Адамны? т??ым?уалаушылы?ын зерттеу ?дістері


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданы
Шардара қаласы
№1 М. Әуезов атындағы жалпы орта мектеп
24765050800Ашық сабақ
Ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы: Адамның тұқымқуалаушылығын зерттеу әдістері
Биология пән мұғалімі: Танабаева Б
2015-16 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы : Адамның тұқымқуалаушылығын зерттеу әдістері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік- Оқушылардың білімін тереңдету мақсатында адам ағзасындағы хромосомалардың атқаратын қызметін және маңызын, хромосомалар арқылы тұқым қуалайтын аурулар мен ауытқуларды толық ажыратуға үйрету
Дамытушылық – оқушылардың ойлау есте сақтау қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік – оқушыларды топпен жұмыс жасай білуге ұйымшылдыққа үйрету.
Сабақтың әдісі: Топтық және жұптық жұмыс
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақ көрнекіліктері: слайд, суреттер, тест сұрақтар, тірек –сызбалар
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру
Үй тапсырмасын сұрау
Жаңа сабақ түсіндіру
Жаңа сабақты бекіту
Оқушылардың білімін бағалау
Үйге тапсырма беру
I .Ұйымдастыру кезеңі оқушылармен сәлемдесу , түгелдеу,топқа бөлу
Сыныпта ынтымақтастық орнату үшін барлығы қол ұстасып, көршісіне  тілек айтады.
II. Үй тапсырмасын сұрау:
Постер қорғау
Есеп.Дальтонизм жынысқа тіркес геннің басылыңқы аллельмен анықталады. Түсті көрмеу Х хромосомада болатын басым аллельмен кодқа жазылады. Егер әкесі сау, ал шешесі ауру болса, ұрпақ қандай болуы мүмкін?
Есеп.Дальтонизмдегі сияқты гемофилия гені жынысқа тіркес және қалыпты қан ұюға қатысы бойынша басылыңқы болып табылады. Егер шешесі таратушы, әкесінің қаны қалыпты ұйитын болса , ұрпақ қандай болуы мүмкін?
Тест жұмысы1. Мутация тудыратын факторларА) мутагендер В) анеуплоидияС) гетероплоидия Д) токсиндер Е) полиплоидия2. Сыртқы орта жағдайларының әсерінен организм генотипінің өзгеруА) генотиптік өзгергіштік В) тұқымқуалайтын өзгергіштікС) Модификациялық өзгергіштік Д) мутациялық өзгергіштікЕ) модификациялық, мутациялық өзгергіштік3. Әртүрлі жұпқа жататын пішініне қарай ажыратылатын хромосомаА) гаплоидты В) гомологтыемес С) гомологты Д) аллельді Е) соматикалық4. Хромосомалардың қызметіА) органикалық заттарды тасымалдау В) тұқымқуалауС) бөліну, ақпараттарды тасымалдау Д) көмірсуларды тасымалдауЕ) нәруыздарды синтездеу5. Цитоплазмалық тұқымқуалауды зерттеудің негізін салғанА) К. Коренс, Э. Баур В) Э. Чермак – ЗейзенагС) С. С. Четвериков Д) И. Н. Вавилов Е) К. де ФризЖауаптары:1. А; 2. С; 3. В; 4. В; 5. А;
Жаңа сабақ
Адамның тұқым қуалау қасиетін зерттеумен генетиканың антропогенетика деп аталатын саласы шұғылданады.Тірі табиғатқа тән барлық биологиялық әрекеттердің заңдылықтары - тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік адамға да тән.
«Атадан ұл туса игі,Ата жолын қуса игі»деп қазақ аталарымыз айтқандай, атаның жолын қуар ұл туса, оның бойындағы бар жақсы қасиеттерді қайталар еді. Осыған орай адам генетикасын бастай отырып, адам да өз алдына бір биологиялық тұлға екенін ескереміз. Соңғы жылдары адамның тұқым қуалаушылығын зерттеу кеңінен бет алған және түрлі әдістер қолдана бастаған.
2291715107950Цитогенетикалық әдіс
00Цитогенетикалық әдіс


