Технологическая карта на тему: Анама арнал?ан монша?тар. Шы?армашылы?. Сурет салу.


Технологиялық карта
Ұйымдастырылған оқу қызметі «Ботақан» ІІ -кіші аралас тобында
Тәрбиеші: Жуманова А.Б.
Күні,айы,жылы: 28.02.2017 ж.
Білім беру саласы: Шығармашылық
Оқу іс-әрекет түрі : Сурет салу
Тақырыбы: «Анама арналған моншақтар.»
Мақсаты:
БМ: Балаларға дөгелек болып сызылған жіпке гуашь бояуымен бірдей көлемде дөгелек моншақтардың суретін салуды үйрету.
ДМ: Моншақтың сәндік бұйым екендігін түсіндіру арқылы эстетикалық талғамын дамыту.
ТМ: Көркемдік талғампаздыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: сұрақ- жауап,көрсету,түсіндіру,салдыру.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: моншақ туралы сергіту сәтін жаттату.
Көрнекілігі: Моншақ суреті.
Қажетті құрал-жабдықтар:Қағаздың түрлері,сурет дәптері,бояулар,қылқалам,сүрткіштер.
Сөздік жұмыс: Моншақ.
Билингвальді компонент: ана-мама -mother.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Қызығушылығын ояту
кезеңі
Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлеметсіңдер ме,балалар?
Балалар мен сендерді көргеніме қуаныштымын.Кәне барлығымыз шеңбер болып тұрып өлең жолдарын айтайық.
Балалар Айсұлу қуыршақ қонаққа келді.
-Қуыршақ Айсұлудың көйлегі қандай әдемі. Айсұлу өздігіне әдемі моншақ сатып алыпты, ал енді анасына да осындай әдемі моншақтар сыйлағысы келеді.Моншақ түрлері, түстері, пішіні қандай болатынын түсіндіреді.
Балалар амандасады.
Балалар шеңбер болып өлең жолдарын айтады.
Жақсылық көрсең біреуден ,
«Мен қандаймын?» деп ойла.
Жамандық көрсең біреуден,
«Мен қандаймын?» деп ойла.
Балалар қуыршақ Айсұлудың киімдерінің әдемі екендігін айтады.
Моншақтардың түстеріне, пішіндеріне қарап өз ойларын айтады.
Іздену
ұйымдастыру
Балалар үлгіге қарап отырып жұмыс жүргізеді.
Моншақтардың реті мен отырып тізілгенін көрсетеді.
Балаларға үлестірмелі материалдағы салынған дөңгелек сызықты «моншақтын жібі» деп түсіндіріп, оған әдемі моншақтарды тізуді ұсынады. Оң қолдарына қылқаламды ұстатып, ауада шеңбер салу тәсілін орындатып жаттықтырады.
Содан соң дәптерлеріне қарындашпен біркелкі дөгелектерді салып сыртына шығармай бояйды.
Сергіту сәті:
Сыңғыр-сыңғыр моншақтар,
Құлағында сырғалар,
Оң қолында білезік.
Сол қолында білезік
Саусақтарда сақина,
Санап көрші, кәнеки
1,2,3.....1,2,3,
Сызыққа қарындашпен бірікелкі көлемде дөңгелектер салып алады.
Содан соң қолдарына қылқаамды алып, мооншақтарды алып, моншақтарды бояйды, ішін дөңгелете отырып, сыртын шығармай бояйды.
Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.
Рефлексивті
қорытындылау
Тәрбиеші балаларға салған суреттерін көріп шығуды ұсынады. Қуыршақ Айсұлуға балалардың салған суреттері ұнағандығы, анасына қалған моншақтарды алатындығын айтып, рахмет айтып қайтады.
Балалар салған суреттерін қарап, қандай моншақтар салғанын, қандай түспен бояғандарын айтуға тырысады.
Қуыршақ Айсұлумен қоштасып, жұмыс орындарын жинастырады.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Моншақтардың әртүрлі болатынын.
Игереді: Дөңгелек пішіндерді сыза білуді
Меңгереді: Қылқаламмен шетіне шығармай бояуды.