Математика п?ні Уа?ыт ж?не оны? ?лшем бірліктері 4 сынып


Сабақтың тақырыбы: Уақыт және оның өлшем бірліктері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік-біліктік: оқушылардың уақыт бірліктері және олардың арасындағы қатынас туралы көзқарастарын нақтылау
Ұштастыра дамытушылық: атаулы сандармен амалдар орындау дағдыларын, сандарды әртүрлі өлшем бірліктермен өрнектей алу дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік: шапшаңдыққа ,тазалыққа үйрету.
Түрі: қайталау, топтық, жұптық, ұжымдық
Әдісі: ауызша,түсіндіру,әңгімелеу,сұрақ-жауап
Типі: білімді қорыту,жүйелеу
Формасы: топпен,жұппен,дербес,ұжыммен
Көрнекілік: дәптер, оқулық, сызбалар
Пәнаралық байланыс: бейнелеу
Оқу үрдісінің тәртібі:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Психологиялық кезең
ІІІ. Үй тапсырмасын зерттеу
IV.Математикалық диктант. Жаппай жұмыс.
Үш аптада қанша күн бар?
2 жарым сағат қанша минутты құрайды?
2 сабақ қанша минутқа созылады.
Жазғы каникул қанша аптаға созылады?
Қайсы айда ең аз күн бар?
Ақпан айы 29 күнге созылатын жыл қалай аталады?
Сөйлемді толықтырыңдар: Спектакль 2 ..... созылды. Айбек әжесінің үйінде 24 ... демалды.
13 ғасырда қанша сағат бар?
112 тәулікте қанша сағат бар?
13 сағатта қанша минут бар?
V. Мұғалім басшылығымен жүргізілетін жұмыс:
Күлкілі есептер.
Қосарлап жегңлген үш ат сағатына 24 км жүгіріп өтті. Әр ат қанша км жүгірді?
Екі бала 1 сағат 40 минут дойбы ойнады. Әр бала қанша уақыт дойбы ойнады?
Уақытты өлшеуге арналған құрал қалай аталады?
Сағаттың қандай түрлерін білесің? (механикалық, электронды, құмсағат, сусағат, күнсағат.)
№1 тапсырма.
№2 көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнектейді.
№4 ұжым болып, жан-жақты талдап орындау.
Болды-? 3 маш. 165-тен
Жұмсалды - ? тақтай
Қалды – 196 тақтай
VI.Оқулықпен жұмыс.
Ә) өздіктерінен орындауға беру, соңынан талдау.
1) 45*4=180 (ш) алды
2) 180+270=450 (ш) болды
45*4+270=450 (ш)
№3 өздік жұмыс ретінде өткізу. (1-баған-1-нұсқа, 2-баған -2 нұсқа)
№6 тапсырмада геометриялық фигураларды еске түсіріп, қайталау.
№8 тапсырмада көбейтудің тиімді қасиетін қолдану.
VII. Операциялық-орындаушылық кезең:
«Шапшаң есеп»
VIII. Сергіту сәті.
IX. Бекіту. Сабақты жүйелеу, қорыту.
Х. Рефлексиялық-бағалау кезеңі(комментаримен)
Оқушылардың жұмысын бағалау, дәлелдеу.
ХI. Үй тапсырмасын қабылдау. №5, №6 33-бет