4796790184150Егіздік әдіс
00Егіздік әдіс
-13716069850Генеалогиялық әдіс
00Генеалогиялық әдіс
1377315603250Адамның тұқымқуалаушылығын зерттеу әдістері
00Адамның тұқымқуалаушылығын зерттеу әдістері


479679073025Биохимиялық әдіс
00Биохимиялық әдіс
-89535122555Онтогенетикалық әдіс
00Онтогенетикалық әдіс

253936542545Популяциялық әдіс
00Популяциялық әдіс

Генеалогиялық шежіре әдісі
Бұл әдіс бойынша туыстық қатынастарды, туыстар арасындағы аурулардың бірнеше ұрпақ бойы тұқым қуалау сипатын, оның шыққан тегіне шежіре құрастыру аркылы зерттеп аныктайды

Шежіреде талданатын ұрпақтар:І. Ата ұрпағыІІ. Әке ұрпағыІІІ. Өзінің урпағыІҮ. Балалар үрпағыҮ. Немерелер ұрпағыҮІ. Шөберелер ұрпағыҮІІ. Шөпшектер ұрпағы


Егіздік әдіс
Егіздер деп бір мезгілде екі немесе екіден көп туылған балаларды айтады. Егіздерді пайда болуына қарай екі топка бөледі. Бір жұмырткалы егіздер (БЕ) және әр түрлі жұмыртқалы егіздер (ӘЕ).Бір жұмыртқалы егіздер бір сперматозоид ұрықтандырған жұмыртқа жасушасының (бластуланың) тендей екі белікке бөлінуінен дамиды
Цитогенетикалық әдіс.
Цитогенетикалық әдісті қолдану адамның дене және жыныс клеткаларында пайда болатын хромосомалық өзгерістерді байқауға мүмкіндік туғызады. Мұндай өзгерістер түрлі аурулардың тууына себепкер болады. Сондықтан цитогенетикалық әдісті медицинада диагностикалық мақсатта қолданады.

Биохимиялық әдіс.
Бұл әдіс арқылы кейбір тұқымқуалайтын аурулардың зат алмасу процесінің бұзылуынан болатынын анықтайды. Қорыта айтқанда, қазір адам генетикасын зерттеуде жоғарыда көрсетілгендей әр түрлі әдістер қолданылуда. Соған байланысты адамның генетикалық тұрғыдан толық зерттелген объектілер қатарына қосылатыны сөзсіз.
Жаңа сабақты бекіту:
Менен сұрақ –сізден жауап
1.Генеалогиялық әдіс нені зерттейді.
2.Цитогенетикалық әдісті медицинада қандай мақсатта қолданады?
3.Егіздерді салыстыру әдісінің ерекшелігі неде?
4.Популяциялық әдіс
5.Туыс адамдардың некелесуіне тыйым салудың генетикалық мәні неде?
Бағалау:
Үйге тапсырма беру:Адамның тұқым қуалаушылығын зерттеу әдістері

Тест жұмысы1. Мутация тудыратын факторларА) мутагендер В) анеуплоидияС) гетероплоидия Д) токсиндер Е) полиплоидия2. Сыртқы орта жағдайларының әсерінен организм генотипінің өзгеруіА) генотиптік өзгергіштік В) тұқымқуалайтын өзгергіштікС) Модификациялық өзгергіштік Д) мутациялық өзгергіштікЕ) модификациялық, мутациялық өзгергіштік3. Әртүрлі жұпқа жататын пішініне қарай ажыратылатын хромосомаА) гаплоидты В) гомологтыемес С) гомологты Д) аллельді Е) соматикалық4. Хромосомалардың қызметіА) органикалық заттарды тасымалдау В) тұқымқуалауС) бөліну, ақпараттарды тасымалдау Д) көмірсуларды тасымалдауЕ) нәруыздарды синтездеу5. Цитоплазмалық тұқымқуалауды зерттеудің негізін салғанА) К. Коренс, Э. Баур В) Э. Чермак – ЗейзенагС) С. С. Четвериков Д) И. Н. Вавилов Е) К. де Фриз

