?ыры?буындарды? ??рылысы, к?беюі ж?не дамуы, таби?атта?ы ж?не адам ?міріндегі ма?ызы (6 сынып)


Күні Айы Бекітемін
Сыныбы: 6
Сабақтың тақырыбы: Қырықбуындардың құрылысы, көбеюі және дамуы, табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы
Сабақтың мақсаты:
Жоғары сатылы споралы өсімдіктер тобының өкілі
қырықбуындардың тіршілік әрекеттермен таныстыру.
Оқушылардың шапшаңдығын, тез ойлауын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Жауапкершілікке, табандылыққа, қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: аралас.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, электронды плакаттар
2 мин
Сабақтың әдісі: жаңа техналогия элементтерін пайдалану, салыстыра баяндау.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру. Психологиялық сәт.


Үй тапсырмасын тексеру.
І.
2 мин


ІІ. Жаңа сөздердің мағынасын ашыңдар:
Лиана - ....................................................................................................................
3 мин
..................................................................................................................................
Еркек усасыршөп - ................................................................................................
..................................................................................................................................
Жылысқы - .............................................................................................................
..................................................................................................................................
Шоқпарбас плаун- ................................................................................................
..................................................................................................................................
ІІІ. Плаундардың көбеюі:
3 мин
Жынысты көбею ...........................................................................................................
Вегетативті көбею ...........................................................................................................
Жыныссыз көбею ...................................................................................................................

5 мин
Жаңа сабақты түсіндіру.
І. Жаңа тақырып бойынша мәлімет беріледі, оқушылар оқып түртіп алу стратегиясы бойынша жұмыс жасау.
Білемін + Мен үшін жаңа ақпарат V Білгім келеді –
8 мин

ІІ. Сұрақтарға жауап беру
Қырықбуынтәріздестердің қандай туысы бар?
Қырықбуындар қай жерлерде өседі және кездеседі?
Біздің жерімізде қай өкілі тараған, оған сипаттама беріңдер?
Көктемгі өркен және жаздық өркен деген не, олар қандай қызмет атқарады?
Қандай ұлпа, қалай өсімдікті қоректі заттармен қамтамасыз етеді?\
Қырықбуындардың көбеюі қалай жүзеге асады?
ІІІ. Қырықбуындардың маңызы:
5 мин

Адам өмірінде
Табиғатта

5 мин
Қорытындылау.
Сурет бойынша сабақты қорытындыла
74549061595І.
....................................................................
....................................................................
50800012700ІІ.
5 мин

Не білдім? Не білгім келеді?
5 мин
Үйге тапсырма: 37. Плаун мен қырықбуынның құрылысын салыстырмалы түрде кесте толтырыңдар.
Бағалау. Өзін-өзі бағалау
Үй тапсырмасы бойынша Жаңа сабақ бойынша Қорытындылау бойынша
Қырықбуынтектес өсімдіктер
 
