Открытый урок по математике на тему Рационал сандарды к?бейту
Бекітемін:
Сабақ№:68
Күні: 25.11.2016ж
Сынып: 6 «В»
Пән: математика
Сабақтың тақырыбы: «Рационал сандарды көбейтуге есептер шығару».
Сабақтың мақсаты: рационал сандарды көбейту ережесін қайталап, есептер шығару, деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың білімдерін тексеру.
Сабақтың міндеттері:
- Оқушылардан рационал сандарды көбейтуді ережесін сұрау;
- Оқушылардың бірлесіп жұмыс жасауға дағдыландыру,
-Оқушылардың ой-өрісін жан-жақты дамыту, танымдық біліктілігін арттыру
-пәнге деген қызығушылықты дамыту;
- Оқушылардың ынтасын, іскерлігін арттыру, табандылыққа, шапшаңдыққа, көпшіл болуға үйрету
- оқушыларды бір-бірінің білімдерін тексеруге дағдыландыру, өзін-өзі басқаруға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: практикалық сабақ
Қолданылған әдістер: түсіндіру, сұрақ-жауап, есептер шығару.
Қолданылған технология: денгейлік тапсырмалар, топтық жұмыс, жұптық жұмыс
Көрнекі құралдар: интерактивті тақта, топтық есептер, тапсырмалар жазылған үлестірмелер, жауап үлгілері, бағалау парақтары.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Ауызша тапсырма. Өткен материалды қайталау:
IV. Оқулықпен жұмыс:
V. Қатесін тап
VI. Бос орынды толтыру
VІІ. . Сөзжұмбақ
VІІІ. Сабақты бекіту
ІХ. Үйге тапсырма Сабақты қорытындылау. Оқушыларды бағалау
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасу, түгендеу, абаққа назарларын аудару.Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
№566,
№570 (1;2) Өрнектің мәнін табыңдар
ІІІ. Өткен материалды қайталау ( презентациядағы есептерді ауызша шығару):
1) -8+(-12)= -20
2) -38+(-21)= -59
3)31+(-51)= -20
4) -21,5+0=-21,5
5)16-17,5=-1,5
6) 5,3-5,3= 0
7) (-5)· 11= -55
8) (-20) · (-3) = 60
9)14· (-6) = -84
10) (-12) · (-0,5) = 6
1) Екі көбейткіштің таңбалары әртүрлі болса, көбейттінді теріс сан болады.
(-) ∙ (+) = (-),
(+) ∙ (-) = (-).
2) Екі көбейткіштің таңбалары бірдей болса, көбейтінді оң сан болады.
(-) ∙ (-) = (+),
(+) ∙ (+) = (+).
3) Таңбалары бірдей екі санның көбейтіндісі - модулі көбейткіштердің модульдерінің көбейтіндісіне тең оң сан.
(- а) ∙ (- в) = ав,.
4) Егер көбейткіштердің кемінде біреуі нөлге тең болса, онда көбейтінді де нөлге тең болады,: а∙ 0 = 0.
5) Кез келген санды 1 - ге көбейткенде, көбейтінді сол санның өзіне тең болады.
а∙ 1 = а.
6) Кез келген санды (- 1) - ге көбейткенде, көбейтінді сол санға қарама - қарсы санға тең.
а∙ (- 1) = - а,
- а∙ (- 1) = а.
IV. Оқулықпен жұмыс:
Бірінші топта шығарып, сосың тақтада көрсету
№578 (1;3;5) –І топ№ 579 (1;3;5)-ІІ топ№580 (1;2;3)-ІІІ топ№581 (1;3;5)-ІV топ
V. Қатесін тап Дұрыс жауаптары
1) 18+(-9)=9
2) (-32)+21=53
3) (-4)+(-1,2)=-5,2
4) (-7,6)+(-0,2)= 7,8
5) 5 · (-13) = -65
6) (-25) · (-4) = -100
7) -7 · 0 = -7
8) (-10)² = 100
1) 18+(-9)=9
2) (-32)+21=53 (-11)
3) (-4)+(-1,2)=-5,2
4) (-7,6)+(-0,2)= 7,8 (-7,8)
5) 5 · (-13) = -65
6) (-25) · (-4) = -100 (100)
7) (-10)² = 100
8) -7 · 0 = -7 (0)
VI Бос орынды толтыру
1) (0,2+х)· = 0,6+3х
2) ( + 1,3) · 2 = -2а +
3) 4,1 · (-7+в) = +4,1в
4) · ( -2 -4х) = -4 - 8х
5) ( -6) · ( - 3 )= - 3х+18
6) ( 0,4 - ) 5= -1,5у
Дұрыс жауаптары
1 (0,2+х)· 3 = 0,6+3х
2 ( -а + 1,3) · 2 = -2а + 2,6
3 4,1 · (-7+в) = -28,7 +4,1в
4 2 ·( -2 -4х) = -4 - 8х
5 ( х - 6)·( - 3 )= - 3х + 18
6 ( 0,4 - 0,3у ) ·5= 2 - 1,5у
VІІ. Сөзжұмбақ - Сұрақтары :
1.Оң сандар мен теріс сандар бір- біріне ......-қарсы.