Тест жұмысы
1.Өзгергіштіктің қандай түрлері бар?
А.гаплоид және дигаплоид
Ә.фенотип және генотип
Б.гендік және геномдық
В.мутациялық
2. Фенотип қандай өзгергіштік?
А.тұқымқуалайтын
Ә.мутациялық
Б.тұқымқуаламайтын
В.комбинативтік
3.Сыртқы орта жағдайларының әсерінен организм фенотипінің өзгеруін қандай өзгергіштік деп атайды?
А.мутациялық
Ә.комбинативтік
Б.модификациялық
В.фенотивтік
4. Статистикалық әдісті қолданудың негізінде белгілердің өзгеру шамасының пайызымен анықталуы қалай аталады?
А.орташа арифметикалық шама
Ә.орташа квадраттық ауытқу
Б.вариатциялық қатар
В.вариатция коэффициенті
5.Мутация деген ұғымды кім қалыптастырды?
А.Р.Гук Ә.Х.Де Фриз Б.Ч.Дарвин В.В.Иогансен

Бағалау критерилері
№ Оқушының аты-жөні Постер қорғау Есеп шығару Тест Ұғымдар Жалпы баға Қорытынды баға
1 2 3 4 5 6 Бағалау критерилері
№ Оқушының аты-жөні Постер қорғау Есеп шығару Тест Ұғымдар Жалпы баға Қорытынды баға
1 2 3 4 5 6
Семантикалық карта (ұғым) бойынша
№ Ұғымдар Егіздік әдіс Цитогенетикалық әдіс Генеалогиялық әдіс Биохимиялық әдіс Онтогенетикалық әдіс Популяциялық әдіс
1 Адамның кейбір белгілерінің бірнеше ұрпақ бойы тұқым қуалау сипатын,шыққан тегіне шежірелік карта құру арқылы зерттеп анықтайды 2 Сау немесе ауру адамның кариотипіне талдау жасалады 3 Жүре пайда болатын немесе тұқым қуалайтын ауруларға себеп болатын гендердің таралу жиілігі зерттеледі 4 Бұл әдіс адамның тұқым қуалайтын ауруларға бейімділігін алдын ала анықтауға көмектеседі 5 Бұл әдістің көмегімен гендік мутациялар нәтижесінде пайда болған гендік ауруларды,зат алмасу бұзылуының ауруын анықтайды 6 Адамның онтогенезі барысында тұқым қуалайтын өзгерістердің бар –жоғы анықталады. Оқушының аты-жөні:_________________________
Семантикалық карта (ұғым) бойынша
№ Ұғымдар Егіздік әдіс Цитогенетикалық әдіс Генеалогиялық әдіс Биохимиялық әдіс Онтогенетикалық әдіс Популяциялық әдіс
1 Адамның кейбір белгілерінің бірнеше ұрпақ бойы тұқым қуалау сипатын,шыққан тегіне шежірелік карта құру арқылы зерттеп анықтайды 2 Сау немесе ауру адамның кариотипіне талдау жасалады 3 Жүре пайда болатын немесе тұқым қуалайтын ауруларға себеп болатын гендердің таралу жиілігі зерттеледі 4 Бұл әдіс адамның тұқым қуалайтын ауруларға бейімділігін алдын ала анықтауға көмектеседі 5 Бұл әдістің көмегімен гендік мутациялар нәтижесінде пайда болған гендік ауруларды,зат алмасу бұзылуының ауруын анықтайды 6 Адамның онтогенезі барысында тұқым қуалайтын өзгерістердің бар –жоғы анықталады. Оқушының аты-жөні:_________________________