Жалпы сипаттамасы, құрылыс ерекшеліктері, көбеюі. Қырықбуынтектестер бұрынғы геологиялық кезеңдерде алуан түрлі болған. Ертедегі ағаш тәрізді өкілдері түгелдей жойылып, қазіргі кезде тек шөптекті түрлері ғана сақталған. Сабағы өте көп буын және буынаралықтарынан тұратындықтан, өсімдікті қырықбуын деп атаған.
Қазіргі кезде кездесетін қырықбуынтектестерге қырықбуын туысы жатады, онда 30–35 түр бар. Қырықбуындар арамшөп ретінде егістікте, тың және тыңайған жерлерде, ормандарда, су жағасында өседі. Ол ылғалдылығы жоғары қышқыл топырақта кездеседі. Бізге көбірек тараған өкілдерінің бірі – далалық қырықбуын (43-сурет). Ол – ұзын, бұтақталған жерасты тамырсабағы бар көпжылдық шөптекті өсімдік. Тамырсабағының буынынан қосалқы тамырлар дамиды. Қырықбуынның жерүсті өркендері екі түрлі: көктемгі өркен және жаздық өркен. Көктемгі өркендері ерте көктемде тамырсабақтың қыстық бүршіктерінен бірінші пайда болады. Оның биіктігі 20 см, бұтақтанбаған жапырақтары қоңыр түсті, қабыршақты, өркен ұшында масақтары болады. Масақтарында споралар дамиды. Қабыршақты жапырақтары өркенде топтанып орналасады. Далалық қырықбуынның көктемгі өркендері споралары пісіп жетілген соң қурап қалады. Жасыл түсті жаздық өркендерінде хлорофилл дәндері бар. Жаздық өркенде жанама бұтақтары топтанып орналасады. Ол – өсімді өркен.
Жапырақтары болмайтындықтан, фотосинтез процесін осы жаздық өркендері жүзеге асырады. Көктемгі өркендері – көбею, ал жаздық өркендері өсу қызметін атқарады. Жаздық өркеннің тамырсабағының жанама бұтақтары түйнекке айналады. Онда қорек заттары қорға жиналады әрі өсімді көбею мүшесі болып саналады. Қырықбуын сабағының сырты көп қырлы болады. Сабақтың сыртын жұқа өң қаптайды. Ол бірқатар түссіз жасушалардан тұрады.
Жаздық өркен өңінің астында қабық қабаты, содан соң өзек орналасады. Өзекте өткізгіш ұлпалары бірнеше ұсақ шоқ түзеді. Кейін өзек ұлпалары ыдырап, өзектің орнында қуыс пайда болады.
18415-63543-сурет. Далалық қырықбуын: 1 – жаздық өркен; 2 – көктемгі өркен
 Сабақ қырларының астында – тірек ұлпасы, ал ойыс жерлерінің астында фотосинтездеуші ұлпалар жетіледі. Хлорофилл дәндері бар фотосинтездеуші ұлпаның әр бөлігінің астында айқын байқалатын қуыс болады. Тірек ұлпасының астында өткізгіш ұлпалары шоқ түзіп орналасады. Өткізгіш ұлпалар қоректік заттардың тасымалдануын қамтамасыз етеді. Ағзалық заттар фотосинтез процесінің нәтижесінде өсімдіктің жербеті өркендерінде түзіледі. Бұл заттарды өткізгіш ұлпалардың бір тобы өркендерден тамырына қарай тасымалдайды. Өткізгіш ұлпалардың екінші тобы су мен минералды заттарды тамырдан жербеті өркендеріне жеткізеді. Осылай өткізгіш ұлпалары өсімдікті қоректі заттармен қамтамасыз етеді.
Қырықбуындар плаундар секілді өсімді, жыныссыз және жынысты жолдармен көбейеді. Өсімді көбеюі – тамырсабақтары, түйнектер арқылы, жыныссыз көбеюі споралар арқылы жүзеге асады. Спора түзетін масақтарында көптеген споралар пісіп жетіледі де жерге шашылады. Споралардың барлығының мөлшері бірдей болғанымен, физиологиялық жағынан әр түрлі. Бір споралардан – аталық өскіншелер, ал екіншілерінен аналық өскіншелер жетіледі. Осы өскіншелерде жынысты көбею жүзеге асады. Аталық өскіншеде – аталық жыныс мүшесі, аналық өскіншеде аналық жыныс мүшесі жетіледі. Аналық және аталық жынысжасушалардың қосылуы нәтижесінде өсімдік ұрықтанады. Ұрықтан қайтадан жас қырықбуын өсімдігі жетіледі.
Қырықбуындар – егістіктің арамшөптері. Олар топырақты бүлінуден сақтайды. Қырықбуындардың бірқатар түрлері – улы өсімдіктер. Дала қырықбуыны – дәрілік өсімдік. Ол халық медицинасында ертеден қолданылып келеді. Дәрілік шикізат ретінде жасыл сабақтарын жинап, кептіреді. Дәрілік шикізаты қан айналымының әлсіздігінен болатын ісікке, несеп жүргізуге қолданылады. Сонымен бірге қырықбуынның споралар түзетін масақтары мен сабақтарын тамаққа пайдаланады.
Жұмыс парағы:
Сабақтың тақырыбы: Қырықбуындардың құрылысы, көбеюі және дамуы, табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы

Үй тапсырмасын тексеру.
І.


ІІ. Жаңа сөздердің мағынасын ашыңдар:
Лиана - ....................................................................................................................
.................................................................................................................................
Еркек усасыршөп - ................................................................................................
..................................................................................................................................
Жылысқы - .............................................................................................................
..................................................................................................................................
Шоқпарбас плаун- ................................................................................................
..................................................................................................................................
ІІІ. Плаундардың көбеюі:
Жынысты көбею ...........................................................................................................
Вегетативті көбею ...........................................................................................................
Жыныссыз көбею ...................................................................................................................