2.Картадағы кескін ұзындығының жер бетіндегі қашықтыққа қатынасы .............
3.Екі қатынастың теңдігі .............
4. Шеңбер бойындағы екі нүктені қосатын кесінді...
5.Координаталық түзу бойындағы санды кескіндейтін нүктенің санақ басынан бірлік кесінді есебімен алынған қашықтық...........
6.Күнделікті өмірде қолданылатын сандар......
7.Екі санның бөліндісі сол сандардың .......
8. Қарама –қарсы екі санның қосындысы .......
VІІІ Сабақты бекіту
Таңбалары әр түрлі екі санның көбейтіндісінің мәні
А) Оң сан
В) Натурал сан
С) Теріс сан
Д) Бүтін сан
2. Таңбалары бірдей екі санның көбейтіндісі қалай табылады?
А) Осы сандардың модульдерін көбейтіп,
көбейтіндінің мәнінің алдына “+” таңбасын қою керек.
В)Бір саннан екінші санды азайту керек.
С) Сандардың оң жақ шеткі нүктесінің координатасын табу керек.
Д) Қосылғыштардың модульдерін қосу керек.
3.Көбейткіштердің біреуі нөлге тең болса, көбейтінді неге тең?
А) 5
В) 0
С) 1
Д) 3
ІХ. Үйге тапсырма №572, №582
Х. Сабақты қорытындылау. Оқушыларды бағалау
1 - кезеңде әрбір ойыншы өз парағына аты - жөндерін жазып, бірінші А деңгейінің тапсырмасын орындайды. 2мин2 - кезеңде В деңгейіндегі тапсырманы орындайды. 3мин3 - кезеңде С деңгейіндегі тапсырманы орындайды. 3мин4 - Тапсырманы орындап болған соң парағын сағат тілі бағытымен бір қадам алмастырады. (1 - ші ойыншының парағы 2 - ші ойыншыға,...., 10 - ші ойыншының парағына 1 - ші ойыншыға ауыстырылып беріледі).
кезеңде оқушылар мұғалімнің берген жауап эталоны бойынша алдарындағы орындалған 3 тапсырманы жеке - жеке тексеріп, әрқайсысын «5» баллдық жүйемен бағалайды. 1,5мин5 - кезеңде тапсырманы тексеріп болған соң, парақтарын сағат тілімен кері ауыстырады. Осы кезеңде кезеңде оқушылардың өз парақтарын алып, тапсырмалардың қалай орындалғандығын, бағалауын қарап шығады.
Соңынан бағаларын бағалау парақтарына түсіріледі. -1,5ми
Деңгейлік тапсырмалар:
Оқушының аты-жөні: ________________________________________
«А»
«В»
«С»
9 ∙ (- 7) =
- 20 ∙ (- 4) =
28∙ (- 2) =
- 30 ∙ (- 2) =
21 ∙ (- 4) = 22∙ (- 0, 3) =
(- 15) ∙ 0 =
7, 4 ∙ (- 1) =
3 ∙ (- 25) =
- 88 ∙ 0, 1 =, - 3, 8 ∙ (- 3) =
- 1, 5 ∙ 0, 7 =,
(- 100) ∙ 0, 72 =
0, 6∙ (- 0, 5) =
- 0, 4 ∙ (- 30) =
Оқушылар тексеріп, бір-бірін бағалайды
Деңгейлік тапсырмалар:
«А»
9 ∙ (- 7) = - 63,
- 20 ∙ (- 4) =80,
28∙ (- 2) = - 56,
- 30 ∙ (- 2) = 60,
21 ∙ (- 4) = - 84.
«В»
22∙ (- 0, 3) = - 6, 6,
(- 15) ∙ 0 = 0,
7, 4 ∙ (- 1) = - 7, 4;
3 ∙ (- 25) = - 75,
- 88 ∙ 0, 1 = - 8, 8,
«С»
- 3, 8 ∙ (- 3) = 11, 4,
- 1, 5 ∙ 0, 7 = - 1, 05,
(- 100) ∙ 0, 72 = - 72,
0, 6∙ (- 0, 5) = - 0, 3,
- 0, 4 ∙ (- 30) = 12.
Тапсырмаларды орындау:
VІІІ.Сабақты қорытындылау. Оқушыларды бағалау
ІХ. Үйге тапсырма:539 (1-3)