?желерімізге арнал?ан т?рлі-т?сті монша?тар


Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
№ 3 бөбекжай - бақшасы» МКҚК

«Әжелерге арналған түрлі-түсті моншақтар» «Шыгармашылық Сурет салу» білім саласы бойынша тақырыптық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Екінші кіші «Көбелек» тобы
Тәрбиеші: Асылбекова Ж.Ж.


2016- 2017 оқу жылы
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Технологическая карта организованной учебной деятельности Күні: 18.03.2017 ж
ІІ кіші топ «Көбелек» Тәрбиеші: Асылбекова Ж.Ж.
Білім саласы: «Шығармашылық», Жапсыру
Тақырыбы: «Әжелерге арналған түрлі-түсті моншақтар»
Мақсаты: Балаларды, ұқсақ элементерді орналастырып,қылқаламға желімді ұқыпты жағып алып,жапсыруға,клеенканың үстінде бөлшектерге желім жағып,сулықты дұрыс қолдануға үйрету.
Сөздік жұмыс: моншақ,әже,мойын
Көрнекіліктер: моншақтар
Іс-әрекет кезеңдері. Тәрбиешінің басқарымдық қызметі Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы Балалар қараңдаршы бізге бүгін ата мен әже келіпті. Оның көп моншақтары бар екен
Билингвалдық компонент: моншақ-бусы,әже-бабушка,мойын-шея. Балалар шеңберге тұрып,ата мен әже әкелген моншақтарын қарайды
Сөздердің орысша баламасын қайталайды
Ұйымдастырушылық ізденіс Жасминнің қолында не бар екен?
-Моншақтың түсі қандай?
-Қандай түстер бар?
-Моншақты қайда тағу керек?
Жарайсыңдар балалар.
Балалар біз енді өзіміз әжеге арнап моншақ жасайықшы
Сергіту сәті:
Балалар сендер бүгін әжеге сыйлық жасадыңдар. Олар өте қуанышты. Ол өте бақытты. Сол бақыт құсы бүгін сендерге ұшып келіпті. Алдымен бақыт не екенін біліп алайық Бақыт деген сендердің күнде асыр салып ойнағандарың, ата-аналарыңмен бірге болғандарың, аман-сау жүргендерің.
Ал бақыт құсы бәріңде де бар. Біздің топтың бақыт құсын біз қазір жасаймыз.
Үлестірмелі материалды балаларға таратады -Моншақ.
-Түрлі –түсті.
-Қызыл,жасыл,көк,сары.
-Мойынға.
Сағаттың тіліндей,
Иіліп оңға бір,
Сағаттың тіліндей
Иіліп солға бір.
Оң аяқ, сол аяқ,
Жаттығу оңай-ақ.
-Балалар орындарына орындарына отырып,түрлі-түсті қағаздарды алды.
Балалар түрлі-түсті моншақтарды ақ қазаға жабыстырып әжелерге сыйлады.-Балалар моншақтарды әжеге сыйлады.
Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды
Бақыт құсы не екенін білуге тырысады
Тәрбиешінің берген ақпаратын мұқият тыңдайды
Бақыт құсын жасауға тырысады.
Балалар үлестірмелі материалдарды алады.
Рефлексивті-коррекциялау -Балалар, біз бүгін не жасадық?
-Моншақты кімге сыйладық?
-Қандай түсті моншақ жасадық? -Моншақ.
-Әжелерге.
-Түрлі-түсті.
Қызыл,көк,сары,жасыл.
Күтілетін нәтиже:
Ұқсақ элементерді ұғынады
Моншақ және бақыт құсы туралы түсінеді
Моншақты ұқыпты жапсыруды қолданады