Жаңа сабақты түсіндіру.
І. Жаңа тақырып бойынша мәлімет беріледі, оқушылар оқып түртіп алу стратегиясы бойынша жұмыс жасау.
Білемін + Мен үшін жаңа ақпарат V Білгім келеді –
ІІ. Сұрақтарға жауап беру
Қырықбуынтәріздестердің қандай туысы бар?
Қырықбуындар қай жерлерде өседі және кездеседі?
Біздің жерімізде қай өкілі тараған, оған сипаттама беріңдер?
Көктемгі өркен және жаздық өркен деген не, олар қандай қызмет атқарады?
Қандай ұлпа, қалай өсімдікті қоректі заттармен қамтамасыз етеді?\
Қырықбуындардың көбеюі қалай жүзеге асады?
ІІІ. Қырықбуындардың маңызы:
Адам өмірінде
Табиғатта

Қорытындылау.
Сурет бойынша сабақты қорытындыла
74739559055І.
....................................................................
....................................................................
5086358890ІІ.
Не білдім? Не білгім келеді?
Үйге тапсырма: 37. Плаун мен қырықбуынның құрылысын салыстырмалы түрде кесте толтырыңдар.
Бағалау. Өзін-өзі бағалау
Үй тапсырмасы бойынша Жаңа сабақ бойынша Қорытындылау бойынша
І ІІ ІІІ І ІІ ІІІ І ІІ
Жалпы сипаттамасы, құрылыс ерекшеліктері, көбеюі
Қырықбуынтәріздестер Қазіргі кезде кездесетін қырықбуынтәріздестерге қырықбуын туысы жатады, онда 30-35 түр бар. Қырықбуындар арамшөп ретінде егістікте, тың және тыңайған жерлерде, ормандарда, су жағасында өседі. Ол ылғалдылығы жоғары қышқыл топырақта кездеседі. Бізге көбірек тараған өкілдерінің бірі — далалық қырықбуын. Ол - ұзын, тармақталған жерасты тамырсабағы бар көпжылдық шөптекті өсімдік. Тамырсабағының буынынан қосалқы тамырлар дамиды. Қырықбуынның жерүсті өркендері екі түрлі: көктемгі өркен және жаздық өркен. Көктемгі өркендері ерте көктемде тамырсабақтың қыстық бүршіктерінен бірінші пайда болады. Оның биіктігі 20 cм, бұтақтанбаған жапырақтары қоңыр түсті, қабыршақты, өркен ұшында масақтары болады. Масақтарында споралар дамиды. Қабыршақты жапырақтары өркенде топтанып орналасады. Далалық қырықбуынның көктемгі өркендері споралары пісіп жетілген соң қурап қалады. Жасыл түсті жаздық өркендерінде хлорофилл дәндері бар. Жаздық өркенде жанама бұтақтары топтанып орналасады. Ол - өсімді өркен. Жапырақтары болмайтындықтан, фотосинтез үдерісі осы жаздық өркендері арқылы жүзеге асады. Көктемгі өркендері - көбею, ал жаздық өркендері өсу қызметін атқарады. Жаздық өркеннің тамырсабағының жанама бұтақтары түйнекке айналады. Онда қорек заттары қорға жиналады әрі өсімді көбею мүшесі болып саналады. Қырықбуын сабағының сырты көп қырлы болады. Сабақтың сыртын жұқа өң қаптайды. Ол бірқатар түссіз жасушалардан тұрады.
Жаздық өркен өңінің астында қабық қабаты, содан соң өзек орналасады. Өзекте өткізгіш ұлпалары бірнеше ұсақ шоқ түзеді. Кейін өзек ұлпалары ыдырап, өзектің орнында қуыс пайда болады.
Сабақ қырларының астында - тірек ұлпасы, ал ойыс жерлерінің астында фотосинтездеуші ұлпалар жетіледі. Хлорофилл дәндері бар фотосинтездеуші ұлпаның әр бөлігінің астында айқын байқалатын қуыс болады. Тірек ұлпасының астында өткізгіш ұлпалар шоқ түзіл орналасады. Өткізгіш ұлпалар қоректік заттардың тасымалдануын қамтамасыз етеді. Ағзалық заттар фотосинтез үдерісінің нәтижесінде өсімдіктің жербеті өркендерінде түзіледі. Бұл заттарды өткізгіш ұлпалардың бір тобы өркендерден тамырына қарай тасымалдайды. Өткізгіш ұлпалардың екінші тобы су мен минералды заттарды тамырдан жербеті өркендеріне жеткізеді. Осылай өткізгіш ұлпалары өсімдікті қоректі заттармен қамтамасыз етеді.
