Урок Рационал сандарды к?бейту (6 класс)


Пәні: Математика Бекітемін: Күні: Сабақтың атауы § Рационал сандарды көбейту. 1 сабақ
Сілтеме 1. Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2-басылым / А.Е. Әбілқасымова, Т.П. Кучер, З. А. Жұмағұлова Алматы
2. А.Е. Әбілқасымова Математика. Дидактикалық құрал. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған. Алматы, Мектеп, 2011ж.
3.А.Е. Әбілқасымова Математика 6-сыныбына арналған оқу-әдістемелік құрал / Алматы, Мектеп, 2011.
4. Т.А. Алдамұратова, В.И. Тупаева. Математика. Дидактикалық құрал. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған.Алматы: Атамұра, 2011.
5. Алдамұратова Т.А Математика. 6-сыныбына арналған оқу-әдістемелік құрал. Алматы,Атамұра, 2011.
Жалпы мақсаты
Көбейтудің қасиеттерін еске түсіре отырып, рационал сандарға көбейту амалын қолдануды үйрену. Таңбалары әр түрлі сандар мен таңбалары бірдей сандарды көбейту жолын түсіндіру. Тақырып бойынша өмірмен байланысты есептерді шығарып, шығару жолын түсіндіру.
Жаңа технология Ақпараттық коммуникативтік технология, сын тұрғысынан ойлау, оқушылардың жас ерекшеліктері, талантты және дарынды оқушылармен жұмыс, оқытуды басқару және көшбасшылық, оқыту үшін басқару және оқытуды бағалау, диалогтық оқыту
Сабақтың түрі, әдіс тәсілдері Қалай оқу керектігін үйрету, топтық және жұптық жұмыс, сұрақ-жауап, ой және пікір алмасу
Міндеттер
Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту
Өткен тақырыптарды оқушылардың бар білімдерін пайдалана отырып жеткізу
Амалдарды орындау дағдыларын қалыптастыру
Күтілетін нәтижелері өзін-өзі дамыту дағдылары - өзінің деңгейін бағалау, оны жоғарылату бағытында жүйелі жұмыс жасау, белгіленген мақсатқа жетіп барып қанағаттану, осындай «сәттілік сәтіне» ұмтылу; ұжымда жұмыс істеу дағдылары – ұжым мүшесі ретінде өзінің жауапкершілігін сезіну, өзгелерге кедергі келтірмей ортақ жұмысқа белсенді атсалыса білу, бүкіл топ жұмысының нәтижесін көре білу, объективті бағалай алуы, оны сынып алдында қорғай алуы.
Қолданылатын бағалау түрлері Оқушының оқу іс-әрекеті АБ, ҚҚ тапсырмаларды орындау деңгейіне байланысты бағаланады. Сонымен бірге оқушыға ШӘ блогындағы тапсырманы орындағаны үшін қосымша бонус балл қойылады.
Сабақтың көрнекілігі тақта, стикерлер, постерге арналған қағаздар, маркерлер, сызғыштар, бағалау парақтары
Қызығушылықты арттыру
Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыратын
а) Сәлемдесу ә) Оқушылар тізімін тексеру б) Сабақтың мақсатын нұсқау
Мағынаны тану
2. Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Постер қорғау 10 мин
Рационал сандарды көбейтуде де көбейтудің ауыстырымдылық терімділік және үлестірімділік қасиеттері орындалады.
Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті: а∙в=в∙а
Көбейтудің терімділік қасиеті : (а∙в )∙с=а∙(в∙с)
Көбейтудің үлестірімділік қасиеті: (а+в) ∙с=а∙с+в∙с
а ,в және с- кез-келген рационал сандар
Таңбалары бірдей екі санды көбейту үшін:
Осы сандардың модульдерін көбейту керек.
Көбейтіндінің мәнінің алдына «+» таңбасын қою керек.
Мысалы:
(-0,2)(-1,5)=0,3;
Көбейткіштер саны екіден көп болған жағдайда теріс көбейткіштер саны жұп болса, көбейтінді оң сан болады.
Мысалы:
(-8)∙(-3)∙(-2)∙(-0,5)=24
Көбейткіштер саны екіден көп болған жағдайда теріс көбейткіштер саны тақ болса, көбейтінді теріс сан болады.
Мысалы:
(-2)(-3)(-7)=-42 (-8)(-0,5)(-7)(-0,1)(-2)=-5,6 Таңбалары әр түрлі екі санды көбейту үшін:
Осы сандардың модульдерін көбейту керек;
Көбейтіндінің мәнінің алдына «-» таңбасын қою керек.
Мысалы: (-4)∙ 3 Көбейтіндінің әрқайсысы -4 –ке тең 3 қосылғыштың қосындысы түрінде есептейік: (-4)∙3=(-4)+(-4)+(-4)=-12; (-4)∙3=-12 Көбейтіндінің мәні теріс сан.
Мысалы:

Егер көбейткіштердің кемінде біреуі нөлге тең болса, онда көбейтінді де нөлге тең болады.
а∙0=0, а- рационал сан
Мысалы: (-8,9)∙0=0; 5,7∙0=0
Есептер шығару 15 мин
Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей тапсырмалары
1. № 565 Көбейтіндінің мәнін табыңдар.
2. № 566 Көбейтіндінің мәнін табыңдар
3. № 567 Көбейтіндінің мәнін табыңдар
ІI деңгей тапсырмалары
Таңбалар ережесі бойынша есептеңдер.
4. № 578 Есептеңдер.
5. № 581 Есептеңдер.
ІІІ деңгей тапсырмалары
6. №585. Көбейтуді орындаңдар . ______________________________________________________________________
Сергіту сәті 3 мин
Ой толғаныс 4 мин
Т оптық жұмыс.
Сынып оқушылары келесі екі топқа бөлініп, келесі тапсырмаларды орындайды:
Рационал сандарға көбейту амалдарын қолданып,амалдарды орындаңдар, шығару жолын түсіндіріңдер.
І топ
1.№610 Амалдарды орындаңдар.
Бүгінгі өткен сабақ бойынша жауап береді.
ІІ топ
1. №615 Амалдарды орындаңдар.
Бағалау 5мин
4.Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
«Білім ағашын» таратып беремін. Топтардың бағаларын талдау, қорытынды бағаны шығару. Оқушылар ағаштағы өз орнын бояп толтырады және не себептен бояғанын түсіндіреді. Топтағы оқушылар бірін-бірі бағалау критерийлері бойынша бағалайды
Үйге тапсырма 30 секунд
5.Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Оқулықтағы № 568; 569
Топтық жұмыс есептер. Рефлексия 30 секунд
Оқушыларға смайликтер таратамын. Оқушылар өздеріне сай смайликтерді таңдап дайын плакатқа жапсырады.