О?ЫТУДЫ? ?Ш?ЛШЕМДІ ?ДІСТЕМЕЛІК Ж?ЙЕСІ ХИМИЯ САБА?ЫНДА
ОӘЖ 37.05:372.8:372.854
ОҚЫТУДЫҢ ҮШӨЛШЕМДІ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІ ХИМИЯ САБАҒЫНДА
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік
университетінің аға оқытушысы, т.ғ.к.
Еспенбетова Шолпан Омарқызы
Білім беру жүйесін әрі қарай дамыту, жетілдіру және көптеген мақсаттарға жоспарын құрып жету әр-бір білім саласында қызмет атқарып жүрген мамандардың міндеті.
Қазіргі заманғы сабақ-біртекті және бірегей емес құрылымдық-мазмұндық нысан. Сондықтан әрбір мұғалім өзі үшін анағұрлым ыңғайлы, өзі жұмыс істеуді жөн көретін парадигмаға сай нысандарды таңдайды. Дарынымен ерекшеленіп тұрған балаға неғұрлым жайлы орта жасайтын және әр баланың даму мүмкіндігінің оқыту жүйесін құруға берік негіз болатын технологияларды басты тірек етіп алу керек. Жаңа технологияларды мектепке енгізу-қазіргі қажеттілік. Сондықтан мектептің әр мұғалімі өз пәнінің ерекшелігін ескере отырып, қазіргі сабақты жаңа технологиялар негізінде жүргізуге міндетті.
«Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі» педагогикалық технологиясы «ғылым негіздері» болып табылатын пәндер үшін тиімді деп есептеймін. Бұл технологияның мақсаты: мектеп бітірушінің барынша көп білуі емес, оның өзіне қажетті білімді өзі біліп, іздеп табуға үйренуі, оқу, кәсіптік, тұрмыс мәселесін кез келген жағдайда шешіп, іс-әрекет жасай алатын болуы керек [1].
Бұл технологияның негізгі талаптары мынадай: Оқу-әдістемелік кешенді құралдар арқылы жеке тұлғаға бағытталған сабақттарды жүйелі түрде өткізу. Әлеумет, мәдениет, қоғам, әлем туралы мүмкіндігінше белгілі бір көлемде шынайы мағлұматтар беру арқылы оқушылардың шығармашылық ізденісін арттыру, пәнге деген сүйіспеншілігін қалыптастыру.
Осы мәселені шешу үшін мынандай міндеттер қойылады:
1. Химия пәніні технология бойынша оқыту үшін әр пәннің, әр сыныпқа арналған ғылыми-әдістемелік кешендері:
- оқу бағдарламасы;
- жұмыс дәптері;
-тақырыптық жоспар
-оқулық құралы болуы қажет
2. Дидактикалық мүмкіндіктерді, ақпараттық-инновациялық технологияларды қолдану.
3. Сабақтың тиімділігін көрсету,оқушы білімін бағалау.
Бұл технологияда әдістемелік құралдар көптеген оқыту технологияларына сүйеніп жазылады. Мен сабағымда, мысалы Ж.А.Қараевтың технологиясының теориясы негізінде және Ж.У.Кобдикованың әдістемелік нұсқауларын басшыллыққа алып, әдістемелік кешенді құралдар жобасы құрастырылды.
а) Тақырыпты өз бетімен меңгеру үшін алғашқы екі кезеңі технологияның синектикалық бөлімінің талабына сәйкес дайындалады (өз бетімен білім алу үшін) ал, үшінші кезең технологияның нәтижеге бағытталған бөлімнің талабына сәйкес (алған білімдерін бақылып, қатесімен жұмыс жасап,бағалау үшін) үш деңгейлік тапсырмалар дайындалады.
ә) Технология бойынша күнтізбек жоспарды жасау барысында барлық тақырып модульге бөлінді. Ерекшелігі: әрбір тарау немесе модуль үш қорытынды сабақпен аяқталады.
б) Деңгейлік тапсырмалардан тұратын тақырыптық өзіндік жұмыс (модуль бойынша олқылықты анықтау) - ішкі бақылау негізгі журналға бағасы қойылмайды; коррекциялық жұмыс (модуль бойынша олқылықты жою); деңгейлік тапсырмалардан тұратын бақылау жұмысы – сыртқы бақылау, бағасы негізгі журналға қойылады.
Дәстүрлі оқытуда оқушы өз қатесін қаншалықты жойғанын дәлелдеуге мүмкіндік бола бермейді. Сондықтан бұл технология бойынша міндетті түрде бақылау жұмысына дайындық ретінде бір сағат өздік жұмысқа және бір сағат коррекциялық жұмысқа бөлінеді.
