Ембі ?аласыны? Ж?лдыз балаба?шасы ?ыз?алда? тобыны? т?рбиешісі Ниетбаева Гулсим Амангосовна


Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Өткізілген күні: 18.11.16ж
Тәрбиеші: Ниетбаева Г.А
Білім беру саласы: Әлеумет.
Ұйымдастырылған оқу іс-қызметінің түрі: Экология негіздері
Тақырыбы: «Күзге алғыс айтайық»
Мақсаты: Балалардың күз туралы түсініктерін кеңейтіп, күздің ерекшеліктерін айтып отырып, сөздік қорларын молайту. Күз байлықтары – көкөніс, жемістер туралы түсініктерін толықтыру. Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Балаларды жылы жүзбен қарсы алады. Бір-бірімізге жылы лебіздерімізді білдіреміз. Мына сұлу әлемде адам өмір сүреді.
Үлкен менен кішіге күн сәулесін төгеді.күнге қарап қол бұлғайық, күн күлімдеп, нұр төкті.
Кел, қосылып айтайық бір-бірімізге сәлем!Сәлем! Сәлем! Сәлем! Балалар шеңберге тұрып, Бір-бірімізге жылы лебізімізді жолдаймыз.
Ұйымдастырушылық-ізденістік -Балалар, сендердің бүгін көңіл-күйлерің қалай?Ендеше, тамаша көңіл-күймен оқу қызметімізді бастайық.-Балалар, жылдың қазір қай мезгілі?-Қандай ай?-Күзде ауа райында қандай өзгерістер болады?Дұрыс ақ, балалар.
-Күздің бізге берер сыйы қандай?-Күзде нелер піседі?Балалар көкөніс пен жемістердің сендерге берер пайдасы мол. Олардың құрамындағы витаминдер сендердің тезірек өсулеріңе көмектеседі.Тосын сәт: мен бір дыбыс естіп тұрмын. Біреу асығып келе жатқан сияқты. (Есік ашылып, бағбаншы атай кіреді)
Бағбаншы атай: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен бақшамдағы жеміс-жидектерді, ағаштарды күзетемін. Сендерге көптеген жеміс-жидектер алып келдім. Сендер маған өз білгендеріңді айтып берсеңдер, мына жемістерді сыйға тартамын. Асығыспын барар жерлерім бар. -Балалар, сендер күз мезгілі, құстар, жемістер туралы тақпақтар білесіңдер ме?Қане тыңдап көрелік:
-Бағбаншы атай: мына балалар тақпақты өте жақсы айтады екен.
-Олай болса атайдың сыйын алмас бұрын,Д\ойын: «Дәмін татып, ажырат» ойынын ойнап жіберейік.
Шарты: тәрбиеші жемістерді жуып, бөліктерге бөліп үстел үстіне бетін жауып қояды. Балардың көздерін жауып, жемістің бір бөлігін аузына салады, қандай жеміс екенін айту керек. Осы кезде жылап Күнбағыс келеді.
- Тамаша
-Қазір күз мезгілі,
-Қараша айы,-Күн суытады, жаңбыр жауады, жапырақтар сарғайып жерге түседі, құстар жылы жаққа ұшады.-Күзде жемістер мен көкөністер өседі.
Балалардың тақпақтары
Ойын барысында беленділік танытты.
-Мен егінде өзім қалдым маған көмектесіңдерші мен қорқамын .Менің досым да жоқ. -Балалар көмектесеміз бе? Қазір: Ойын «Күнбағыс» ойынын ойнайық Шарты: 6 күнбағыстың бас киімі қойылады, музыка тоқтағанда бас киімді киіп үлгеруі керек үлгермеген бала ойыннан шығады. Күнбағыс жеңген балаға енді мен жалғыз емеспін, менің досым бар деп қуанды . Атай: Балалар , сендерге алғысымды білдіремін. Бәрімізге бірге өте көңілді ойындар ойнадық. Біздің қайтатын уақытымыз келді. Күнбағыс: Балаларға сиын бермес бұрын, менде оларға қояр сұрағым бар. Жемістердің пішінін, түсін сұрайды. Әкелген сыйлығын береді. (Атай мен Күнбағыс қоштасып шығып кетеді.)
-Иә,көмектесеміз.
Балалардың жауабы.
Рефлекциялдық түзетушілік. Балаларға сұрақ қою арқылы оқу қызметін қорытындылайды. Бүгін сендерге Атай мен Күнбағыс өте риза болды.Көңілдерінен шықтыңыздар. Бәріңізге көп көп рахмет.! Сұрақтарға жауап береді.