Мен зорлы?-зомбылы??а ?арсымын атты сыныптан тыс іс-шара



Тақырыбы: «Тоқта! Зорлық-зомбылық» Мақсаты: Оқушыларға зорлық зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның ең жаман қасиеті екенін айту. Адамның ең басты құндылығы оның бостандығы, олай болса оқушыларға адамзаттық құқықтарымен бас бостандықтарын қорғауы туралы үйрету. Зорлық –зомбылық адам ағзасына тікелей әсер ететінін түсіндіру. Жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, ондай әрекеттерге бамауға тәрбиелеу, адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау.
Топта жұмыс істеу ережесі: 1. Біреуі сөйлейді, басқалары тыңдайды. 2. Болып жатқанға белсенді қатысу. 3. Әркім өз пікірін білдіруге құқылы. 4. Пайда болған ой, сезімдеріңді осы жерде және қазір айт. 5. "Басынан" "Аяғына" дейін жұмыс істеу. 
Кіріспе Қоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір. Оның кепілі – заңдылық. Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық – адам бостандығы.Адамның және адамзаттың құқықтары мен бас бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау – конституциялық заңдылықтың басты талабы.Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі – бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу.Егер жалпы айтқанда зомбылықты физикалық қасірет көрсету әрекеті деп анықтауы болса, онда тұрмыстық зомбылықта осы әрекеттің бастауы мен айқындау нүктесі анық белгіленеді.Ол – жанұя, яғни зұлымдықшы мен оның жемтігі ең жақын адамдар болады. Олар – жұбайлар мен балалар.Отбасындағы зорлы-зомбылық мәселесі әлемнің әр елінде ертеден орын алған. Зорлық балалардың денелік және психологиялық денсаулықтары және жан-жақты дамулары үшін ауыр машақат болып табылады.Әйелдер мен балаларға қатысты зомбылықтың алдын алу және бағытталған профилактикалық сипаттағы шараларды жүргізуде ақпараттық үгіттеушілік жұмыстарды өткізу қажет болып табылады.Зорлық-зомбылық құқықта «Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы» делінген.Тән азабын шектірген зорлық – адамның ағзасына тікелей әсер ету, ұрып-соғу, денесіне зақым келтіру, тағы басқа. Тән азабын шектірген зорлықтың салдарынан жәбірленушінің денсаулығына зиян келтірілуі мүмкін.Жан азабын шектірген зорлық – жәбірленушінің қарсылық көрсетуіне, өз құқықтары мен мүдделерін қорғауына деген ерік жігерін жасыту үшін қорқыту, адамның психикасына әсер ету. Жан азабын шектірген зорлық жүйке ауруына немесе тіпті жан ауруына ұшыратуы мүмкін.Адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті әдіс қолданылып жасалған қылмыстар «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің» тиісті баптарына сәйкес жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар болып табылады.Елімізде зорлық-зомбылыққа қатысты 20 дағдарыс орталығы бар.Әйелдер мен балаларға арналған зорлық-зомбылық проблемасы елімізде елеулі мөлшерде асқынды. Статистикалық мәліметке қарағанда елде жыл ішінде 500-дей әйел мен бала тұрмыстағы зорлық-зомбылық құрбаны болады екен.Отбасылардың қиюы қашуының басты бір себебі – жанұядағы зорлық-зомбылық.«Отбасылық қарым-қатынаста дағдарыс туындағанда, одан ешкімнің ештеңесі кетпейді» деген түсініктен арылу керек.Кикілжіңі көп болатын отбасында өскен балалар есейген соң не әкесінің, не шешесінің отбасында өзін-өзі ұстау үлгісін алады.Зорлықтың түрлері:- Эмоциялық зорлық – балағаттау, қорлау, сөгу, балалардың жеке өміріне қол сұғу;- Физикалық зорлық – отбасы мүшелерін мас күйінде немесе сау күйінде ұруды қолданатын эмоциялық зорлық;- Қауіп-қатер – отбасын тастап кетемін деп қорқыту, әйелін немесе балаларын ұру, өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу;- Балаларды анасына қарсы қолдану, әйелін өз балаларын ешқашан көрсетпейтіндігімен қорқыту, қорқытатын жолдауларды беру үшін балаларды қолдану.
Негізгі бөлім. 1)Амандасу – «таныстыру» жаттығуы. 
Нұсқау: әр қатысушы өз есімінің бірінші әрпіне қарай бойындағы жеке қасиетін қосып айту керек. Мысалы: мен Әлия әділ қызбын.... 
Оқушылар түгел амандасып болғаннан кейін топқа бөлінеді.
2) Топқа бөліну
-81280460375Оқушылар топқа бөліну үшін әр бір оқушы үстелде қойылған смайликтерді алып 4 топқа бөлінеді.
2585720112395

2585720128270
-49530-215265
3) «Зорлық-зомбылықсыз және қатігездіксіз балалық шақ» тақырыбында постермен жұмыс жасау, қорғау.
4)«Аяқталмаған тезистер» атты анкетаға зорлық зомбылықтың бірнеше түріне анықтама жазады.
1. Зорлық –зомбылық –ол....
2.Физикалық зорлық –зомбылық -ол
3.Психологиялық -
4.Экономикалық зорлық деген-
5.Қорқыту –ол...
5. «Қайта байланыс» жаттығуы Оқушылар шеңбер құра отырады да, допты әр қайсысы кезекпен кезек ала отырып тәрбие сағаттың өткізілуіне байланысты өз ойларын білдіреді: - Тәрбие сағатта ең бірінші не ұнады? - Не ұнаған жоқ? - Өзің жаңадан не білдің? "Алған әсеріңіз қандай?"- смайликтер арқылы анықтау. 6. Қорытынды.Немістің ұлы ақыны В. Гете серуенге шығарда қалтасына түрлі гүлдердің тұқымын салып шығып, шалғындардан, орманнан өткенде, тауға шыққанда гүл тұқымдарын сеуіп жүруді жаны сүйген. Оның жүрген жерлері мезгілі келгенде керемет гүлдер өсіп шығатын.Гете сепкен гүл ме, әлде табиғи жолмен өздері көктеді ме, оны білу міндетті емес. Дегенмен сұлулық әлемі, әсемдік әлемі байыды. Сол сияқты дүниеде зорлық-зомбылық болмаса адам өмірі, адамзат дүниесі сұлу да әсем болар еді.
ХХІ ғасырға – 21 тілек
ХХІ ғасыр,қазақ халқының ғасыры болсын.                               Қазақ елі мәдениетті дамыған ел болсын.                               Қазақстан тәуелсіз егемендігін сақтасын.                               Елде бейбітшілік орнасын.                             Данышпан адамдардың саны көбейе берсін.                             Қазақ тілі мемлекеттік тіл болсын.                             Сырт елдермен достығымыз нығая берсін.                               Экономикамыз өрге бассын.                             Салт –дәстүрімізді сақтай,қадірлей білейік.                               Қазақстан елі – байтақ ел болсын.                               Демография жағынан қазақ халқының саны көбейе берсін.                              Отандық өнеркәсіп дамысын.                              Жастарымыз білімді,мықты болсын.