в) Технология талабы бойынша әрбір тоқсан 6 қорытынды сабақ жүргізіледі. 3 сабақ тоқсандағы соңғы тарау бойынша, 3 сабақ тоқсандағы барлық модуль бойынша. Ал әрбір оқу жылы 9 қортынды сабақпен аяқталады. (3 сабақ соңғы тарау бойынша, 3 сабақ соңғы төртінші тоқсан бойынша, 3 сабақ жылдық қорытынды бойынша).
г) Тақырып мәтіннің диолог түрінде ұсынылуы – оқушылардың әртүрлі іс-әрекеттер барысында, әртүрлі білім көздерінен жинақталған білімдерін тұтастай қарастыра отырып, сұрыптауға және меңгеруге есептеледі. Ең маңыздысы - оқу материалдарының осы заманға сай жетекші теориялық мазмұндылығы мектеп дамуының нақты кезеңіне, оқу процесінің түріне сәйкестігі негізгі шарт болып алынды. Оқу үрдісі барысында оқушының ізденпаздық, іскерлік қасиеттері анықталады [2].
Бұл технология бойынша зерттеудің практикалық маңыздылығы мынадай:
- Химия пәнін оқыту процесінде оқулық жұмыс дәптеріндегі түсініктермен маңызды теориялық сұрақтарға толыққанды жауап табуға мүмкіндік береді.
- оқушы мұғалімнің баяндауын қажет етпей, өз бетімен сенімді түрде оқулықты негізге алып жұмыс істейді.
- оқулықта баланың дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыруға, теорияға деген түрлі көзқарастар, ғалымдардың еңбектері, экологиялық мәселелер, аймақты материалдар, ұлттық нақыштарға мән беріледі.
- технология бойынша сабақ интерактивті тақтада өтеді.
- бақылау және бағалау жұмыстары дұрыс жолға қойылады.
- әдістемелік кешенді дайындау шетел және отандық әдебиеттермен жұмыс істеп, көп ізденуді талап етеді.
Ғылыми нәтижелердің негізділігі мен сенімділігі:
а) оқушылар сабаққа ерекше жауапкершілікпен келеді және сабақтың тез, уақтылы басталуын тағатсыздана күтеді. Үлгірімі төмен оқушының өзі-өзін еркін ұстап сабақта белсенділік көрсетеді. Нәтижесін оқушылардың өздері толтырған жұмыс дәптерінен, бағалау парағы мен мониторингтен көруге болады.
ә) жаңа технологиямен оқыту бала бойында өз біліміне деген психологиялық сенімді тұрақтандырып, өзін-өзі баға беруге, өзгелердің пікірін бағалауға, жүйемен ойлауларына жол ашты.
б) Оқушылардың сабақты түсінгендігі, қызыққандығы соншалық шығармашылық деңгейде жұмыс істеу қабілеттерін көрсете алды.
Осыған орай мен өзім қызмет атқаратын №83 жалпы орта білім беретін мектептің 8-сыныпта химия сабағында оқытудың үшөлшемді әдістемелік технологиясын қолдандым.
8-сыныпта «Термохимиялық теңдеулер бойынша есептер» сабағымда деңгейлік тапсырмалар пайдаланылды.
I деңгей бойынша 8 сұрақ қойылады. 8 сұраққа 5 балл берілді.
II деңгей бойынша 4-жаттығулар орындады
III деңгейде есептер шығарылды.
IV Шығармашылық деңгей.
Оқушы өзі ізденіп баламалы күн, жел, энергия, қуат көздері туралы мәлімет іздеді.
Мұндай тапсырманы оқушылар бар ынтасымен орындады.
Мұндағы ең басты жетістіктер:
• Әр түрлі ғылыми-техникалық басылым мен анықтамаларды қарай отырып олармен өздігінен жұмыс істеуді үйренді.
• Сыныптағы барлық оқушы жұмыспен қамтамасыз етіледі.
• Оқушы өз білімінің деңгейіне сай еңбектенеді.
• Оқушының өз бетімен жұмыс істеуі тиянақтылыққа,ұстамдылыққа тәрбиелейді.
Осы тұрғыда химия пәні бойынша диагностикалық әдіспен оқушының ойлау-логикалық қабілетін зерттедім. Әр тарау бойынша берілген деңгейлік тапсырмалардың тиімділігі сол тоқсан аяғында жақсы көрсеткішке жетті. Әрине, тиімді де орынды пайдаланылған педагогикалық технологияны сапалы білім негізі бола алады. Бүгінгі шәкірт ертеңгі күнгі түрлі саланың маман иесі. Мұндай сабақтарда оқушылардың тапсырылған жұмыстарды атқаруына жауапкершілігі қалыптасады және болашақ өмірінде белгілі бір кәсіби мамандықты таңдап алуға септігін тигізеді.
Қолданылған әдебиеттер
1.Болам Р., Мак Махон А. Тиiмдi кәсiби оқу бiрлестiктерiн жасау және қолдау. 2005 ж.. 2.Каценмейер M., Моллер Г. Мұғалiмдерге көшбасшылықтың сапаларының дамуына көмек. 2001 ж.