қатынастық біліктілігін дамыту, грамматикалық тапсырмаларды дұрыс орындау, негізгі ойды бөліп алу, өз пікірін қорғай алу,ой қорытындысын жасату
7 модульдің қолданылуы АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.
Қолданылатын әдіс- тәсілдер «Кім жылдам?», «Аквариум», «Жадынама», «Синквейн», «Құрылысшылар», «Ассоциация»
Қолданылатын ресурстарФлипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер, ноутбук
Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу;
Оқушыларды түгендеу; Сабақ кезеңдері ТапсырмаМұғалімнің іс - әрекеті Оқушылардың іс - әрекеті
Білім
Қызығушылық
тарын ояту «Миға шабуыл» әдісі: «Құрылысшылар» 1 минут
Топ ережелерін еске түсіру;
Балалар, біз бүгін жаңа тарауды бастаймыз. Тарау «Қазақстан картасын білесің бе?» деп аталады.Ал сабақтың тақырыбы: «Табиғаты ғажап Қазақстан»
«Құрылысшылар» тәсілін қолдану арқылы сөздік қорларын тексеремін. Әр топ сабақтың тақырыбында берілген сөздерден басқа сөздер құрастырады.
Сол сөздердің синонимдері мен антонимдерін табады.
Түсіну Ассоциация
1минут
«Кім жылдам?» әдісі
арқылы топпен жұмыс жасау Жаңа сабақты бастамас бұрын ой қозғау мақсатында ассоциациялық қатар құрастыру;
Сұрақтар: Қазақстанның жер көлемі қанша?
Неше аймаққа бөлінеді?
Неше облыстан тұрады?
Сендер қай аймақта болдыңдар?
Жалпы, табиғат деген не? Табиғатқа не жатады?
Әр топ өздеріне берілген сөзге ассоциациялық қатар құрастырады
Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген сұрақтарға жауап беріп, ой-пікірлерімен санаса білу
Топпен жұмыс жасау
Қолдану «Аквариум» әдісі Жаңа тақырып бойынша оқушыларға мәтін, ресурстар беріледі.
Әр топ жаңа материалдарды пайдаланып, өз беттерінше дайындық жасайды: топта оқып, түсінеді.
Әр топ өздерінің мәліметімен бөліседі.
Сергіту сәті Әуен тыңдау
1 минут Оқушылармен бірге сергіту сәтін жасау Әуен тыңдау арқылы табиғат көріністерін тамашалау
ТалдауПостермен жұмыс: Қазақстан картасы
Жетісудың жеті өзені бар болғандықтан Жетісу деп аталған. Жетісудың жеті өзендері: Лепсі, Ақсу, Көксу, Сарқан, Қаратау, Іле, Шу.
Мақал- мәтелдер
Топтарға жаңа тақырып бойынша сабақты толық меңгерту мақсатында өз пікірлерін сурет арқылы қорғайды.Тақырып туралы өз ойларын постерге түсіреді. Әр топ өз мәтіні мен ресурстарын жинақтап, постерге енгізеді.
Берілген тапсырманы уақытылы орындау, сұрақтарға нақты жауап беру, тақтаға шығып тапсырманы қорғау
Жинақтау Жадынамамен жұмыс
Синквейн Жұмыс дәптерлеріне әр топ жадынама толтырады, жинақтайды
Синквейн құрастыру тәртібі
1-жол – Негізгі ойды білдіретін бір зат есім
2-жол – Негізгі ойды сипаттайтын екі сын есім
3-жол – Негізгі ойдың іс- әрекетін білдіретін үш етістік
4-жол - Фраза
5-жол – Түйінді бір сөз Оқушылардың мақсаты берілген жадынаманы өз ойларын қосып отырып, толтыру.
5 жолды өлең құрастыру
Бағалау Райтинг әдісі
(2 мин)
Бағалау парақшалары Топпен және жеке өзін – өзі бағалайды
Үйге тапсырма Жадынаманы естеріне сақтау, әңгімелеу Күнделіктеріне жазып алу
Рефлексия Стикерлерді толтыру. Оқушылар бүгінгі сабаққа деген ойын стикерге жазып, тақтаға іледі (2мин)
Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну Ұсынылған стикерді толтыру;
Бірнеше оқушыны ауызша тыңдау;
Табиғат
Қазақстанның территориясы батысында Волганың төменгі ағысынан, шығысында Алтайға дейін 3000 км созылып жатыр. Ал солтүстікте Батыс Сібір жазығынан оңтүстікте Тянь-Шаньға дейін 2000 км-ге жуық қашықтыққа созылады. Қазақстанның оңтүстік-шығысында биіктігі 7000 м жететін Хан-Тәңірі тау массиві бар. Қазақстан Республикасы Евразия материгінің ортасында орналасқан.
Қазақстанның жер беті әр алуан. Онда басын мұз басқан биік таулар да, биіктігі орташа таулы қыраттар да, кең-байтақ жазықтар мен ойпаттар да бар.
Республиканың оңтүстік-батысында Маңқыстау түбегі орналасқан. Маңқыстаудың шығысында Үстірт шөлді қыраты (биіктігі 340 м-ге дейін) бар. Каспий маңы ойпатының солтүстік-шығысында Орал тауының оңтүстік сілемдері мен Мұғалжар (биіктігі 657 м) таулары бар. Ал Мұғалжардың солтүстік-шығысында Торғай қыраты (биіктігі 200-400 м) бар, бұл қырат оңтүстікте Тұран ойпатына Қызылқұм (биіктігі 53-332 м) кіреді.
