Биология п?нінен ашы? саба? Шымтезек м?гі
Пәні: Биология Тексерілді
Сабақтың тақырыбы: Шымтезек мүгі. Мұғалімнің аты-жөні: Г. Паримбекова.
Күні: 16. 01. 2017 ж.
СЫНЫП: 6
Қатысқан оқушылар саны: 16
Қатыспаған оқушылар саны:
Сабақ негізделген оқу мақсаттары:
Оқушыларға шымтезек мүгі туралы түсінік беру. Топтық және жұптық тапсырмаларды орындауда белсенді болуға үйрету.
Сабақтан күтілетін нәтиже:
1-деңгей (білу, түсіну): Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:
Тапсырманы оқып, түсінік айта алады. Шымтезек мүгі туралы ережені біледі.
2-деңгей
(қолдану, талдау):
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:
.Шымтезек мүгінің негізгі ерекшелігін талдайды.
3-деңгей
(жинақтау, бағалау):
Оқушылардың кейбіреулері мынаны орындай алады:
Алған білімдерін жинақтап талдау жасай алады.
Тілдік мақсат: .Ризоид,сфангум.
Ресурстар: Стикерлер, маркер, А4 формат, бағалау парағы.
Пәнаралық байланыс: Химия, дүниетану, физика.
Алдыңғы оқу: Тұщы су және теңіз балдырлары.
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Сабақ барысы және
жоспарланған уақыт Берілетін тапсырмалар және қолданылатын әдістер Бағалау критерийлері және жұмыс түрлері
ҰЙЫМДАСТЫРУ КЕЗЕҢІ
3- минут Сыныптың психологиялық ахуалын қалыптастыру. Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру.
Гүлді бір-бірлеріне ұсына отырып, бір-бірлеріне жылы тілектер айту арқылы сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырды.
Үш түсті қағаз қиындылары арқылы топқа бөлінді.
ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН СҰРАУ
10 минут
1-деңгей (білу, түсіну): (Қажеттілігіне қарай әдіс қолдануға болады)
«Диалог» түрткі сұрақтар.
Оқушылар бір-біріне сұрақ қояды. 1-2 ұпай. Жұптық.
2-деңгей
(қолдану, талдау):
«Кубизм» әдісі
1. Балдырлардың маңызы?
2.Теңіз капустасы деп аталатын балдыр?
3. Балдырлардан нелер алынады?
4. Ламинарияның пайдасы? 2-3 ұпай.топтық жұмыс.
3-деңгей
(жинақтау, бағалау):
Жеке жұмыс.
Табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы? ЖАҢА САБАҚ
10 минут
(Қажеттілігіне қарай әдіс қолдануға болады)
(Жаңа сабаққа дайындықпен келген оқушының қорғауын ұйымдастыру)
«Миға шабуыл» әдісі. Топтық жұмыс.
І-топ. Көкек мүгі. ІІ-топ. Жалпы сипаттамасы.ІІІ-топ. Табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.
4-5 ұпай.топтық жұмыс.
САБАҚТЫ БЕКІТУ
15 минут
1-деңгей (білу, түсіну): (Қажеттілігіне қарай әдіс қолдануға болады
Жеке жұмыс.
Дұрыс-бұрыс. (әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады)
1.Мүктер тұщы су қоры.
2.Шымтезек мүгі-екі үйлі өсімдік.
3.Жасыл мүктің сабағы, жапырағы болады.
4.Шымтезек мүгі ылғалы мол жерде өседі. 1-2 ұпай
2-деңгей
(қолдану, талдау):
«Ой түрткі» дәптермен жұмыс.
Кестені толтыру. 2-3 ұпай жеке жұмыс.
3-деңгей
(жинақтау, бағалау):
Сәйкестендеру.
Жасыл мүктің атауы. 40.
Жасыл мүктің биіктігі Екі үйлі.
Шымтезек мүгінің атауы Ризоид болмайды.
Жасыл мүктің Бір үйлі.
4-5 ұпай немесе «5» баға.
ҮЙГЕ ТАПСЫРМА
7 минут
1-деңгей (білу, түсіну):
(Оқушыларға келесі сабаққа шолу жасатуға тапсырма беру)
Тақырыпты оқып түсінік айту. 2-деңгей
(қолдану, талдау):
Сөзжұмбақ жасау. 3-деңгей (Шығармашылыққа, ғылыми зерттеушілікке бағытталған тапсырмалар) Ребус дайындау. БАҒАЛАУ
Бағалау.
Түрлі-түсті жапырақтар түрімен формативті бағалау.
Жасыл толық түсіндім.
Сары жартылай түсіндім.
Қызыл мүлдем түсінбедім. Топтық, жеке..
КЕРІ БАЙЛАНЫС
.Не ұғындым? Не ұғынғым келеді? Не ұсынамын? Деген сұрақтарға жауап бергізіп кері байланыс орнату. Рефлексия
Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімді болды?
Сабақтың мақсаты мен сабақта жоспарланған іс-әрекеттерді орындауда не тиімсіз болды?
Келесі сабақта өз жоспарыңызға қандай өзгерістер енгізген болар едіңіз?