Қырықбуындар плаундар секілді өсімді, жыныссыз және жынысты жолдармен көбейеді. Өсімді көбеюі - тамырсабақтары, түйнектер арқылы, жыныссыз көбеюі споралар арқылы жүзеге асады. Ал споралар тобы спорангийлерде орналасады. Қырықбуынның ұшында орналасатын спорангийлер тобының орны бүр деп аталады. Спора түзетін масақтарында көптеген споралар пісіп жетіледі де жерге шашылады. Споралардың барлығының мөлшері бірдей болғанымен, физиологиялық жағынан әр түрлі. Бір споралардан - аталық өскіншелер, ал екіншілерінен аналық өскіншелер жетіледі. Осы өскіншелерде жынысты көбею жүзеге асады. Аталық өскіншеде - аталық жыныс мүшесі, аналық өскіншеде аналық жыныс мүшесі жетіледі. Аналық және аталық жыныс жасушалардың қосылуы нәтижесінде өсімдік ұрықтанады. Ұрықтан қайтадан жас қырықбуын өсімдігі жетіледі.
Қырықбуынтәріздестер өсімдіктер дүниесінің бір бөлімі болып табылады. Сабағында буындар мен буынаралықтары өте көп болғандықтан, өсімдік «қырықбуын» деп аталған. Қырықбуынтәріздестер бұдан 300 млн жыл бұрын тас көмір кезеңінде ағаш тәрізді орман түзген.
Биологиялық диктант
Ертедегі ағаш тәрізді өкілдері түгелдей жойылып, қазіргі кезде тек ............... түрлері ғана сақталған. Сабағы өте көп ............. .......... .................. тұратындықтан, өсімдікті ........................ деп атаған. Қазіргі кезде кездесетін қырықбуынтектестерге ................. туысы жатады, онда .................. түр бар. Қырықбуындар арамшөп ретінде............., ............. ........ ............... жерлерде, .................., ........ жағасында өседі. Ол ылғалдылығы жоғары қышқыл топырақта кездеседі. Бізге көбірек тараған өкілдерінің бірі –................................... . Қырықбуынның жерүсті өркендері екі түрлі: ................. және.................... . Көктемгі өркендері –............. , ал жаздық өркендері өсу қызметін атқарады. Қырықбуындар плаундар секілді ..........., ............. ......... ....................... жолдармен көбейеді. Қырықбуындардың бірқатар түрлері – улы өсімдіктер. Дала қырықбуыны – дәрілік өсімдік.
буын және буынаралықтарынан; қырықбуын; шөптекті; қырықбуын;
30–35;
далалық қырықбуын;
егістікте;
тың және тыңайған; ормандарда;
су;
көктемгі өркен; жаздық өркен;
көбею;
өсу;
Жауабы:
Ертедегі ағаш тәрізді өкілдері түгелдей жойылып, қазіргі кезде тек шөптекті түрлері ғана сақталған. Сабағы өте көп буын және буынаралықтарынан тұратындықтан, өсімдікті қырықбуын деп атаған. Қазіргі кезде кездесетін қырықбуынтектестерге қырықбуын туысы жатады, онда 30–35 түр бар. Қырықбуындар арамшөп ретінде егістікте, тың және тыңайған жерлерде, ормандарда, су жағасында өседі. Ол ылғалдылығы жоғары қышқыл топырақта кездеседі. Бізге көбірек тараған өкілдерінің бірі – далалық қырықбуын. Қырықбуынның жерүсті өркендері екі түрлі: көктемгі өркен және жаздық өркен. Көктемгі өркендері – көбею, ал жаздық өркендері өсу қызметін атқарады. Қырықбуындар плаундар секілді өсімді, жыныссыз және жынысты жолдармен көбейеді. Қырықбуындардың бірқатар түрлері – улы өсімдіктер. Дала қырықбуыны – дәрілік өсімдік.