?аза? тілі п?нінен 6 сынып саба? жоспары Та?ырыбы: Етістік
Сабақтың тақырыбы:Етістік туралы түсінік
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың етістік туралы алған білімдерін есепке ала отырып, етістік туралы толық мағлұмат беру. Етістіктің түрлерін ажырата білуге, тіл біліміне танымдық қабілетін арттыру.
Дамытушылық: Сөйлеу тілдерін жетілдіру. Шығармашылық іске жұмылдыру. Іздене білім алуға дағдыландыру.
Тәрбиелік: Талдауға алынған мысалдар арқылы оқушыларды адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, баяндау, топтастыру, семантикалық карта толтыру.
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Көрнекілік: С.Исаев «Қазақ тілі» оқулығы
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастырушылық кезең. ( 2-3 мин)
ІІ. Үй жұмысын тексеру.(10 мин)
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.(25 мин)
ІV. Сабақты бекіту.(5 мин)
V. Сабақты қорытындылау.(2 мин)
Сабақтың өту барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
-оқушылармен сәлемдесу рәсімі;
-оқушылардың сабаққа қатысуы туралы кезекшінің мәліметі;
-оқу құралдарын ретке келтіру;
-сабақтың мақсаты айтылады.
ІІ Өткен тақырыптарға шолу жасау.
Сұрақ-жауап әдісі:
Сөз таптары нешеге бөлінеді, рет-ретімен атап шық.
Атауыш сөздерге нелер жатады?
Біз қандай сөз таптырмен таныстық?
Есімдік дегеніміз не?
Мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
ІІІ Жаңа сабақ: Етістік.
Қызығушылықты арттыру:
Сөз жұмбақ шешу арқылы сабақтың тақырыбы шешіледі: /5 минут уақыт беріледі/
1.Қарағанды қаласындағы өзеннің аты?
2.Дене мүшесі.
3.Тонның басқаша атауы.
4.Уақытты көрсететін затты ата.
5.Рәміздердің бірі.
6.Септік атауы
7.Бейбітшілік құсы.
1 Е рт іс 2 т іс 3 ішік 4 с а ғ а т 5 т у 6 іл ік 7 к ө г е ршінОқушылар етістіктің анықтамасын, оның сұрақтарын өздері айтады.
Етістік дегеніміз-заттың қимылын іс-әрекетін білдіретін сөз табы. Не істеді? Не қылды?қайтті? деген сұрақтарға жауап береді.
Тақтаға мысал жазылады:
Көп ойласаң, дана боласың, (ойласаң – сен не істесең? боласың-не істейсің?)
Көп ойнасаң, бала боласың. (ойнасаң – сен не істесең? боласың-не істейсің?)
Бұл сөздер заттардың іс-әрекетін білдіріп тұр.
2.Сызбамен жұмыс:
Тұлғасына қарай Құрамына қарай
Негізгі Туынды Дара Күрделі
Сөздің түбірі етістіктен болса, ол негізгі етістік болады.
Мысалы: кел, бар, жүр, көр, бер, қойды, айтты т.б. Басқа сөз таптарынан сөз тудырушы жұрнақтар арқылы жасалған етістіктер туынды етістік немиесе туынды түбір деп аталады.
Мысалы:ойна, шегеле, қарайып, көгерген, күшей т.б. Бір ғана түбірден тұрады: баста, аяқта, тара, байы, тасы т.б. Кемінде екі сөздің тіркесуі арқылы жасалады. Бірінші сыңары негізгі етістік, кейінгі тұрғандары көмекші етістік болып саналады: Бара жатыр еді, алып кел, жазып отыр, шөлдеп кеттім т.б.
Іс-әрекеттің жүзеге асу-аспауына қарай Мағынасына қарай
Болымды Болымсыз Салт етістік Сабақты етістік
Іс әрекеттің жүзеге асуын білдіреді.
Мысалы:кел, санады, жаздыр, барды т.б. Іс әрекеттің болмауын, жүзеге аспауын білдіреді.
Негізгі және туынды етістікке -ма,-ме, -ба,-бе, -па, -пе жұрнақтары жалғану арқылы жасалады.
Мысалы: келме, санамады, жаздырма, бармады т.б. Өзінің алдынан табыс септігіндегі сөзді қажет етпейді.
Мысалы: үйге кел, үйден шық, үйде отыр, үймен хабарлас, үй өртенді. Өзінің алдынан табыс септігіндегі сөзді қажет етеді.
Мысалы: хатты оқы, ақшаны сана, есепті шығар, шашыңды сана, төсекті сал.
3.Оқулықпен жұмыс:
110- беттегі туынды етістік жасайтын жұрнақтар тақтаға жазылады, әр оқушы өздерінің ойлаған мысалдарын жазады.
221-жаттығу:
Етістіктердің негізгі түбірлерін жазып көрсетіңдер.
Негізгі түбір Туынды етістік Жұрнақ
Аял Аялда -да
Аз Азай -ай
Жас Жасар -ар
Соққы Соққыла -ла
Аш Ашыл -ыл
Шуыл Шуылда -да
Отыр Отырғыз -ғыз
4. Сабақты семантикалық картанымен жұмыс жасай отырып бекіту.
Мысалдар Негізгі Туынды Дара Күрделі Болымды Болымсыз Салт Сабақты
Баста + + + +
Келе жатыр + + + + Жаза бастады + + + +
Ойлап отыр + + + +
Шақырмады + + + +
Отыр + + + + Жүгіріп жүр + + + + Айта салды + + + +
Көрген емес + + + +
Сұрай жаздады + + + +
Хабарласып тұрды + + + + Тоқтайтынсың + + + + Бармады + + + + 6.Үйге тапсырма: Ережені түсініп оқу.
«Қыс қызығы» тақырыбына байланысты етістіктерді қатыстырып әңгіме құрастыру.
7.Оқушыларды бағалау.
Сабаққа белсене араласқан оқушылардың еңбектерін бағалау.