?орытынды ба?ылау ж?мысы (10-сынып)
1-нұсқа
2 м/с тұрақты жылдамдықпен 5 с, сонан соң 0,4 м/с2 тұрақты үдеумен 5 с қозғалған катердің жүрген жолы ?
(25 м.)
2. 2 м/с2тұрақты үдеумен қозғалған автомобильдің сол мезеттегі жылдамдығы 10 м/с. Осыған дейінгі 4 с-та жүрген жолы мен жылдамдықтың өзгерісі? (24 м, 8 м/с -қа.)
3.Біртекті магнит өрісінің күш сызықтарына перпендикуляр орналасқан ұзындығы 50см өткізгішке 0,12Н күш әсер етеді. Өткізгіштегі ток күші 3А болғанда магнит индукциясы ? (0,08 Тл )
4.Біртекті магнит өрісінде индукция сызықтарына 300 бұрыш жасай орналасқан ұзындығы 0,5 м бойымен 3 А ток өтіп жатқан өткізгішке 9 Н күш әсер етсе магнит индкциясы?(12 Тл)
5.Идеал жылу двигателі қыздырғыштан 0,6 МДж жылу алып, тоңазытқышқа 0,2 МДж жылу береді. Двигательдің ПӘК-і? (0,67)
6.Индукциясы 0,01Тл магнит өрісінде радиусы 10см щеңбер сызған протонның жылдамдығы ( 1,6·10-19Кл; mp =1,6·10-27кг ) (100 км/с)
7.Кернеуі 5 В, ток күші 0,01 А қозғалмайтын өткізгіште 20 минутта бөлініп шығатын жылу мөлшері ?
(60 Дж)
8. 39,2 м/с жылдамдықпен вертикаль жоғары атылған жебенің көтерілу биіктігі және 5 с кейінгі орын ауыстыруы мен жүрген жолы (g = 10 м/с2 ) (78,4 м; 73,5 м; 83,3 м)9. 49 м/с бастапқы жылдамдықпен вертикаль жоғары лақтырылған дененің 10 с кейінгі жүрген толық жолы мен орын ауыстыруы ?
(g = 10 м/с2 ) (245 м; 0 м.)
10.Ағыс жылдамдығы 3,24 км/сағ. Ені 120м өзенді жүзгіш суға қатысты 5км/сағ жылдамдықпен, ағысқа перпендикуляр бағытта қозғалады. Жүзгіштің жағаға қатысты орын ауыстыруы қандай?(143 м)
2-нұсқа
1.Актив бөлігінің ұзындығы 0,25 м, индукциясы 8 мТл біртекті магнит өрісінде магнит индукциясының векторына 300 бұрыш жасай 5 м/с жылдамдығы ?(5 мВ)
2.Газ 12,32 л көлемді алып тұрды. Оны тұрақты қысымда 45 К-ге салқындатқанда көлемі 10,52 л болды. Газдың бастапқы температурасы?
(308 К. )
3.Кедергісі R = 5 Ом өткізгіштен t = 1,5 мин уақытта 45 Кл электр заряды өтеді. Өткізгіштің ұштарындағы кернеу?(2,5 В.)
4.Кинетикалық энергиясы 16 Дж, импульсі 8 кг м/с дененің жылдамдығы ? (4 м/с)
5.Температураны 200 С-тан 290 С-қа дейін өсіргенде, көлемі 83 м3 бөлмеден шығатын ауа массасы?(3 кг. )
6.Поезд жолдың бірінші ширегін 60 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтті. Барлық жолдағы орташа жылдамдық 40 км/сағ. Жолдың қалған бөлігіндегі поездың жылдамдығы ?(36 км/сағ)
7.Көлемі 500 см3, температурасы 270 С ыдыста 0,9 г сутегі бар. Газ қысымы? (R=8,31 Дж/моль·К, M=2∙10-3 кг/моль ). ( 2,24·106 Па.)
8.Катушкаға 10 секунд ішінде 6,28 м жіңішке сым оралды. Катушканың орташа айналу жиілігі 20 айн/с болса, шеңбердің радиусы?(5 мм.)
9.Индукциясы 4мТл біртекті магнит өрісінде қозғалған электронның айналу периоды? (е = 1,6·10-19Кл; m =9,1·10-31кг ) (8,9 нс)
10.Екі дененің қозғалыс теңдеулері x = 10t+0,4t² және x = -6t+2t². Олардың кездесетін орны мен уақыты?
(140 м; 10 с)