Арал теңізінен солтүстікке қарай Үлкен және Кіші Борсыққұм массивтері және Арал маңы Қарақұмы жатыр.
Қазақстанның орталық бөлігін Сарыарқа алып жатыр. Ол ескі таулардың жұрнағы сияқты. Сарыарқада Қарқаралы (1,366 м), Ұлытау (1,133 м) т.б. тау массивтері бар. Сарыарқаның оңтүстік бөлігі бірте-бірте сусыз шөл Бетбақдалаға ұласады. Оның оңтүстігінде Мойынқұм жатыр. Бетбақдаланың шығысында үлкен аймақ бар. Ол аймақ Балқаш көліне құятын 7 өзенге байланысты Жетісу деп аталады.
Республиканың шығысында, оңтүстік-шығысында Алтай тауларының сілемдері, Тарбағатай мен Жоңғар Алатауының (4,463 м) жоталары орналасқан.
Табиғаты ғажап қазақстан
Қазақстанның жер қойнауында әлемдегі табиғи қазба байлықтарының барлық түрі кездеседі. Қазақстандағы Тянь-Шань тауының Хан Тәңірі шыңы. Оның биіктігі - 6996 метр. Республиканың ең көрікті жерлерінің бірі Қарқаралы. Қарқаралы Қарағанды облысына қарайды. Қарқаралы көрікті де әдемі жер. Орманды, тоғайлы жер. Қаланы орман, тоғай қоршап тұрады. Тоғай ішінің ауасы мен жемісі адамға шипа. Сондықтан да бірнеше демалыс орындары, санаторий салынған. Олардың іші таза, жарық, кең, биік. Бұл демалыс орындары мен санаторийге жылына жүздеген адамдар келіп дем алады, емделеді. Қазақстан территориясының үлкендігіне қарай ауа райы да әр түрлі. Табиғаттың әсемдігін көріп, сүйе білетін адам, оны қорғаудың қажеттігін сезініп, түсінеді. Қоғамның материалдық және рухани байлықтарының қайнар көзі –табиғат. Табиғаты әсем сұлу қалалардың қатарында Алматы қаласын жатқызуға болады. Алматы - Алатаудың қасында орналасқан. Алатау - биік, әдемі тау. Алатауда Медеу спорт кешені бар. Халық әр жексенбіде Медеуге барып демалады. Оқушылар, студенттер Медеуге көп барады. Медеуге үлкен кісілер де, сырттан келген қонақтар да барды. Алатаудың басында қысы-жазы қар жатады. Қазақстандағы ең биік тау - Алатау тауы. Бурабай көлдеріне Бурабай, Шортанды, Үлкен Шабақты, Кіші Шабақты, Қотыркөл жатады. Бұл Сарыарқаның, Көкшетау тауларының аралығында бір-біріне жақын орналасқан ұсақ көлдер тобы. Олар суының тазалығымен, тауларымен, қарағайлы-қайыңды ормандарымен ерекшеленеді. Алғашқы демалыс орны 1810 жылы Бурабай көлі жағасында ашылған. Бурабайда биші қайыңдар өседі. Көкшетауда табиғат күштерінің әсерінен әр түрлі пішінге ие болған тастар бар. Оларға қызықты аңыз-әңгімелері көп әйгілі Оқжетпес пен Жұмбақтас және биіктігі шамамен 1000 м жуық, алыстан көрінетін Көкшетау тасы жатады.
Жер-ананы аяла!
Біріккен Ұлттар Ұйымы жыл сайын әлем жұртшылығын қоршаған ортаны қорғауға арналған мерекеге шақырады. Қоршаған ортаны қорғау күні 1972 жылдан бастап мерекеленуде. Сол жылдан бастап әлем жұртшылығын ағаш отырғызу, көше тазалау, мектептерде шығарма конкурсын өткізу, күл-қоқыстарды қайта өңдеу жұмыстарына жұмылдырып отырады.
Экология - әлем халқының кезек күттірмес ең ауқымды міндеттерінің алдыңғы қатарында тұр. Табиғаттың адамға берген сабағы – тек айналаңды ластауды ғана емес, Жер, Су, Ауаны сақтап, қорғауға өзіндік көзқарастарын қалыптастырудан басталады. Табиғатты қорғауды үйретуді бесіктен бастау керек. Халқымыз ежелден-ақ өсімдіктер мен жануарлардың табиғаттағы, адам өміріндегі қадір-қасиетін, маңызын жақсы білген. Жас ұрпақтың көкейіне құйып, оларды сақтап, қорғауға баулып, тәрбиелеген. Мысалы: «Ер – елдің көркі, орман –тоғай жердің көркі», «Бір тал кессең, он тал ек», «Дәрі шөптен шығады, дана көптен шығады», «Тау бұлағымен көрікті, бұлақ құрағымен көрікті», «Дала көркі – мал, өзен көркі - тал» сияқты табиғат тақырыбына арналған мақал-мәтелдер толықтай осыған дәлел. Сонымен қатар халқымыздың өз ұрпағын, табиғатты аялап, сақтауға тәрбиелейтін алуан түрлі өсиеттері де бар. Солардың бірі - тыйым салатын сөздер: «Көк шөпті жұлма, таптама», «Көктемде жан-жануарға тиіспе», «Құс ұясын бұзба» және тағы басқа сөздер өзіміз өмір сүріп отырған қоршаған ортаны, табиғатты, Жер -Ананы аялауға, экологияны жақсартуға өз үлестерін қосуға үйретеді.