Т?рбие са?аты Ойлы болса?,озып к?р


Тақырыбы: Ойлы болсаң, озып көр.
Мақсаты:  Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу.Әдіс-тәсілдер: Сұрақ – жауап, мың бір мақал, жүз бір жұмбақ ойыны, ой-толғау, полиглот , жат оқу т. б.Көрнекілігі: қабырға газеттері, қанатты сөздер, кітаптар мен рефераттар, интерактивті тақта. .Өтілу барысы:
І.Ұйымдастыру
Би «Көңіл толқыны» 3 «А» сынып оқушысы Жүсіпназар Балнұр
Жүргізуші сөзі: Қымбатты ұстаздар мен оқушылар міне біз бүгін бүкіл Қазақстан халқы болып «Қазақстан халқының тілдері күні» мерекесін тойлағалы отырмыз. Бұған дейін «Тіл мерекесіне» байланысты 17 қыркүйектен бастап жоспар бойынша іс –шаралар жүргізілді. Біздің негізгі мақсатымыз оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтің «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы» дегендей біз ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеруіміз керек.Бүгінгі өткізгелі отырған «Ойлы болсаң,озып көр» тақырыбындағы іс – шарамыз 22-қыркүйек күнгі Қазақстан халықтарының тілдері мерекесіне қосылатын кішкене ғана үлес. Бірақ біз ана тілімізге деген сезімімізді білдіретінімізге қуаныштымыз. Олай болса,Балалар, құтты болсын тілің бүгін,Ашатын жан сарайын білімдінің.Кешегі анаң айтқан, бабаң айтқан,Тіліне зер салыңдар бұрынғының, - дей келіп, бүгінгі«Ойланғанның, ойы ұшқыр» атты интеллектуалды сайысымызды ашу үшін сөз кезегін Ерназарова Зафура Шаршыбекқызын ортаға шақырамыз.«Ойлы болсаң, озып көр» атты сайысымызды бастайық. Сайысымыздың әділқазыларымен танысып өтейік:
Тыманбаева Орал Дастанбекқызы
Каукаева Гүлнар Әмірбекқызы
Бектоғаева Салтанат
ІІ.Негізгі бөлім
Сайыс кезеңдері:
1.Таныстыру (әр бала өзін таныстырып өтеді)
2. Мәнерлеп оқу (әр оқушы тіл мерекесіне байланысты өлең шумақтарын оқиды)
3. Кім жылдам? (сұраққа жауап жазады)
4.Сөз құра,тез құра (бір сөзден бірнеше сөз жасау)
5. Жұмбақ кейіпкерлер(мультфильм көрсетіледі, кейіпкерлерін уш тілде аударып айту).
6. Мақал сөздің мәйегі (мақалдың жалғасын табу)
7.Сөз тапқанға қолқа жоқ(Үш бидің сөздері)
1 - бөлім әр оқушы өзін таныстырып кетеді.
Қатысушылар:
3 «А» сыныбы – Қуандық Бағым
3 «А» сыныбы – Бағдатқызы Айдана
3 «А» сыныбы – Абибулла Гүлназым
3 «Ә» сыныбы – Смаганбетова Аянат
3 «Ә» сыныбы – Диханбай Диас
3 «Ә» сыныбы – Ермекұлы Мұқтарали
3 «Б» сыныбы – Машбек Бибек
3 «Б» сыныбы – Шыңғысқызы Аяулым
3 «Б» сыныбы –Елубаева Гүлсім
1. Таныстыру( әр оқушы өзін таныстырып кетеді.)
2.Мәнерлеп оқу (әр оқушы тіл мерекесіне байланысты өлең шумақтарын оқиды)
Аз ұпай жинаған 1 оқушы сайысымызды жалғастыра алмайды.
3.Келесі кезеңіміз «Кім жылдам?» (сұраққа жауап жазады)
Сұрақтар :
Дауысты дыбыстар қалай бөлінеді? (жуан, жіңішке, 
Сөз таптары нешеу (9.)
Абай атамыз айтқан 5 дос пен 5 дұшпанды ата(5 дос-ақыл, білім, терең ой, қанағат, рахым;5 дұшпан-өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)
30 тамыз қандай мереке? –( Қазақстан Республикасының Конститутциясы күні)
ҚР қашан тәуелсіздік алады? (1991 ж. 16 желтоқсан). 2. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров). 
 Күй атасы кім? (Құрманғазы).
Қазақ тілі алғаш мемлекеттік мәртебесін қай жылы алды? (1989)
Қазақ алфавитін жасаған ғалым кім? (А.Байтұрсынов).
Тұңғыш кемеңгер? (Ыбырай).
Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?(қатаң,ұяң,үнді)
Аз ұпай жинаған 1 оқушы сайысымызды жалғастыра алмайды.
3- кезең Сөз құра,тез құра (бір сөзден бірнеше сөз жасау)
Қанағаттандыратын
Аз ұпай жинаған 1 оқушы сайысымызды жалғастыра алмайды.
4-кезең
Жұмбақ кейіпкер(мультфильм көрсетіледі, кейіпкерлерін уш тілде аударып айту)
Аз ұпай жинаған 1 оқушы сайысымызды жалғастыра алмайды.
5 – кезең Мақал сөздің мәйегі (мақалдың жалғасын табу)
1. Тіл тас жарады, тас жармаса ... (бас жарады). 2. Дәлелсіз сөз ... (желмен тең). 3. Ине көзінен сынады, ... (шешен сөзінен сынады). 4. Піл көтермегенді, ... (тіл көтереді). 5. Сөз тапқанға ... (қолқа жоқ). 6. Жеті жұрттың тілін біл, (Жеті түрлі ілім біл). 7. Шебердің қолы ортақ, ... (шешеннің қолы ортақ). 8. Қаһарлы сөз ... (қамал бұзар). 9. Бас кеспек болса да, ... (тіл кеспек жоқ). 10. Айтылған сөз, атылған ... (оқпен тең). 
11.Бал тамған тілден ... (у тамған). 12. Тауды, тасты жел бұзар, ... (адамзатты сөз бұзар). 13. Жақсы сөз ... (жарым ырыс). 14. Жақсы байқап сөйлер, ... (жаман шайқап сөйлер). 15. Тіл қылыштан ... (өткір). 
6. Шешендік өнер(Үш бидің сөздері)
Ән « »
Қорытынды
Жеңіске жеткен оқушыларды анықтау, марапаттау.